Мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 5.
6.2 В Бөлім: «Алгебрлық өрнектер»
Тақырып Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек. Жақшаларды ашу.
Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды
біріктіру. Өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Тепе-теңдік.
Мәтінді есептерді шығару
Оқу мақсаты 6.2.1.1 алгебралық өрнек ұғымын меңгеру;
6.2.1.2 айнымалылардың берілген рационал мәндері үшін
алгебралық өрнектердің мәндерін есептеу;
6.2.1.3 алгебралық өрнектегі айнымалының мүмкін мәндерін
табу;
6.2.1.4 айнымалылардың қандай мәндерінде алгебралық
өрнектің практикалық есептер мәнмәтінінде
мағынасы бар болатынын түсіну;
6.2.1.5 жақшаны ашу ережелерін білу;
6.2.1.6 коэффициент, ұқсас мүшелер ұғымдарының
анықтамаларын білу;
6.2.1.7 алгебралық өрнектерде ұқсас мүшелерді біріктіруді
орындау;
6.2.1.8 тепе-теңдік және тепе-тең түрлендіру анықтамаларын
білу;
6.2.1.9 алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді
орындау;
6.5.2.4 мәтінді есептер шығаруда айнымалысы бар өрнектер
мен формулалар құрастыру;
6.2.1.10 теңдіктерден бір айнымалыны екінші айнымалы
арқылы өрнектеу;
Бағалау критерийі Білім алушы:
- жақшаларды ашу ережесін қолданады;
- ұқсас мүшелерді анықтайды;
- алгебралық өрнектерді ықшамдайды;
- өрнектің мәнін табады;
- мәтінді есептің шартына сәйкес өрнек құрады;
- мәтінді есептерді шығарады.
Ойлау дағдыларыңың деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар:
№1. Өрнекті ықшамдаңыз:
a) .
№2. Алгебралық өрнекпен берілген тепе – теңдікті дәлелдеңіз:
.
№3. Катер 5 сағ ағыспен және 6 сағ ағысқа қарсы жүзді. Егер катердің меншікті жылдамдығы км/сағ, ал өзен ағысының жылдамдығы х км/сағ болса:
a) катердің ағыспен жүрген жолын;
b) катердің ағысқа қарсы жүрген жолын;
c) барлық жолды;
d) ағыспен жүрген жолдың ағысқа қарсы жүрген жолға қарағанда қаншаға көп екенін математикалық модель түрінде көрсетіңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру