Мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар
Мәтінді есептерді шығару
Оқу мақсаттары: 6.2.1.3 алгебралық өрнектегі айнымалының мүмкін мәндерін табу;
6.5.2.4 мәтінді есептер шығаруда айнымалысы бар өрнектер мен формулалар құрастыру;
6.2.1.10 теңдіктерден бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектеу.
Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).
Бағалау критерийі:
Бұл сабақта оқушы:
- теңдіктерден бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектей алады;
- мәтінді есептің шартына сәйкес өрнек құрады
- мәтінді есептерді шығарады
Негізгі ұғымдар, анықтамалар.
Мәтінді есептерді шығарғанда былай істейді:
|
Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.
Топқа бөлу үшін «Молекула, атом» ойыны ұйымдастырылады.
Мұғалім топтық жұмыс пен әр оқушының топта атқаратын рөлі туралы ережені жасап, тиімді топтық қарым-қатынасты ұйымдастырады.
«Жақын арада даму аймағын» анықтау үшін, «БІТ» бойынша Блок-сызбаны толтыру.
«Алгебралық өрнектегі айнымалының мүмкін мәндерін табу», «теңдіктерден бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектеу» тақырыптарына сәйкес БІТ (бірліктерді ірілендіру технологиясы) бойынша өтілген ұғымдарды саралай отырып, оқушылардың ақпараттарды шоғырландыруға үйрету. Оқушылар осы тапсырма бойынша диалог жүргізеді.
Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийі айтылады. Бағалау критерийі оқушылармен таңдалады.
Мұғалім оқу мақсатын айтып, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады
Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады.
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.
Жаңа сабақты түсіну.
Оқушыларға жұпта келесі тапсырманы орындау ұсынылады. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар мәтін есеп мысалында талқылау керек. Оқушылардың әрбір қадамды негіздей білуіне баса назар аудару керек.
Тапсырма 1.
Мысал 1.
Завод күнделікті 5т сүт өндіреді. Табыңыз:
а) р күннің ішінде завод қанша тонна сүт өндіреді?
б) р қандай сан болуы мүмкін? (рационал; бүтін; натурал).
Жауабы: 5р, мұндағы р-натурал сан.
Мысалы 2.
Тіктөртбұрыштың ені 5см, ал ұзындығы р см. Табыңыз:
а) Тіктөртбұрыштың ауданын табыңыз;
б) р қандай сан?
Жауабы: 5р, мұндағы р-кез келген оң сан.
Мысал 3.
Қайық өзен ағысына қарсы жүзіп келеді. Қайықтың меншікті жылдамдығы а км/сағ, ал ағыс жылдамдығы в км/сағ. 2сағ қайық қанша жол жүреді?
Мысал 4.
Қайық өзен ағысымен жүзіп келеді. Қайықтың меншікті жылдамдығы а км/сағ, ал ағыс жылдамдығы b км/сағ. 2сағ қайық қанша жол жүреді?
Жауабы: 2(a+b) км жол жүреді.
- Ойлану: Бұл туралы мен не білемін?
1 минут жеке ойланады, сосын жұбымен есеп шартын талқылайды.
Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.
Жұптық жұмыс.
Тапсырма 2.
Оқушыларға жұпта келесі тапсырманы орындау ұсынылады. Бұл тапсырмалар оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін анықтауға мүмкіндік береді.
- Берік пен Серік бір бағытта жүріп келеді. Берік Серіктен 30 м-ге алда келе жатыр. Беріктің жылдамдығы км/сағ, ал Серіктің жылдамдығы км/сағ. Екеуі қанша уақыттан кейін кездеседі?
Жауабы:
- Ара қашықтығы 110 км болатын айлақтан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі моторлы қайық шықты. Бірінші қайықтың жылдамдығы а км/сағ, ал екінші қайықтың жылдамдығы b км/сағ. Екеуі қанша сағаттан кейін кездеседі?
Жауабы: Жауабы:
- Бірінші жұмысшы 1 сағ станокта жұмыс жасап 16 деталь, ал екінші жұмысшы 20 деталь жасап шығарды. Үшінші жұмысшы 4 сағ-та бірінші жұмысшының а сағ жасаған деталь санымен екінші жұмысшының b сағ жасаған деталь санының қосындысындай деталь жасады. Үшінші жұмысшы 1 сағ қанша деталь жасады?
Шешуі: 1-ші жұмысшы 1 сағ – 16 деталь;
2-ші жұмысшы 1 сағ – 20 деталь;
3-ші жұмысшы 4 сағ – (16a+20b) деталь;
3-ші жұмысшы 1 сағ – = =4a+5b(деталь).
Жауабы: 4a+5b.
- Ұзындығы а см, ені b см, биіктігі с см тікбұрышты параллелепипедтің каркасын жасау үшін қанша сантиметр сым қажет?
Жауабы: 4a+4b+4c сантиметр сым қажет.
- Екі велосипедші бір уақытта бір пункттен қарама-қарсы бағытта жолға шықты. Бірінші велосипедисттің жылдамдығы 10 км/сағ, ал екінші велосипедисттің жылдамдығы одан а км/сағ артық. 1,8 сағ кейін олардың ара қашықтығы қанша км болады?
Жауабы: 180+1,8а км.
- Ара қашықтығы 3200 км болатын А қаласынан В қаласына ұшақ b сағ жетті. Ұшақтың жылдамдығы а км/сағ екенін ескеріп желдің жылдамдығын анықта.
Топтық жұмыс.
Тапсырма 3. Есеп құрастыр:
Оқушыларға топта келесі тапсырманы орындау ұсынылады. Бұл тапсырмада есептің математикалық моделі берілген.Математикалық тілді мәтін есепке айналдыру керек. Бұл ашық сипаттағы тапсырма және оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Бұл оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді.
1.3с=2d
2.c=5d+2
3.2(x-1)=3(y+1)
4.7(x+1)=y
5.m=(3n-4)/7
6.a-3=b+1
Берілген тапсырманы орындау барысында оқушылар есептің әр қадамын
Сұрақтарға жауап:
•Қай жауап, әдіс ең жақсы және неге?
•Топпен «ең дұрыс жауапты» таңдау.
•Топ мүшелері қандай қателіктер жіберді және неге?
Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалайды. Дер кезінде кері байланыс береді.
Сабақты қорытындылау.
- Қандай тапсырмалар қиындық туғызды?
- Неліктен?
- Жұмыста нені ескермедіңіздер?
- Неліктен?
- Нәтижені қалай жақсартуға болады?
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім;
- нені толық түсінбедім;
- немен жұмысты жалғастыру қажет.
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
- Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 6 класс. Часть3.
- Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 7 класс. Часть3.
- Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6, 3-басылым.
- https://infourok.ru/sinip-matematika-algebrali-rnekterdi-mni-tairibina-isa-merzimdi-zhospar-835566.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру