Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 3.
Жұптық жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар
Негізгі деңгей
№1.
- Телевизордың бағасы а тг. Телевизордың бағасы 10%- ке арзандады. Телевизордың бағасыарзандаған соң неше тенге болды?
- Жолаушы s км қашықтыққа барды. Бұл оның барлық жолының 40%- іне тең. Жолаушының барлық жолы неше километр?
№2. Кестені толтырыңыз:
у | -0,7 | 0 | 2,5 | ||
16 – 3у | |||||
16 + 3у |
Дамытушы деңгей
№1. Есепті өрнек құрып шығарыңдар.
Бірінші сан екінші саннан а есе үлкен, ал екінші сан үшінші саннан b есе үлкен. Үш санның қосындысы 171-ге тең. Осы сандарды табыңдар.
Мұндағы a = 2,4, b = 2,5..
№2. Егер m – жұп сан болса:
- m + 1; 2) m + 2; 3) 2m + 1; 4) m(m + 1)
сандардың қайсысы тақ сан болады?
Шығармашылық деңгей
№1. Өрнектердің мәндерін есептеп табыңдар:
1) (а + b)2; a2 + b2; a2 +2ab +b2 мұндағы a = 3, b = -7.
2) (а - b)2; a2 - b2; a2 -2ab +b2 мұндағы a = 2, b = -5.
Мәндері тең өрнектерді теңдік белгісімен жазыңдар.
№2. Қабырғасы а см квадрат пішінді қалың қағаздың бұрыштарынан қабырғасы b см квадраттар қиылып алынып, одан қорапша жасалған (суретте). Қорапша көлемін табыңдар. Мұндағы a = 24, b = 6.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру