Рационал санды шексіз периодты ондық бөлшек түрінде беру. Шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2А Рационал сандарға амалдар қолдану | Мектеп: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Рационал санды шексіз периодты ондық бөлшек түрінде беру. Шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.2.18 шектеулі ондық бөлшектер түрінде жазуға болатын жай бөлшектерді танып білу; 6.1.2.19 рационал санды шектеусіз периодты ондық бөлшек түрінде көрсету; 6.1.2.20 шектеусіз периодты ондық бөлшектің периодын табу; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар - қандай қысқартылмайтын жай бөлшектерді шектеулі ондық бөлшектер түрінде жазуға болатынын білу; - қандай қысқартылмайтын жай бөлшектерді шектеусіз периодты ондық бөлшектер түрінде жазуға болатынын білу; - шектеусіз периодты ондық бөлшектің периодын таба алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Білім алушы:
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Бөлім бойынша лексика және терминология
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Сандық есептеуде жай бөлшекті периодты ондық бөлшекке және керісінше айналдыруда, физика, химия және басқа пәндерде қолдану | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Инженерлік (қарапайым) калькуляторды пайдалану | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | «Жай бөлшектер», «бүтін сандар» ж»не «рационал сандар» ұғымдарын біледі. Рационал сандарды қосу, көбейту және бөлу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0 - 7 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Көңіл күйлерін смайликтер арқылы білу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Үй тапсырмасын тексеру. Бір – бірінің дәптерлерін тексеру Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу үшін тапсырма беру. Тапсырма : Оқушыларды үш-үштен топтарға біріктіріңіз. Әрбір топқа ; ;; ;;;; бөлшектерін ондық бөлшекке айналдырыңыз. Олардың қайсысы шектеулі, қайсысы шектеусіз болатынына қорытынды жасаңыз. | Презентация | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 8 – 17 мин | Жаңа сабақ Мұғалім: Қандай рационал бөлшектер алымын бөліміне бөлгенде шектеулі ондық бөлшектер болады? Кез келген рационал санды ( p – бүтін сан, q – натурал сан) – қысқартылмайтын жай бөлшек түрінде жазуға болады. Қысқартылмайтын жай бөлшек түрінде жазылған рационал санды ондық бөлшек түрінде жазу үшін, оның алымын бөліміне бұрыштап бөлу керек. І жағдай. қысқартылмайтын жай бөлшектің бөлімінің жай көбейткіштерге жіктелуінде 2 мен 5-тен басқа жай көбейткіштер болмайды. Мысалы: жай бөлшегіндегі , . Демек . Ондық таңбаларының саны шектеулі ондық бөлшектер шектеулі ондық бөлшектер деп аталады. ІІ жағдай. қысқартылмайтын жай бөлшектің бөлімінің жай көбейткіштерге жіктелуінде 2 мен 5-тен басқа жай көбейткіштер болады. Мысалы: ;
бөлшектері – шектеусіз периодты ондық бөлшектер немесе периодты ондық бөлшектер деп аталады. Периодты ондық бөлшектегі үтірден кейінгі шектеусіз қайталанатын бір цифр немесе цифрлар тобы период деп аталады. 0,222...=0,(2). Оқылуы: 0 бүтін периодта 2; 0,8333...=0,8(3).Оқылуы: 0 бүтін оннан 8 периодта 3 Периодты ондық бөлшектер таза периодты ондық бөлшектер және аралас периодты ондық бөлшектер болып бөлінеді. Егер периодты ондық бөлшектің периоды үтірден кейін басталса, оны таза периодты ондық бөлшек деп атайды. Мысалы, Егер периодты ондық бөлшектің периоды үтірі мен бірінші периодының аралығында бір немесе бірнеше қайталанатын цифрлар тобы болса, оны аралас периодты ондық бөлшек деп атайды. Мысалы, Мұғалім: - Бөлімінің жіктелуінде 2 мен 5-тен өзге жай көбейткіштері болмайтын қысқартылмайтын жай бөлшекті шектеулі ондық бөлшек түрінде болады» деген сөйлемді қалай түсінесіздер? Осындай шартты қанағаттандыратын бөлшектерге мысалдар келтіріңіз. Сол мысалдарын жай бөлшектен ондық бөлшекке айналдыруын сұраңыз. Жұмыстарын салыстырып қорытынды жасаңыздар және шектеулі болуының шартын есептер шығаруда қолдануын сұраңыз. | Презентация Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
18 – 27 мин | Жалпы сыныппен жұмыс Оқулық бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындау. А деңгейі №602. Периодты ондық бөлшектердің периодтарын жақшаға алып жазыңдар: 1)0,82323... 2) 2,333... 3) 0,91777... 4) -6, 666... 5) -0,0101... 6) -4,037037... . №603. Периодты ондық бөлшектердің ішінен таза периодты ондық бөлшектерді бір жолға, аралас периодты ондық ондық бөлшектерді бір жолға теріп жазыңдар: -3,3333...; 9,42828...; -0,21333...; 12,3232; 0,2727...; -2,0303...; 5,6222...; -4,0111... . В деңгейі №614. Рационал сандарды периодты ондық бөлшек түрінде жазыңдар: №618. Амалдарды орындап, нәтижесін периодты ондық бөлшек түрінде жазыңдар:
С деңгейі №627.(1-2) Амалдарды орындап, нәтижесін периодты ондық бөлшек түрінде жазыңдар:
| Қосымша 1 Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
28 – 29 мин | Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі. Қарлығашқа ұқсайық, Қане қанат қағайық. Қарлығаш боп ұшайық, Ұшып, ұшып қонайық. Аққу болып ұшамыз, Көлге келіп қонамыз. Көлдің бетін құшамыз, Қайта самғап ұшамыз. Қане, балалар, тұрайық, Мойнымызды әрлі-берлі бұрайық. Қомдап алып, қанатыңды ұша ғой, Қайта оралып, анашыңды құша ғой. | Презентация | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
30 – 37 мин | Жұптық жұмыс №1. Жай бөлшекті периодымен сәйкестендіріңіз.
№2. Рационал сандарды қысқартылмайтын жай бөлшек түрінде жазыңыз. Қайсысы шектеулі ондық бөлшектер, қайсысы шектеусіз екенін бөлімінің жіктелуіне қарап анықтаңыз:
| Қосымша 2 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38 - 40 мин | Үй тапсырмасы: №605, №606 Рефлексия. 1. Сабақтың мақсаты қандай болды? 2. Мен мақсатқа жеттім бе? 3. Мен не білдім? 4. Мен нені үйрендім? 5. Мен нені түсінбедім? 6. Мен не бойынша әлі де жұмыс істеуім керек? | Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011. 139 бет | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Топтық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Жеке жұмыс жасау барысында әр түрлі деңгейлі тапсырмаларды орындау | Сабақтың әр бөлімінде оқушылардың жасаған жұмыстарына мадақтау сөздер айту. Бағалау критерийі бойынша жұптар бірін-бірі бағалайды. Сабақ соңында оқушылар өздерінің жеткен жетістіктері жайлы өзін – өзі бағалайды. | Тапсырмалар арасында «көзге жаттығу» жасату. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру