Шектеусіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Математика, 6 сынып, презентация.
Сабақ мақсаты:
6.1.2.21
шектеусіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру.
- шексіз периодтты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру тәсілдерін қолдана алады;
- рационал сандарға амалдар қолдана алады.
1 тәсіл
Таза және аралас периодтық ондық бөлшектерді жай бөлшекке айналдыруды қарастырайық.
а) 0,(13) санын бөлшекке айналдырайық.
х = 0,(13) = 0,1313... болсын
Таза периодты х бөлшекті үтір тура бір периодқа оңға жылжитындай бір санға көбейтейік.
Периодта екі цифр болғандықтан, үтірді екі санға оңға жылжыту керек, ол үшін х санын 100 ге көбейту керек.
Онда 100х = 0,1313...·100 = 13,1313...= 13,(13).
Енді 100х-тен х-ті азайтсақ:
100х – х = 13,(13) - 0,(13);
99x = 13;
х =
б) Мына санды жай бөлшекке айналдырайық х = 0,2(54).
Таза периодты бөлшек шығатындай етіп үтірді ауыстырамыз.
Ол үшін х-ті 10-ға көбейтеміз,
10х = 2,(54) шығады.
Таза периодты бөлшекті алдыңғы мысалда
қарастырғандай жай бөлшекке айналдырамыз.
Мысалы: 10х=2,(54) *100;
1000x=254,(54);
1000x-10x=254,(54)-2,(54);
990x=252; x=
x
2 тәсіл
Шексіз периодты бөлшекті жай бөлшекке айналдыру үшін бөлшектердің шексіз периодты бөлшек түрінде жазылуын пайдалану керек:
Таза периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру үшін берілен периодты ондық бөлшектің бөлшекті бөлігін көбейткіштердің бірі: 0,(1); 0,(01); 0,(001); және т.б. болатын көбейтінді түрінде жазу керек.
2 тәсіл
1) 3,1(73)
2) 0,2(1)
3) 5,2(19)
4) 0,(13)
5) 7,2(54)
6) 2,11(7)
7) 1,(36)
8) 0,2(7)
9) 5,(4)
10) 1,2(3)
Ұнатқан әдіспен жай бөлшекке айналдыр:
Үй тапсырмасы
Рефлексия
1. Нені үйрендім?
2. Нені білгім келеді?
3. Нені түсінбедім?
Сабақ аяқталды!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру