Таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Рационал сандар

Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Мұғалім:

Сабақ тақырыбы

Таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосу

Сабақ мақсаттары

Оқушылар таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосуды үйренеді, координаталық түзуде нүктелердің координатасын табады

Тілдік мақсат

Оқушылар:

- тараудың терминдері мен түсініктеріне сүйенеді;

Пәнге тән лексика мен терминология:

Рационал сандар, координаталық түзу, қосылғыш, қосындының мәні

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгеру

Бағалау критерийі

Оқушы

  • Таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосуға есептер шығарады;
  • Координаталық түзудегі нүктелерді белгілейді

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік. Құрмет.

Бастапқы білім

Оң сандар және теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар. Рационал сандар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

(5-минут)

Сабақтың басталуы(3 мин)

Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Алдыңғы жоспардағы үй жұмысын тексеру, қиын деңгейін талдау.

Жұпқа бөлу (1 мин)

Сабақтың сабақ тақырыптары мен мақсаттарын тұжырымдау және жазу (1 мин)

Сабақ тақырыбы: Таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосу.

Сабақтың мақсаты: Оқушылар таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосуды үйренеді, координаталық түзуде нүктелердің координатасын табады (слайд 1)

Сабақтың басы

Жаңа білімді меңгеру

(10-минут)

Білім жаңғырту (10 мин)

  • Сұрақ:
  • 1. Оң сан деген не? Теріс сан деп
  • Қандай санды айтамыз?
  • 2. Оң сандар мен теріс сандар координаталық түзуде қалай кескінделеді?
  • 3.Оң сандар мен теріс сандарды қалай салыстырамыз?

Оқушылардың өздері жауабын ұсынады.

  • Барлық оң сандарды, барлық теріс сандарды жаз:
  • - 6; 8,1; - 10,5; 37; - 88,89; - 0,097; 674; 45,8; -0,42
  • Өсу ретімен орналастыр

Оқушы тапсырманы жеке орындайды Тапсырманы орындап болған соң слайдтағы дайын жауабымен бір – бірін тексереді.

Таңбалары әр түрлі теріс сандарды қосуЕсеп. Таңертең ауаның температурасы -3С болды, ал түсте +4С-қа өзгерді (4С – қа жоғарылады). Түсте ауа температурасы неше градус болды?Ойлан…

Оқушылардың өздері шығаруға мүмкіндік беріңіз. Жауабың негіздеуді сұраған жөн. Слайдтағы дайын жауабымен тексереді.

Таңбалары әр түрлі, екі санды қосу үшін:

  • Үлкен модульден кіші модульді азайту керек;
  • Шыққан санның алдына модулі үлкен қосылғыштың

Таңбасын қою керек.

Мысалы: 1) 9+(-5)=9-5=4

2) (-10)+7=-3

Қарама – қарсы сандардың қосындысы 0 – ге тең.

а+(-а)=0

Мысалы: (-14,9)+(+14,9)=0

презентация

Сабақтың ортасы

Сабақты бекіту

10 минут

Өтілген тақырыпты есептерді шығару арқылы бекіту.

Жұптық жұмыс (10 мин)

Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.

Тапсырма 1.

Қосуды орындаңыз (ауызша):

  • 18+(-9)
  • (-21)+14
  • (-31)+53
  • 32+(-21)
  • 45+(-45)
  • 0+(-31)
  • (-17)+20
  • (-70)+10
  • (-25)+30

Тапсырма 2

Есептеңіз:

  • (-1,3)+2,5
  • (-4,6)+1,9
  • 5,1+(-10)
  • 5,8+(-8)
  • 4,5+(-2,8)
  • 2,1+(-5)

Тапсырма 3

Есептеңіз:

Тапсырма 4.

Координаталық түзуде А(5) және В(-4) нүктелерін белгілеңдер:

  • С нүктесі А нүктесінен солға қарай (теріс бағытта) 8 бірлік кесіндіге тең қашықтықта жатыр. С нүктесінің координатасын табыңдар.
  • D нүктесі В нүктесінен оңға қарай (оң бағытта) 6 бірлік кесіндіге тең қашықтықта жатыр. D нүктесінің координатасын табыңдар.

Жеке жұмыс (10 мин)

1 тапсырма. Кестені толтырыңдар

a

0,35

96

-81,7

-46,8

b

-0,35

-18

6

51

a+b

2 тапсырма. Қосуды орындаңдар

  • -3+(-5)+(-7)+2
  • 17+(-2)+(-9)+5+(-7)+9
  • -8,3+5,6
  • -9,7+14,3
  • -9+0,9
  • 14+(-15,91)

Презентациядағы дайын жауаптар бойынша өзін-өзі тексеріп, дескриптор боынша өзін бағалайды.

Мысалы:

  • егер барлық жұмыс дұрыс орындалса, «өте жақсы»,
  • егер жауаптары дұрыс, кейбір түсіндірмелер қиындық тудырса «жақсы»,
  • егер барлық жұмыстың 70-ы дұрыс болса, онда «тәжірибе қажет»
  • егер барлық жұмыстың 70-нан азы дұрыс болса, онда «көмек қажет» деп бағалауға болады.

Бағалау критерийі

Дескриптор

-таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосады;

Әр түрлі таңбалы рационал сандарды қосады

Жақшаны ашады

Координаталық түзуде нүктенің координатасын табады

Сабақтың соңы

5-минут

Сабақты қорытындылау:

  • Қандай тапсырмалар қиындық туғызды?
  • Неліктен?
  • Жұмыста нені ескермедіңіздер?
  • Неліктен?
  • Нәтижені қалай жақсартуға болады?

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

1.Нені үйрендім?

2.Нені білгім келеді?

3.Нені түсінбедім?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды.

Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді.

Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.

Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау .

Жұптар бір-бірін бағалайды , яғни өзара бағалау болады және өзін-өзі бағалайды.

Сабақты бекіту кезеңінің алдында слайдқа қарағандықтан «көз жаттығуын» жасатамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу