Координаталық түзу көмегімен бүтін сандарды қосу және азайту. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Сандарға амалдар қолдану

Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ

Мұғалім:

Сабақ тақырыбы

Координаталық түзу көмегімен бүтін сандарды қосу және азайту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.2.10 Бүтін сандарды координаталық түзу көмегімен қосу және азайтуды орындау;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар координаталық түзудің көмегімен бүтін сандарды қосады және азайтады.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді қолдану және бекіту.

Бағалау критерийі

1. Координаталық түзуде санды белгілей алады;

2. Координаталық түзуді пайдаланып сандарды қосу және азайту ережесін біледі және пайдаланады

Тілдікмақсаттар

Тілдік мақсат

- координаталық түзудің көмегімен бүтін сандарға амалдар қолдану ережесін түсінеді және түсіндіреді;

- пәндік лексиканы, терминологияны, символиканы сауатты қолданады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

-координаталық түзу, санақ басы, координаталық түзудің оң бағыты, теріс бағыты;

-оң сандар, теріс сандар, қарама-қарсы сандар, санның модулі.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Бір ғана нүкте сәйкес келеді, А нүктесімен кескіндейміз, оңға (солға) қарай 4 бірлік кесіндіге жылжытамыз, үлкен сан сол жақта және кіші сан оң жақта кескінделеді.

Құндылықтарды дарыту

Тапсырмаларды жұпта орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру

Бастапқы білім

Координаталық түзу, рационал сандар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

(2-минут)

Оқушылармен сәлемдесу; Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды жұптастырып отырғызу.

Сабақтың мақсатын анықтау

5-минут

Алдыңғы өткен сабақ мақсатын еске түсіріп, сұрақтар қою арқылы бүгінгі сабақтың мақсатын ашамыз (Слайд 1):

1. Координаталық түзу дегеніміз не?

2. Координаталық түзуде оң сандар қай бағытта кескінделеді?

3. Координаталық түзуде теріс сандар қай бағытта кескінделеді?

4. Координаталық түзуде сандарды қалай кескіндейміз?

5. Координаталық түзуде бүтін сандарды қалай салыстырамыз?

6. Термометрді координаталық түзу ретінде пайдалана аламыз ба? Неліктен? Термометрдің оң бағыты қалай қарайды?

(Слайд 2)

Келесі тапсырманы ауызша шешуге ұсыну:

Тапсырма 1. Таңертең ауа температурасы 8° болды, ал түсте 3°-қа өзгерді (3°-қа жоғарылады). Түсте ауаның температурасы неше градус болды?

Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай болады деп ойлайсыздар?қушылар өз ойларын айтады).

Оқушылардың жауаптарын қорыта келе сабақ мақсатымен таныстыру.

Сабақтың мақсаты: координаталық түзудің көмегімен бүтін сандарды қосу және азайту. (Слайд 3)

Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлерін айтып өту (Слайд 4):

1. Координаталық түзуде санды белгілей алады;

2. Координаталық түзуді пайдаланып сандарды қосу және азайту ережесін біледі және пайдаланады.

Презентация

Сабақтың ортасы

5 минут

5 мин

20 мин

Тапсырма 1 қайта оралайық (Слайд 5). Оқушыларды ойландыру мақсатында жұппен талқылауға тапсырма беру

(5 мин):

Тапсырма 1. Таңертең ауа температурасы 8° болды, ал түсте 3°-қа өзгерді (3°-қа жоғарылады). Түсте ауаның температурасы неше градус болды?

1. Қалай есептеп таптыңыздар?

2. Есепті координаталық түзуде шешіп көрсетер болсақ қалай болар еді?

3. Ал егер есептің шартында бастапқыдағы температура -3°-қа өзгерсе ше? Бұл жағдайда есепті қарай шығарамыз?

4. Бұл жағдайда есепті координаталық түзу көмегімен қалай шығарамыз?

5. Координаталық түзуде берілген санға оң және теріс сандарды қосу алгоритмін құрыңыздар.

Оқушыларға берілген тапсырма бойынша фронтальді жұмыс жүргізу. Оқушылардың жауаптарын талқылау және қорытындылау арқылы жаңа сабақтың мазмұнын ашу.

Координаталық түзуде 8 санын А нүктесімен кескіндейік. 8 санына 3 санын қосу үшін А нүктесін оңға қарай 3 бірлік кесіндіге жылжытамыз. Сонда қосынды В нүктесің координатасына тең болады, В(11). Яғни 8+3=11. (Слайд 6)

Координаталық түзуде 8 санын А нүктесімен кескіндейік. 8 санына -3 санын қосу үшін А нүктесін солға қарай 3 бірлік кесіндіге жылжытамыз. Сонда қосынды В нүктесің координатасына тең болады, В(5). Яғни 8+(-3)=5. (Слайд 7)

Осы жерде оқушыларда түсінбеушілік тудырмау үшін азайтындыны қосынды түрінде жазуға болатынын түсіндіру, мысал келтіру (Слайд 8):

а +(- в) = а - в

Мысалы: 8-3=8+(-3)

9-6=9+(-6)

-5-7=-5+(-7)

-11-4=-11+(-4)

Берілген тапсырма бойынша оқушылар қандай ереже құрғандарын айтып өтеді және оқушылардың берген дұрыс жауаптарының негізінде координаталық түзудің көмегімен сандарды қосу алгоритмін құрамыз.

Координаталық түзуде а санына оң в санын қосу ережесі:

1. А(а) нүктесін белгілейміз;

2. Осы нүктені оңға қарай в бірлік кесіндіге жылжытамыз;

3. Табылған нүктені В деп белгілейміз және қосынды осы нүктенің координатына тең.

Координаталық түзуде а санына теріс в санын қосу ережесі:

1. А(а) нүктесін белгілейміз;

2. Осы нүктені солға қарай в бірлік кесіндіге жылжытамыз;

3. Табылған нүктені В деп белгілейміз және айырма осы нүктенің координатына тең.

Осы жұмыстың қорытындысы ретінде мұғалім азайтындыны қосынды түрінде жазуға болатынын ескере отырып айтылып өткен екі ережені біріктіріп координаталық түзінің көмегімен сандарды қосу үшін келесі алгоритмді ұсыну (Слайд 9):

Координаталық түзуде бүтін а санына бүтін в санын қосу ережесі:

1. А(а) нүктесін белгілейміз;

2. Осы нүктені

- в оң болған жағдайда оңға қарай в бірлік кесіндіге;

- в теріс болған жағдайда солға қарай в бірлік кесіндіге жылжытамыз;

3. Табылған нүктені В деп белгілейміз және қосынды осы нүктенің координатына тең.

Тақырып бойынша жұптық жұмыс.

Жұптық жұмыс нәтижесінде сандарды координаталық түзуде қосуға және азайтуға байланысты бірнеше қорытынды жасайтындарын ескертіп айту. Оқушылардың қателесуінің алдын алу үшін есеп мәтініне назар аударту. (қажет болған жағдайда мұғалім оқушыларға бағыт береді. Есептерге ұсынылған дискриптор:

1. Координаталық түзуді пайдаланып бүтін сандарды қосу ережесін біледі;

2. Координаталық түзуде санды белгілей алады;

3. Координаталық түзуді пайдаланып сандарды дұрыс қосады.

№1. Қосу амалы арқылы жаз:

1.А(5) нүктесі солға қарай 4 бірлік кесіндіге жылжыды.

2.В(-6) нүктесі оңға қарай 2 бірлік кесіндіге жылжыды.

3.С(-9) нүктесі солға қарай 4 бірлік кесіндіге жылжыды.

4. D(7) нүктесі оңға қарай 3 бірлік кесіндіге жылжыды.

№2. а) Келесі сандарды координаталық түзуде қосыңыз;

ә) Бірінші қосылғыш пен қосындыны салыстырыңыз.

1) 6 және 3;

2) 2 және 5;

3) -2 және 5;

4) -4 және -3;

5) 6 және 0;

6) -5 және 0;

7) -3 және 3;

8) 1 және -1.

Қандай қорытындыға келдіңіздер? Сөйлемді аяқтаңыз:

1) Кез келген санға оң санды қоссақ ...

2) Кез келген санға теріс санды қоссақ ...

3) Кез келген санға нөлді қоссақ ...

4) Қарама-қарсы сандарды қоссақ ...

№1 және №2 есептер нәтижелерін оқушылар Слайд 10, 11 арқылы өз-өздерін тексереді. Қорытындылар талқыланады (Слайд 12).

Келесі есеп нәтижелерін оқушылар бірін-бірі тақтада жазып қойылған нәтижелер бойынша тексереді. Бұл тапсырмаларды орындау үшін тақтаға оқушы шығаруға болады.

№3. Теңіз деңгейінен -24 метрдегі ойпаттан тереңдігі 74 метр шахта қазылған. Шахта түбіндегі зат теңіз деңгейінен неше метр тереңдікте жатады?

№4. Сүңгуір қайық -310 м тереңдікте жүзіп жүріп, жүзу деңгейін +36 метрге өзгертті. Сүңгуір қайық қандай тереңдікте жүзді?

Қосымша тапсырмалар:

№5. Координаталық түзуде а және а+1 сандары кескінделген. Осы түзуде а+3, а+(-4), а-2, а-7 сандарын кескіндеңіз.

№6. Тауар бағасы 1500 теңгеге арзандатылды. Тауардың алғашқыдағы бағасы х болса, арзандатылғаннан кейінгі бағасы неше теңге болды?

Сабақ барысында қажет болған жағдайда жекелеген оқушыларға қосымша есептер ұсынуға болады (Қосымша 3)

Қосымша 1

Қолданылған әдебиет:

1. «Математика» оқулығы 6 сынып, Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, Е.С.Байшоланов, А. «Атамұра» 2015

2. «Математика» оқулығы 6 сынып, Виленкин

Қосымша 2

Қосымша 2

Сабақтың соңы

3-минут

Сабақты қорытындылау:

Өтілген мақсат бойынша сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылаймын.

1.Сабақтың мақсаты қандай болды?

2.Сабақтың мақсатына жету үшін нені білу керек?

3.Нені түсінбедіңдер?

Сабақ соңында оқушылардан рефлексия алу:

- тақырып бойынша не білемін?

- тағы не білгім келеді?

- не істей аламын?

Үйге тапсырма: №5, 6; тақырыпқа байланысты өмірде кездесетін жағдаяттарды пайдаланып 2 есеп құрастырып келу

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптық жұмыс кезінде өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында тапсырманы орындау жолдарын бақылап үйренеді.

Оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалаймын. Оқушылар өз-өздерін бағалайды және бағалау критерийі бойынша жұптар бірін-бірі және бағалайды.

Сабақты бекіту кезеңінің алдында слайдқа қарағандықтан «көз жаттығуын» жасатамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша 1

Оқу мақсаты: 6.1.2.10 Бүтін сандарды координаталық түзу көмегімен қосу және азайтуды орындау;

Бағалау критерийі:

1. Координаталық түзуде санды белгілей алады;

2. Координаталық түзуді пайдаланып сандарды қосу және азайту ережесін біледі және пайдаланады

Жұппен талқылап келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:

Тапсырма 1. Таңертең ауа температурасы 8° болды, ал түсте 3°-қа өзгерді (3°-қа жоғарылады). Түсте ауаның температурасы неше градус болды?

1. Қалай есептеп таптыңыздар?

2. Есепті координаталық түзуде шешіп көрсетер болсақ қалай болар еді?

3. Ал егер есептің шартында бастапқыдағы температура -3°-қа өзгерсе ше? Бұл жағдайда есепті қарай шығарамыз?

4. Бұл жағдайда есепті координаталық түзу көмегімен қалай шығарамыз?

5. Координаталық түзуде берілген санға оң және теріс сандарды қосу алгоритмін құрыңыздар:

Координаталық түзуде а санына оң в санын қосу ережесі:

1.

2.

3.

Координаталық түзуде а санына оң в санын қосу ережесі:

1.

2.

3.

Қосымша 2

Тақырыпқа байланысты есептер

Дискриптор:

1. Координаталық түзуді пайдаланып бүтін сандарды қосу ережесін біледі;

2. Координаталық түзуде санды белгілей алады;

3. Координаталық түзуді пайдаланып сандарды дұрыс қосады.

№1. Қосу амалы арқылы жаз:

1.А(5) нүктесі солға қарай 4 бірлік кесіндіге жылжыды.

2.В(-6) нүктесі оңға қарай 2 бірлік кесіндіге жылжыды.

3.С(-9) нүктесі солға қарай 4 бірлік кесіндіге жылжыды.

4. D(7) нүктесі оңға қарай 3 бірлік кесіндіге жылжыды.

№2. а) Келесі сандарды координаталық түзуде қосыңыз;

ә) Бірінші қосылғыш пен қосындыны салыстырыңыз:

1) 6 және 3;

_______________

2) 2 және 5;

_______________

3) -2 және 5;

_______________

4) -4 және -3;

_______________

5) 6 және 0;

_______________

6) -5 және 0;

_______________

7) -3 және 3;

_______________

8) 1 және -1.

_______________

Қандай қорытындыға келдіңіздер? Сөйлемді аяқтаңыз:

1) Кез келген санға оң санды қоссақ ____________________________________________________

2) Кез келген санға теріс санды қоссақ ____________________________________________________

3) Кез келген санға нөлді қоссақ ____________________________________________________

4) Қарама-қарсы сандарды қоссақ ____________________________________________________

№3. Теңіз деңгейінен -24 метрдегі ойпаттан тереңдігі 74 метр шахта қазылған. Шахта түбіндегі зат теңіз деңгейінен неше метр тереңдікте жатады?

№4. Сүңгуір қайық -310 м тереңдікте жүзіп жүріп, жүзу деңгейін +36 метрге өзгертті. Сүңгуір қайық қандай тереңдікте жүзді?

№5. Координаталық түзуде а және а+1 сандары кескінделген. Осы түзуде а+3, а+(-4), а-2, а-7 сандарын кескіндеңіз.

Қосымша 3

Тақырып бойынша қосымша есептер

№1. Келесі сандарды координаталық түзуде қосыңыз;

1) 5 және 4;

2) 3 және 7;

3) -4 және 5;

4) -4 және -4;

5) 2 және 0;

6) 0 және 6;

7) -7 және 3;

8) 5 және -5.

№2. -50,5 және 50,5 сандарының арасында неше бүтін сан орналасқан?

№3. Жердің солтүстік жарты шарындағы Оймякон елді мекенінде ең төменгі температура -71°С болды. Бірақ «Восток» станциясындағы полярлық зерттеулер нәтижесінде Жер шарындағы ең төменгі температура одан да 18°С-қа төмен екендігі анықталды. «Восток» станциясының зерттеуі бойынша анықталған Жер шарындағы ең төменгі температура неше градус?

№4.Арна суының тереңдігі 7 м болатын. Осы арнадан егістік алқапты суаруға байланысты арна суының деңгейі -0,8 метрге өзгерді. Анна суының тереңдігі енді неше метр болды?

№5. Тауар бағасы 2000 теңгеге арзандатылды. Тауардың алғашқыдағы бағасы а болса, арзандатылғаннан кейінгі бағасы неше теңге болды? 3500 теңгеге қымбаттаған болса ше?

№6. Координаталық түзуде А нүктесіне а+4 саны және В нүктесіне а+(-4) саны сәйкес келеді. АВ кесіндісінің ортасына қандай нүкте сәйкес келеді.

№7. а) —а; б) —(—а) өрнегі оң, теріс немесе нөлге тең бола алады ма?

№8. Қандай сандар

а) 7 санынан 4 бірлікке;

ә) -5 санынан 6 бірлікке;

б) -2 санынан 3 бірлікке қашық орналасқан?

№9. Бос орындарды толтырыңыз:

6+ ?=5 -4+ ? = -1 -2+?=-5  -3+?=-7 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу