Координаталық түзу көмегімен бүтін сандарды қосу және азайту. Математика, 6 сынып, презентация.


Координаталық түзу дегеніміз не?

Координаталық түзуде оң сандар қай бағытта кескінделеді?

Координаталық түзуде теріс сандар қай бағытта кескінделеді?

Координаталық түзуде сандарды қалай кескіндейміз?

Координаталық түзуде бүтін сандарды қалай салыстырамыз?

Термометрді координаталық түзу ретінде пайдалана аламыз ба? Неліктен? Термометрдің оң бағыты қалай қарайды?

Оқу мақсаты:

6.1.2.10 Бүтін сандарды координаталық түзу көмегімен қосу және азайтуды орындау;

Бағалау критерийі:

1. Координаталық түзуде санды белгілей алады;

2. Координаталық түзудің көмегімен сандарды қосу және азайту ережелерін біледі және қолданады

2

Шешу жолы:

Координаталық түзуде 8 санын А нүктесімен кескіндейік. 8 санына 3 санын қосу үшін А нүктесін оңға қарай 3 бірлік кесіндіге жылжытамыз. Сонда қосынды В нүктесің координатасына тең болады, В(11). Яғни 8+3=11.

Тапсырма 1. Таңертең ауа температурасы 8° болды, ал түсте 3°-қа өзгерді (3°-қа жоғарылады). Түсте ауаның температурасы неше градус болды?

Шешу жолы:

Координаталық түзуде 8 санын А нүктесімен кескіндейік. 8 санына -3 санын қосу үшін А нүктесін солға қарай 3 бірлік кесіндіге жылжытамыз. Сонда қосынды В нүктесің координатасына тең болады, В(5). Яғни 8+(-3)=5.

Тапсырма 2. Таңертең ауа температурасы 8° болды, ал түсте -3°-қа өзгерді (3°-қа төмендеді). Түсте ауаның температурасы неше градус болды?

а - в =а +(- в)

Мысалы: 8-3=8+(-3);

9-6 =9+(-6);

-5-7 = -5+(-7);

-11-4 = -11+(-4)

Координаталық түзуде бүтін а санына бүтін в санын қосу ережесі:

1. А(а) нүктесін белгілейміз;

2. Осы нүктені

- в оң болған жағдайда оңға қарай в бірлік кесіндіге;

- в теріс болған жағдайда солға қарай в бірлік кесіндіге жылжытамыз;

3. Табылған нүктені В деп белгілейміз және қосынды осы нүктенің координатына тең.

Қандай қорытындыға келдіңіздер?

1) Кез келген санға оң санды қоссақ , бастапқыдағы

сан артады

2) Кез келген санға теріс санды қоссақ , бастапқыдағы сан кемиді

3) Кез келген санға нөлді қосқаннан немесе азайтқаннан бастапқыдағы сан өзгермейді

4) Қарама-қарсы сандарды қоссақ, қосынды 0-ге тең болады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу