Теріс сандарды қосу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ

Мектеп: ФМБ НИШ Тараз қаласы

Күні:

Мұғалім: Шанауов Р.А.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1В Рационал сандарға амалдар қолдану

Сабақ тақырыбы: Теріс сандарды қосу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.13 таңбалары бірдей және әр түрлі рационал сандарды қосуды орындау;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Теріс сандарды қосу ережесімен танысады және теріс сандарға амалдар қолдану дағдыларын қалыптастырады

Бағалау критерийлері

Оқушылар осы мақсатқа жетеді, егер

- координаталық түзуде теріс сандарды қосуды бейнелей алса;

- теріс сандарды қосуды дұрыс жазса және оқыса.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

– берілген тараудағы математикалық терминологияларды біледі;

– теріс сандарды қосу ережелерін қалыптастырады;

– рационал сандары қосып азайтуды түсіндіреді;

– абсолют шамадағы санның мағынасын түсіндерді;

– координаталық түзуде берілген түзудің ұзындығын табу.

Берілген терминдерді қолданады:

– оң сан;

– теріс сан;

– бүтін сан;

– қарама-қарсы сандар;

– рационал сан;

– бүтін сандардың жиынтығы;

– рационал сандардың жиынтығы;

– координаталық түзу;

– санақ басы;

– бірлік кесінді;

– оң бағыт;

– координаталық нүкте;

– санның модулі;

– координаталық түзудегі кесінді ұзындығы

Берілген ұғымдарды қолданады:

а санының модулін …;

– координаталық түзуді үлкен(кіші) сандардың белгіленуі…;

– екі теріс санның үлкені, …;

А(-3) жазылуын: «координаталық түзуде А нүктесі -3 санында белгіленеді»;

С(2,6) жазылуын: «Координаталық нүкте С екі бүтін оннан алтыға тең»;

– (–12) саны (–21) санынан үлкен, өйткені координаталық түзуде …;

– 3 саны 7,52 санынан кіші, өйткені координаталық түзуде …;

– |5| жазылуы: «5 санының модулі»;

– |ab| жазылуы: « а және b сандарының айырмасының модулі»;

– |a|+|b| жазылуы: « а және b сандарының модулінің қосындысы»;

– таңбалары бірдей сандарды қосу үшін, …;

– таңбалары қарама-қарсы сандарды қосу үшін …

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық пен бірін-бірі құрметтеу құндылықтарын жұппен жұмыс орындау барысында дарыту;

Пәнаралық байланыс

Практикалық тапсырмалары бар есептерді шығару кезінде пәнаралық байланысты қолдану

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ тақырыбына байланысты құрастырылған презентация

Бастапқы білім

Координаталық сәуле ұғымы, сандарды координаталық түзуде белгілеуі. Қарама-қарсы сандар, санның модулі, сандарды салыстыру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы.

Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)

а) сәлемдесу, оқушыларды түгендеу;

б) үй жұмысын тексеру:

теорияны оқыту;

ресурстағы №№ 2-4 есептер (тақ пункттері)

в) сабақ жоспарымен таныстыру;

Оқулық Алдамуратова

Математика 6 сынып

Теориялық материалды тексеру (3 мин)

г) өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру;

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп болғаннан соң, көршілерімен дәптерлерімен алмасады. Жауаптарының дұрыс әлде бұрыс екендерін тақтада шыққан жауаптармен сәйкестендіріп белгілейді.

Презентация

Сабақ мақсатын қою (2 мин)

д) Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстырып оқушылардан оқу мақсатына жету үшін сабақ мақсаты мен жетістік критерийін құруларын сұрайды.

Презентация

«Миға шабуыл»

(3 мин)

е) Мұғалім оқушыларға мәлесе есеп ұсынады.

Осылайша оқушыларға қарыздар қосылатынын және оларды теріс сан арқылы өрнектеуге болатынын көрсетеді.

Презентация

Жаңа сабақты түсіндіру

(10 мин)

ж) Мұғалім оқушыларға мысалда теріс сандарды қосу амалын түсіндіреді.

Теріс сандарды қосу ережесін жаздырады.

Оқушылардың назарын теріс сандарды қосуды дұрыс оқуға және жазуға аударады

з) Мұғалім теріс сандардың қосыындысы – теріс сан екенін түсіндіреді.

.

МАҢЫЗДЫ!!!

жұмыс жасау барысында оқушылармен сергіту жаттығуын жасау қажет.

Презентация

Сабақты толық қайталап шығу

(15 мин)

Сабақта өткен тақырыпты қайталау үшін мұғалім презентациядан ауызша және практикалық есептерді орындату арқылы жұмыс жүргізеді

Дескриптор

Оқушы

Теріс рационал сандарды қосады

Таңбалары бірдей теріс сандарды қосады

Жақшаны ашады

Қосудың қасиеттерін пайдаланады

Презентация

Сабақ соңы

Қорытынды

(5 мин)

л) Рефлексия (Reflection) – оқушылардың мақсатқа жетуі.

м) Мұғалім сабаққа қорытынды жасайды. Үй тапсырмасы:

анықтамаларды оқу;

№№ 2-4 (тақ пукттері)

Оқулық Алдамуратова

Математика 6 сынып

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұпта оқушылар «жоғары-төмен» схемасы бойынша отырыды. Бұл схема төмен деңгейдегі оқушы өзінің деңгейін көтере алады, ал жоғары деңгейдегі оқушы білімін одан әрі дамытуға көмектеседі

1. Оқушылардың жаңа тақырып бойынша кездескен терминологияларды түсінуі;

2. жұппен жұмыс барысында бірін-бірі бағалау жүреді;

3. сабақ соңында оқушылардан ауызша рефлексия алынады.

4. тақтаға шыққан оқушының жазбасын тексеру өзін-өзі бағалау және мұғалімнің бағалауы)

Жаңа қадамдарға ауысқан кезде «көзге арналға жаттығу» жасату

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Сабақ мақсаты анық және қол жетімді деп ойлаймын.

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Барлық оқушы оқу мақсатна жетті.

Мақсаттар түсінікті құрылған және жетістік критерийлері оқушылармен бірге құрылған.

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Дифференциация сабақ мақсатына байланысты ұйымдастырылды

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Барлық сабақ кезеңдері жоспар бойынша жүргізілді.

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жоспарда ауытқулар болған жоқ.

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу