Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.
Ойын ұсыныңыз: Екі оқушыға координаталық түзудің макетін горизонталь қалыпта ұстап тұруды және осы түзудегі мәселен, А(-3) және В(4) «нүктелері» болуды сұраңыз.
Жүргізуші таңдалынады. Сынып мысалдар ұсынады, мәселен, - 3 + 2 және 4 + 2; –3 + (-2) және 4 + (-2); -3 + 5 және 4 + 5; –3 + (-6) және 4 + (-6)). Жүргізуші «нүктелерді» оң (сол) бағытта 2 бірлікке жылжытады, ал оқушылар жауаптарды тақтаға және дәптерге жазады.
Сыныппен талқылаңыз және жалпы қорытындыны жазыңыз.
Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу ережелері.
Координаталық түзудің көмегімен – 4 және 3 сандарының қосындысын табайық:
1) А (–4) нүктесін координаталық түзуде белгілейміз;
2) оңға қарай 3 бірлік кесіндіге жылжымыз;
3) В (–1) нүктесін қоямыз.
а санын b бірлікке өзгеруі а санына b санын қосу болып табылады.
Координаталық түзудің көмегімен 2 және 4 сандардың айырмасын табайық:
1) А (2) нүктесін координаталық түзуде белгілейміз;
2) солға қарай 4 бірлік кесіндіге жылжымыз;
3) В (–2) нүктесін қоямыз.
- Кез келген санға оң санды қосқанда, ол артады.
- Кез келген санға теріс санды қосқанда, ол кемиді.
Координаталық түзудің көмегімен және 1 сандарының айырмасын табайық:
1) А нүктесін координаталық түзуде белгілейміз;
2) солға қарай 1 бірлік кесіндіге (4 сызыққа) жылжытамыз;
3) В нүктесін қоямыз.
Қарама-қарсы сандардың қосындысы нөлге тең:
a + ( - a) = 0;3 + (–3) = 0; 7 – 7 = 0. Санға нөлді қосқанда, сол санның өзі болады:
a + 0 = a;5 + 0 = 5; 9 – 0 = 9.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру