Рационал сандар. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Мектеп:

Күні:

Класс:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Мұғалім:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Рационал сандар

Сабақ тақырыбы

Рационал сандарды салыстыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.2.8 бүтін сандарды салыстыру;

6.1.2.12 рационал сандарды салыстыру;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар берілген координаталық түзуде рационал сандарды салыстырып үйренеді ; сандарды салыстыру ережелерін ұтымды шығарады; жаттығуларды шешуде олардың дағдыларын дамыту

Бағалау критерийі

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсатына жетеді :

  • Санның модулінің анықтамасын біледі;
  • Модулі бар өрнектің мәнін таба алады
  • Модульдің геометриялық мағынасын қолдана алады

Тілдік мақсат

Оқушылар:

– берілген тараудағы математикалық терминологияларды біледі;

– рационал санмен берілген нүктені координаталық түзуде белгілеп сипаттайды;

– рационал сандарды салыстыру ережелерін қалыптастырады;

– рационал сандары қосып азайтуды түсіндіреді;

– абсолют шамадағы санның мағынасын түсіндерді;

– айнымалысы модуль ішінде кездесетін теңдеуді шешуді түсіндіреді;

– координаталық түзуде берілген түзудің ұзындығын табу.

Бөлім бойынша лексика мен терминология

– оң сан;

– теріс сан;

– бүтін сан;

– қарама-қарсы сандар;

– рационал сан;

– бүтін сандардың жиынтығы;

– рационал сандардың жиынтығы;

– координаталық түзу;

– санақ басы;

– бірлік кесінді;

– оң бағыт;

– координаталық нүкте;

– санның модулі;

– координаталық түзудегі кесінді ұзындығы

– таңбалары қарама-қарсы сандарды қосу үшін …

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгеру

Бағалау критерийі

Оқушылар

  • бүтін сандарды салыстыра алады;
  • рационал сандарды салыстыра алады

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік. Құрмет.

Бастапқы білім

Оң сандар және теріс сандар. Координаалық түзу. Қарама-қарсы сандар. Рационал сандар. Санның модулі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Балалар сабағымызды «Дем алу» жаттығуынан бастаймыз. Ендеше көзімізді жұмып жаттығуды бастаймыз

  • Дем алу - дем шығару - үзіліс
  • 2 рет дем алу - 2 рет дем шығару - үзіліс
  • 3 рет дем алу - 3 рет дем шығару - үзіліс

Жақсы көзімізді ашып орындарымызға отырамыз.

Мақсаты: Оқушылардың зейінін сабаққа бағыттау

№1 слайд

Сабақтың ортасы

8 мин

10 мин

10 мин

6 мин

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары және бағалау критерийлерімен оқушыларды таныстыру.

І. Білімді өзектендіру. Фронтальдық сұрақтар.

  • Өткен сабақта қандай тақырыптарды оқыдық?
  • Оң және теріс сандар, координата сызығы, қарама-қарсы сандар, санның модулі

Оң және теріс сандарды еске түсірейік.

  • Оң сандарға мысал келтіріңіздер
  • Теріс сандарға мысал келтіріңіздер
  • Оң және теріс санның арасындағы айырмашылық қандай?
  • 0 саны жайлы не білесіз?

Бетке жазбаша орындаймыз (№5 слайд)

Тексеріп, қорытындылаймыз (№6 слайд)

Координата түзуін еске түсірелік.

-Координата түзуіне анықтама беріңіз

Жазбаша жұмыс:

а) қарама-қарсы координаталары бар нүктелерді жазып алыңыз

б) Нүктелерді координаталық түзуде бейнелеңіз: М(4); N(-3,5); Р(2,5); К(-2).

Жауабын тексеру және қорытынды жасау ( № 9 слайд )

Қарама-қарсы сандар және санның модулі тақырыптарын қайталайық.

-Қарама-қарсы сандардың анықтамасын айтыңыз және оған мысалдар келтіріңіз

-а санының модулі дегеніміз не?

-Оң санның модулі неге тең? Мысалдар келтіріңіз

-Теріс санның модулі неге тең? Мысалдар келтіріңіз

- 0 санының модулі неге тең?

Тарсырмаларды жазбаша орындаңыз.

а) Координаталары қарама- қарсы болатын нүктелерді жазыңыз.

б) берілген сандардың ішінде ең үлкен модульге ие санды жазыңыз -2,6; 2,05; 2,2; -2,22; 2,53

в) Есепте:  |-4|1,5; 34 - |- 16|; |+23|+|-8|.

Есептердің жауабын тексеріп, қорытынды жасаймыз.

Мақсаты: Өткен тақырыпты қайталау

ІІ. Жаңа сабақты игеру

Оқушыларға бүгінгі күнді және жаңа тақырып «Сандарды салыстыру» жазғызамыз.

-Бүгінгі тақырып сіздерге таныс па?

-Біз қандай сандарды салыстыра аламыз?

Натурал сандар, ондық және жай бөлшектер

Ауызша сандарды салыстырыңыз:

  • 15 және 28;
  • 13,7  және  8,6;
  • және ;
  • 12,3  және 12,29;
  • - 8  және  6.

-Не себепті біз соңғы санды салыстыра алмаймыз?

-Бұл сандар қалай аталады?

-Біз барлық сандарды салыстыра аламыз ба?

-Ендеше сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтайық.

Соңғы мысалды шешу үшін бізге координата түзуі қажет.

Координата түзуіндегі О нүктесінің оң жақ бөлігіндегі сандар өспелі болса керісінше сол жағындағы сандар кемімелі болып табылады. Екі оң саннын қайсысы оң жақа көбірек жақын болса сол сан үлкен болады және екі теріс санның қайсысы сол жаққа жақын болса сол сан кіші болады.

Екі рационал сандардың арасында координат түзуінде оң жағында сан солға жағындағы саннан үлкен болады.

Енді біз соңғы сандар жұбын салыстыра аламыз.

ІІІ Жаңа тақырыпты бекіту. Есептер шығару №375,378

Мақсат: жаңа сабақты бекіту

Бағалау: Оқушылар бір – бірінің жауаптарын салыстырады

Жеке жұмыс. Тестті орындаңыздар:

1) Екі рационал санның үлкені қай жақ бөлігінде орналасады?

а) оң;

б) сол.

2) Екі рационал санның кішісі қай жақ бөлігінде орналасады?-

а) оң;

б) сол.

3) 0, -10, 12, -6 Бұл сандарды қайсысы сол жақ бөлігіне анағұрлым жақын орналасқан?

а) 0;

б) -10;

в)12;

г) -6.

4) 0, -8, -14, 5 Бұл сандардың қайсысы ең кіші модульге ие?

а) 0;

б) -8;

в )-14;

г) 5.

5) -5, 0, 11, - 2 сандарын өсу ретімен орналастырыңыз

а) 0, 12, -5, 11;

б) 11, 0, -2, -5;

в ) -5, -2, 0, 11.

Бағалау: Оқушылар бір-бірінің жұмысын дұрыс жауап бойынша тексереді

№ 2-3 слайд

№4 слайд

№7-8 слайд

№10 слайд

№11-14 слайд

№ 15 слайд

Алдамұратова Т.А., Байшоланов Алматы «Атамұра» 2011 ж.

Сабақтың соңы

4-минут

Сабақты қорытындылау:

Үйге тапсырма: 380, 382

Жетістіктер сатысы деп аталатын баспалдақ бойынша өзімізге баға беріп келесі сұрақтарға жауап береміз:

-Бүгінгі сабақты мен үйрендім

-Маған қызықты болған тұсы

-Мен үшін қиындық туғызды

-Мен түсіндім

-Бұл сабақтан мен ой туғыздым

-Сабақтың ұнаған жері

-Сабақтағы жұмысыммен көңілім толады (толмайды)

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды.

Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді.

Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.

Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау .

Жұптар бір-бірін бағалайды , яғни өзара бағалау болады және өзін-өзі бағалайды.

Сабақты бекіту кезеңінің алдында слайдқа қарағандықтан «көз жаттығуын» жасатамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу