Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


 Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар

 

 Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу

 

 Оқыту мақсаты:

  •  6.1.2.10 бүтін сандарды координаталық түзу көмегімен қосу және азайтуды орындау;

 Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал); сандар жазылған үлестірме қағаздар.

 Бағалау критериі: Оқушы:

  •  координаталық түзуді пайдаланып сандарды қосу және азайту ережесін біледі және пайдаланады

 Негізгі ұғымдар, анықтамалар.

 Бүтін сандардың қосындысы.Бүтін сан + Бүтін сан = Бүтін сан

 Екі бүтін санның қосындысы бүтін сан.Оң бүтін сандардың қосындысы.Оң бүтін сан + Оң бүтін = Оң бүтін

 Екі оң бүтін санның қосындысы оң бүтін сан.

 Теріс бүтін сандардың қосындысы.Теріс бүтін сан + Теріс бүтін = Теріс бүтін

 a+(−b)=−(a+b)

 Екі теріс бүтін санның қосындысы теріс бүтін сан.

 Оң және теріс бүтін сандардың қосындысы.

 Оң және теріс бүтін сандардың қосындысы оң немесе теріс бүтін сан немес ноль болуы мүмкін.

 

 Таңбалары әртүрлі модулдері тең емес екі санды қосу үшін:

 1. үлкен модульден кіші модульді азайту керек;

 2. шыққан санның алдына модулі үлкен қосылғыштың таңбасын қою керек.

 

 Ескерту:

 Қарама-қарсы екі санның қосындысы 0-ге тең.

 

 Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.

 

 Жаңа сабақты түсіну.

 Сыныппен жұмыс:

 Психологиялық ахуал. Сабақтың тақырыбымен таныстыру, мақсатын айқындау.

 Оқушыларға қажетті білім мен дағдыларды актуалдандыру.

 Өтілген материал бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеру үшін теориялық сұрақтар, сонымен қатар ойлау мен шапшаңдықты тексеру.

 Жеке тақталардың (парақтардың) көмегімен жұмыс.

 Әр оқушыға шағын тақталар немесе парақтар таратылады.

 Мұғалім оқушыларға бірнеше сұрақтар ұсынады, оқушылар жауаптарын жекелеген шағын тақталарына жазып, топ болып жауаптарын мұғалімге көрсету қажет.

 Ұсынылатын сұрақтар:

  •  Мына сандардың арасында қандай бүтін сан бар:

 

 

 

 

 Жауабы: 1) -1, 1, 2

  •  Өрнектің мәнін табыңыз:

 а)

 б)

 в)

 г)

 д)

 е)

 2) а) =5

 б) =31

 в) =7,1

 г) =1,3

 д) =5,7

 е) =7

 Шешуі:

 а) =3,6+1,4=5

 б) =14+17=31

 в) =4,5+2,9=7,1

 г) =0,6+0,7=1,3

 д) =3,5+2,2=5,7

 е) =+4,5=7

 Жауабы: 5; 31; 7,1; 1,3; 5,7; 7

 

  •  Салыстырыңыз:

 а)

 б)

 Жауабы:

 в)

 а)

 б)

 в)

 

 Мұғалім оқушылардың берген жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың барлығының жауаптарының дұрыстығын және өтілген материалды білетіндіктері туралы қорытынды жасайды. Әрбір жауаптан кейін бір оқушы тұрып дауыстап дұрыс жауапты айту міндетті, бұл олардың есту арқылы еске сақтау дағдысына көмектеседі.

 

 Жаңа сабақты меңгеру.

 Жұптық жұмыс:

  «Бүтін сандарды сандық түзуде қосу» тақырыбында видео қарау. https://bilimland.kz/ru/#lesson=11193

 Тақырыпты талқылау. Мұғалім оқушылармен бүтін сандарды сандық түзуде қосуды талқылайды және оқушыларды жетелеу арқылы қорытынды шығарады.

 Қорытынды:

 Бүтін сандардың қосындысы.Бүтін сан + Бүтін сан = Бүтін сан

 Екі бүтін санның қосындысы бүтін сан.Оң бүтін сандардың қосындысы.Оң бүтін сан + Оң бүтін = Оң бүтін

 Екі оң бүтін санның қосындысы оң бүтін сан.

 Теріс бүтін сандардың қосындысы.Теріс бүтін сан + Теріс бүтін = Теріс бүтін

 a+(−b)=−(a+b)

 Екі теріс бүтін санның қосындысы теріс бүтін сан.

 Оң және теріс бүтін сандардың қосындысы.

 Оң және теріс бүтін сандардың қосындысы оң немесе теріс бүтін сан немес ноль болуы мүмкін.Мысалдар:(−24)+89=89−24=6524+(−89)=−(89−24)=−6524+(−24)=(24−24)=0

 Таңбалары әртүрлі бүтін сандарды қосу үшін модулі үлкеннен модулі кішісін азайтып алдына модулі үлкен санның таңбасын қоямыз.

 «Бүтін сандарды сандық түзуде азайту» тақырыбында видео қарау. https://bilimland.kz/ru/#lesson=11193

 Тақырыпты талқылау. Қорытынды:

 ab=a+(−b)a−(−b)=a+b(−a)−b=(−a)+(−b)а бүтін санынан b санын азайту –b және а сандарын қосу сияқты орындалады.Бүтін сан – Бүтін сан = Бүтін санМұғалім оқушылардың диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалайды.

 

 Жаңа сабақты бекіту.

 Сергіту сәті «Көз түйістіру».

 Қатысушылар шеңбер бойына тұрып, төмен қарайды. Мұғалімнің бұйрығымен олар көздерін ашып, біреумен көз түйістіруге тырысады. Егер бұл іске асса, онда сол жұп шеңберден шығады.

 Ойын барлық жұптар құрылғанша жалғасады.

 Жұптық жұмыс:

 № 1020. Координаттық түзудің көмегімен сандарды қосуды орындаңыз:

 а) -1 және 2;

 б) 3 және -4;

 в) -3 және 6 ;

 г) 1 және -5;

 д) -5 және 6 ;

 е) -3 және -2;

 Дескрипторлар:

  •  Координаттық түзуде нүктелерді дұрыс бейнелейді;
  •  Координаттық түзуде сандарды қосуды дұрыс орындайды.

 №1091

 Координаттық түзудің көмегімен сандарды азайтуды орындаңыз:

 а) 10-(-3);

 б) 12-(-14);

 в) -21-(-19);

 г) 9-(-9);

 Дескрипторлар:

  •  Координаттық түзуде нүктелерді дұрыс бейнелейді;
  •  Координаттық түзуде сандарды азайтуды дұрыс орындайды.

 

 Презентациядағы дайын жауаптар бойынша өзін-өзі тексеріп, дескриптор боынша өзін бағалайды.

 

 

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

 «Математика» оқулығы 6-сынып, Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, «Атамұра» 2011

 Математика. 6 класс: учеб. для общеобразовательных учреждений / Н.Я.Виленкин, В.И.Жохов и др. – М.: Мнемозина, 2012. – 288 с.

 https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/arifmetika/butin-sandar/lesson/sannyng-moduli

 https://bilimland.kz/ru/#lesson=11193

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу