Cанның модулі. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар
Оң сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар.
Оқыту мақсаты: 6.2.1.11 өрнегінің геометриялық мағынасын түсінеді.
Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал); сандар жазылған үлестірме қағаздар.
Бағалау критерийлері: Оқушы:
- Модульдің геометриялық мағынасын қолданады;
- Санның модулінің анықтамасын есептер шығаруда қолданады.
Негізгі ұғымдар, анықтамалар.
Анықтама: а санының модулі деп координата бас нүктесінен А(а) нүктесіне дейінгі (бірлік кесіндідегі) қашықтықты айтады. Белгіленуі: Мысалы:
| өрнегінің мәні а мен санына сәйкес нүктелердің арақашықтығын білдіреді. Сонда |x+2|=5 теңдеуінің геометриялық мағынасы х пен -2-ге сәйкес нүктелердің арақашықтығы 5 болғандықтан х=2+5=3 немесе х= - 2 - 5= -7 Жауабы: х=3; х=-7.
|
Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.
Топқа бөлу:
Оқушыларға екі таңбалы сандар таратылады, осы сандардың цифрларына байланысты заңдылықты анықтап, топтасу ұсынылады. Заңдылық: соңғы цифрлары бірдей оқушылар бірге жұптасады. Мысалы: 45; 35; 55; 95; 65; 15 немесе 19; 59; 49; 29; 39; 69 т.б
Мұғалім топтық жұмыс пен әр оқушының топта атқаратын рөлі туралы ережені жасап, тиімді топтық қарым-қатынасты ұйымдастырады.
Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтайды. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.
Санның модулінің геометриялық мағынасын түсіну физика пәнінен өтетін траектория, жол, орын ауыстыру сияқты физикалық терминдердің мағынасын түсінуге ықпал ететінін атап өту маңызды.
1-тапсырма.
Бұл тапсырма санның модулі анықтамасын қайталауға бағытталған.
Оқушылардан берілген шарттарға байланысты нүктелерді сандар түзуінде орналастыруға байланысты графикалық жұмыс жүргізуді сұралады..
1. Сандар түзуінде белгіле:
а) координаталық түзу бойынан А(-4) нүктесін белгілеңіз.
А нүктесінің санақ басынан ( О нүктесінен) бірлік кесінді есебімен қашықтығын табыңыз.
Жауабы:
Координаталық түзу бойындағы А(-4) нүктесі санақ басынан – О нүктесінен 4 бірлік кесіндіге тең қашықтықта.
б) координаталық түзу бойынан В(5) нүктесін белгілеңіз.
В нүктесінің санақ басынан ( О нүктесінен) бірлік кесінді есебімен қашықтығын табыңыз.
Жауабы:
Координаталық түзу бойындағы В( 5) нүктесі санақ басынан – О нүктесінен 5 бірлік кесіндіге тең қашықтықта.
с) координаталық түзу бойынан Е(-3) және F(3) нүктесін белгілеңіз.
Е(-3) және F(3) нүктелерінің санақ басынан ( О нүктесінен) бірлік кесінді есебімен қашықтығын табыңыз.
Жауабы:
Қарама-қарсы сандар координаталық түзуде санақ басынан – О нүктесінен бірдей кесіндіге тең қашықтықта.ОЕ=OF. Онда |−3|=|3|
2. |a - b| және |b - a| өрнектерінің мәнін есептеңіз. Мұндағы
1) a=9, b=5 2) a=9, b= -5
3) a= - 9, b=5 4) a= - 9, b= - 5
Жауабы:
2-тапсырма.
Бұл тапсырма оқушылардың зерттеушілік (шығармашылық) қабілеттерін дамытуға бағытталған. Мұғалім кері байланыс берген кезде баланың зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруды басты назарда ұстау керек.
Оқушылардан координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын үш жағдайда есептеп, берілген координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын табуда осы жағдайлардың байланысын бақылап, қорытынды шығару ұсынылады.
Топпен жұмыс:
а) 1-жағдай.
Координаталық түзуде берілген А(2) және В(6) нүктелерінің арақашықтығын табыңыз.
Шешуі:
|АВ| = |6 - 2|= 4 немесе |АВ| = |2 - 6|= 4
б) 2-жағдай.
Координаталық түзуде берілген А(2) және В(-5) нүктелерінің арақашықтығын табыңыз.
Шешуі:
|АВ| = |-5 - 2|= 7 немесе |АВ| = |2 – (- 5)|= 7
с) 3-жағдай.
Координаталық түзуде берілген А(- 1) және В(-5) нүктелерінің арақашықтығын табыңыз.
Шешуі:
|АВ| = |-5 – (- 1)|= 4 немесе |АВ| = |- 1 – (- 5)|= 4
Егер оқушыларда қорытынды шығаруда қиындықтар туындаса,
Берілген координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын табуда нені байқадыңыз? деген сияқты сұрақтар қойылады.
Оқушылар өз қорытындыларын шығарады.
Таныстырылым арқылы өз қорытындыларының дұрыстығына көз жеткізеді.
Мұғалім оқушылардың диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалайды.
Қорытынды:
Координаталық түзуде берілген А(а) және В(b)
нүктелерінің арақашықтығы координаталарының
айырымының модуліне тең.
|𝒂 −𝒃| немесе |𝒃−а|
Сабақты бекіту кезеңінің алдында 1 минут «Сергіту сәтін» жасатқан абзал.
https://www.youtube.com/watch?v=SAWr-KZhD0E
3- тапсырма.
Сандар түзуінде нүктелердің өзара орналасуын модульдің көмегімен жаз.
Бұл тапсырма санның модулінің анықтамасын есептер шығаруда қолдануға бағытталған.
1. Координаталық түзу бойындағы А нүктесінен санақ басынан 4,9 бірлік оңға қарай; ал В нүктесі 6 бірлік солға қарай орналасқан.
а) Әр нүктенің координатасы неге тең?
б) Әр координатаның модулі неге тең?
Жауабы: а) А(4,9), В(-6).
б) А=4,9 В=6
2. А(7); В(-4,3); С(0); D(-2,9); Е(1) нүктелерінің әрқайсысының координатасының модулін жазыңыздар.
Жауабы: А(7), В(4,3), С(0), Д(2,9), Е(1).
3.Берілген нүктелердің арақашықтығын табыңыз.
- M(- 5,1) және N(- 7,2)
- C(0) және N(- 12)
- P(3) және K(-2)
Жауабы: 1)2,1 2)12 3) 1
4-апсырма.
Бұл тапсырманы оқушылардың алдыңғы білімдерін бекіту үшін жеке орындауға берген жөн. Оқу туралы танымдық теорияға негізделе отырып, бұл оларға өздерінің бар білімдерін толықтырып, жаңа білімдерін, бұған дейінгі қалыптасқан құрылымға кіріктіруге мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға бұл білімді өздері игергендігін сезінуге көмектеседі.
- Берілген нүктелердің арақашықтығын табыңыз.
- А(3) және В(- 11)
- P() және K(-)
Жауабы: 1)8 2)
- |х|=1 2) |х - 3|=4 3) |х - 3|=10 4) |х|=0 түріндегі теңдеулер шешімдерін тауып, берілген координаталық түзумен сәйкестендіріңіз. Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
1 | |х|=1 | А | x=-1 x=7 | X |
|
2 | |х -3|=4 | В | x=-7 x=13 | Y |
|
3 | |х -3|=10 | С | x=0
| Z |
|
4 | |х|=0 | D | x=-1 x=1 | T |
|
Жауабы:
1 D Z
2 А Т
3 В Y
Бағалау: Оқушылар жеке орындап болған соң дайын жауаптар мен дескрипторлар бойынша бағалайды.
Мысалы:
- егер барлық жұмыс дұрыс орындалса, «өте жақсы»,
- егер жауаптары дұрыс, кейбір түсіндірмелер қиындық тудырса «жақсы»,
- егер барлық жұмыстың 70-ы дұрыс болса, онда «тәжірибе қажет»
- егер барлық жұмыстың 70-нан азы дұрыс болса, онда «көмек қажет» деп бағалауға болады.
Бағалау критерийі | Дескриптор | ||||
- абсолютті шаманың алгебралық және геометриялық мағынасын біледі - координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын таба алады |
| ||||
|
|
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
«Математика» оқулығы 6-сынып, Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, «Атамұра» 2011
google.kz
https://bilimland.kz/kk/home#lesson=10580
Физминутка https://www.youtube.com/watch?v=SAWr-KZhD0E
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру