Рационал сандар. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рационал сандар | Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ | ||
Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||
Мұғалім: | |||
Сабақ тақырыбы | Рационал сандар | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 6.1.2.11 рационал сандардың ішкі жиындарын Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеу. | ||
Сабақмақсаттары | Рационал сандардың ішкі жиындарын Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеу. | ||
Сабақтың түрі | зерттелген материалды жалпылау және жүйелеу | ||
Бағалау критерийі | Эйлер-Венн шеңберлерінің көмегімен рационал сандар жиынын көрсету | ||
Тілдікмақсаттар | Пәндік лексика мен терминология | ||
Құндылықтарды дарыту | Жауапкершілік. Құрмет. | ||
Бастапқы білім | |||
Сабақбарысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері | Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі (5-минут) |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы (5-минут) |
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашамын. 1. Қандай сандар қарама-қарсы сандар деп аталады? 2.Оң санға қарама-қарсы сан қандай сан? Мысал келтіріңдер. 3.Теріс санға қарама-қарсы сан қандай сан? Мысал келтіріңдер. 4. Қандай сандар бүтін сандар жиынына тиісті? 5.Қандай сандар рационал сандар жиынына тиісті? 6.Ішкі жиын дегеніміз не? 6.Бүтін сандар жиыны рационал сандар жиынының ішкі жиыны болатындығын қалай сызып көрсетуге болады? 7. Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты қандай болады деп ойлайсыз? Сабақтың тақырыбы: Рационал сандар. Сабақтың мақсаты: Эйлер-Венн шеңберлерінің көмегімен рационал сандар жиынын көрсету | 1,2-слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы (7-минут) | Презентация арқылы натурал сандар , бүтін сандар, рационал сандар жиынын қайталау. Егер В жиынының әрбір элементі А жиынына тиісті болса, онда В жиыны А жиынының ішкі жиыны деп аталады. Демек натурал сандар жиыны, Z бүтін сандар жиынының ішкі жиыны: NZ. Бүтін сандар жиыны шектеусіз жиын. Бүтін сандар жиыны, оң және теріс бөлшектер жиыны рационал жиынын құрайды. рационал сандар жиыны Q әріпімен белгіленеді. Рационал термині латын тіліндегі "ratio" деген сөзден шыққан. Қазақшаға аударғанда "қатынас", "бөлінді" дегенді білдіреді. Натурал сандар жиыны (N) бүтін сандар жиынының (Z) ішкі жиыны, ал бүтін сандар жиыны рационал сандар жиынының (Q) ішкі жиыны екні Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы көрсетілген, N⊂Z⊂Q. Леонард Эйлер (1707-1783)-швейцариялық математик. Ауызша тапсырма: №1. Жиындардың аттарын атаңдар: 1)нәрселерді санауда қолданылатын сандар жиыны; 2)жазықтықтағы О нүктесінен бірдей қашықтықтағы нүктелер жиыны; 3)бір нүктеден шыққын екі сәуледен құралған фигуралар жиыны; 4)градустық өлшемі 90°-тан кіші бұрыштыр жиыны. | 3-9 слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақты бекіту (20 минут) |
Тапсырманы орындамас бұрын оқушылар: а) есептің шығару жолын анықтайды; б) бірігіп бағалау критерийін құрады; в) жұптар тақтаға шығып сесептерін шығарып, түсіндіріп береді.Қалған жұптар орындарында отырып шығарған есептерімен салыстыра отрып, бағалау критерийі бойынша тақтаға шыққан оқушыларды бағалайды. (мүмкін болған жағдайда мүғалім кері байланыс береді)
Тапсырма 1. Натурал сандар жиыны бүтін сандар жиынының ішкі жиыны екнін Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеп, белгіленуін пайдаланып жазыңыз. Тапсырма 2. Ауылдағы отбасылары мүшелерінің жиыны-А. Ауылдағы мектепте оқитын ауыл отбасылары балаларының жиыны -В. А және В жиындарын Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеңдер. Тапсырма 3. А В; С және D жиындарының қайсысы F жиынының ішкі жиыны? Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеп, белгіленуін пайдаланып жазыңыз. Тапсырма 4. Берілген А және В жиындарының бірігуіD жиыны элементтерін жазыңдар. Эйлер-Венн дөңгелектерімен кескіндеп, олардың ішіне жиын элементтерін тиісінше орналастырыңдар. D жиынының элементтрер санын көрсетіп жазыңдар. 1) А; В; 2) А; В Тапсырма 5. 6; -3,5; 8 -9; -2; 0; 1; -100; 99 сандарынан: 1) N-натурал сандар жиынын; 2) Z- бүтін сандар жиынын; 3) Q-рационал сандар жиынын құрастырыңдар. Тапсырма 6. (Қосымша есеп) Кітап сөресінде әңгімелер жинағы, өлеңдер жинағы, ертегілер жинағы және өлке тану туралы-барлығы 26 кітап бар. Ондағы әңгімелер жинағы, өлеңдер жинағы - 23кітап. Өлеңдер жинағы, ертегілер жинағы және өлке тану кітаптары - 17 кітап. Әңгімелер жинағы мен өлеңдер жинағы - 13 кітап. Кітап сөресінде неше ертегілер жинағы бар? Келесі сабақта осы өтілген тақырыпқа байланысты есептер шығарып, тақырып кеңінен ашылады. | Қосымша-1 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы (3-минут) | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
Үй жұмысы: №1. Берілген: 1) -7 және 9; 3) -2 және 4; 5) -8 және -1; 2) -2 және 5; 4) -5,6 және 3,8; 6) -6 және -3,5 сандарының арасындағы сандардан: 1) натурал сандар жиынын; 2) бүтін сандар жиынын жазыңдар. №2. 1) Бір таңбалы бүтін сандар жиынын А әріпімен белгілеп, оны элементтерімен жазыңдар; 2) Бір таңбалы натурал сандар жиынын В әріпімен белгілеп, оны элементтерімен жазыңдар; 3) А және В жиындарын Эйлер-Венн дөңгелектерімен көрсетіңдер. | Қосымша 2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Топтық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. | Оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалаймын. Бағалау критерийі бойынша жұптар бін-бірі бағалайды. Сабақ соңында оқушылар өздерінің жеткен жетістіктері жайлы өзін – өзі бағалайды. | Сабақты бекіту кезеңінің алдында слайдқа қарағандықтан «көз жаттығуын» жасатамын. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру