Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.1А Қатынастар және пропорциялар

Мектеп: Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.7

шамаларды берілген сандарға кері болатын пропорционал бөліктерге бөлу;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- пропорция ұғымын түсінеді;

- пайыз ұғымын түсінеді;

- Санның пайызын, пайызы бойынша санды табады;

- пайызға берілген есептерді пропорция арқылы шешеді.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы

- пропорция ұғымын біледі;

- пайыз ұғымын біледі;

- cанның пайызын, пайызы бойынша санды таба алады;

- пайызға берілген есептерді пропорция арқылы шеше алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- берілген бөлімнің терминдерін қолдана алады;

- берілген қатынаста бөлуге, тура және кері пропорционалдық тәуелділікке, пайызға және масштабқа қатысты есептердің шешіміне түсінік береді;

- пропорцияның белгісіз мүшелерін табу ережелерін тұжырымдайды;

- шамалар арасындағы тәуелділіктің түрлері туралы ой тұжырымдайды;

Бөлім бойынша лексика және терминология

- пропорция;

- пропорцияның негізгі қасиеті;

- пропорцияның шеткі мүшелері;

- пропорцияның ортаңғы мүшелері;

- пропорцияның белгісіз мүшесі;

тура пропорционалдық тәуелділік;

кері пропорционалдық тәуелділік;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- а : b = с: d өрнегін «a-ның b-ға қатынасы c-ның d-ға қатынасындай» деп оқимыз;

- а : b = c : d өрнегін «аb-ның қандай бөлігін құраса,онда c да d-ның сондай бөлігін құрайды» деп оқимыз;

- пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесін табу үшін ... керек;

- пропорцияның белгісіз шеткі мүшесін табу үшін ... керек;

- берілген шамалар тура/кері пропорционал, себебі ...;

Құндылықтарды дарыту

Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Өмірмен байланысты есептер

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру

Бастапқы білім

Оқушылар жай бөлшек, бүтін сан, рационал сан ұғымдарын біледі; рационал сандарды қосу мен азайту амалдарын орындай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 - 5 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Көңіл күйлерін смайликтер арқылы білу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Бүгінгі күндеріне бір-біріне сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасын тексеру.

Миға шабуыл:

1. Екі санның қатынасы 3-ке тең. Оның соңғы мүшесі 7-ге тең. Қатынастың алдыңғы мүшесін табыңдар.

2. Екі санның қатынасы 2-ге тең. Оның алдыңғы мүшесі 8-ге тең. Соңғы мүшесін табыңдар.

3. Шамалардың қатынастарын табыңдар:

а) 70 см-дің 150 см-ге ә) 3 км-дің 150 м-ге б) 2,5 кг-ның 0,5 кг-ға

4. Екі санның қатынасы дегеніміз не?

5. Берілген қатынаста бөлу алгоритмі қалай айтылады?

Презентация

6 – 12 мин

  • Жаңа сабақ. Шамаларды берілген сандарға кері болатын пропорционал бөліктерге бөлу.
  • Санды берілген сандарға кері пропорционал бөліктерге бөлу үшін, оны осы берілген сандарға кері сандарға тура пропорционал бөліктерге бөлу керек.
  • Мысалы, 136 санын 3 және 5 сандарына кері пропорционал екі бөлікке бөлейік.
  • Шешуі: 136 санын 3 және 5 сандарының әрқайсысына кері санға ( және ) тура пропорционал бөліктерге бөлеміз.
  • 136: ( + ) = 136 : 255.
  • х1 – бірінші бөлікке сәйкес сан, х2 - екінші бөлікке сәйкес сан.
  • х1 = 255 х2 = 255 немесе
  • х1 х2 = .
  • Жауабы: 85 және 51 сандары.

http://engime.org/poek-042-14-01-20-16802-2015-20-05-15-j-2-basilim.html?page=6

13 – 27 мин

Жалпы сыныппен жұмыс

Оқулық бойынша тапсырмаларды орындау.

1-есеп. 1) 91 санын 5 және 8 сандарына;

2) 143 санын 4 және 7 сандарына;

3) 104 санын 2;3 және 4 сандарына кері пропорционал бөліктерге бөліңдер.

2-есеп. Екі бекеттің арақашықтығы 240 км. Осы екі бекеттің арасын жолаушылар пойызы 3 сағ жүрсе, жүк пойызы 5 сағ жүреді. Бір уақытта бірінші бекеттен жолаушылар пойызы, екінші бекеттен жүк пойызы шығып, бір-біріне қарсы жүріп кездесті. Кездескенге дейін жолаушылар пойызы неше км қашықтықты жүрді, жүк пойызы неше км қашықтықты жүрді?

3-есеп. Ұзындығы 21 км- жолды жұмысшылардың бірінші бригадасы 8 күнде жөндейді, ал екінші бригадасы 6 күнде жөндейді. Егер екі бригада бірігіп жөдесе, жолдың неше км-ін бірінші бригада, неше км-ін екінші бригада жөндейді? ( Әр бригаданың күнделікті орындайтын жұмыс мөлшері бірдей.)

4-есеп. 50 оқушы екі топқа бөлініп, аудандары бірдей екі егісті жерді арам шөптерден тазартуға көмектесті. Бірінші егістік жерді бірінші топ оқушылары 4 күнде арам шөптерден тазартады. Екінші егістік жерді екінші топ оқушылары 6 күнде арам шөптерден тазартты. Бірінші және екінші топта неше оқушы болған?

Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық.

3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011

Қосымша 1

28 – 29 мин

Сергіту сәті.

1 дегенде тұрайық,2, 3, 4 – алақанды соғайық,Оң жаққа бұрылып,Сол жаққа бұрылып,Бір отырып, бір тұрып,Біз жүгіріп алайық.5 дегенде асықпай,Орнымызды табайық.

https://www.metod-kopilka.ru/sergitu-sti-zhinai-70273.html

Презентация

30 – 37 мин

Жұптық жұмыс

№1. Бірінші шеберхана 600 кітапты 12 күнде, екіншісі 6 күнде түптейді. Егер бірлесіп жұмыс атқарса, олар бұл кітаптарды неше күнде түптеп шығады? 

№2. Екі бригада 6 күнде 600 жеміс ағаштарын отырғыза алады. Бір бригада бір күнде 60 ағаш отырғыза алады. Қай бригаданың жұмыс өнімділігі артық және қаншаға артық? 

  • №3. Бір орамда 25 м, ал екіншісінде 49 м бірдей мата бар. Екінші орамның құны біріншіден 1440 теңге артық. Әр орамға қанша теңге ақша төленген? 

Қосымша 2

Сабақтың соңы

38 - 40 мин

Үйге тапсырма: шамаларды берілген қатынаста бөлу. №37; №41.

Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз.

1. Сабақтың мақсаты қандай болды?

2. Мен мақсатқа жеттім бе?

3. Мен не білдім?

4. Мен нені үйрендім?

5. Мен нені түсінбедім?

6. Мен не бойынша әлі де жұмыс істеуім керек?

Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық.

3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақта жалпы сыныппен жұмыста бірлесе отырып талдайды, түсінбеген есептерін бір-біріне түсіндіреді. Өз беттік жұмыстарды шығара отырып өз білімдерін шыңдайды.

Сабақтың әр бөлімінде оқушылардың жасаған жұмыстарына мадақтау сөздер айту. Жалпы сыныптық, өз беттік жұмыста тапсырманы орындауда өзара бағалау жүзеге асады.

Сергіту сәті



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу