Қайталау. Жай бөлшектерге амалдар қолдану. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Тақырыбы: «5 сыныпты қайталау.
Жай бөлшектер мен аралас сандарға амалдар қолдану.»
Сабақтың мақсаты:
5.1.2.20 аралас сандарды қосу және азайтуды орындау;
5.1.2.21 жай бөлшектерді, аралас сандарды көбейтуді орындау;
5.1.2.23 жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлуді орындау;
Бағалау критерийлері:
Оқушы:
- Жай бөлшектерді көбейту мен бөлудің ережелерін білу;
- Аралас сандарды қосу мен азайтудың ережелерін біледі;
- Аралас сандарды көбейту мен бөлудің ережелерін білу;
- Жай бөлшектерге амалдар орындай алады;
- Аралас сандарға амалдар орындай алады;
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім оқушылармен амандасады, сабаққа дайындығын қадағалайды, оқушыларды іскерлік ырғаққа бейімдейді.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме оқушылар!Біз бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Мына сөйлемдер біздің сабағымыздың девизі болады:
Ұжыммен - ойлау!Шапшаң –шешу!Дәлелді – жауап беру!Бізде бәрі – тамаша болады!
Барлығы бірлей слайдтағы сөйлемдерді оқушылар хормен айтады.
Мұғалім: Балалар, біз бүгін ертегі-ойын сабағын өткіземіз. Ал ойынды бастау үшін біз сұрақтарға жауап бере аламыз.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты–өткен материалдарды қайталау, ережелерді қайталап, оқу мақсатымен танысу.
Өткен сабақтан сұрақтар:
- Аралас сан дегеніміз не?
- Аралас сандар қалай қосылады?
- Аралас сандар қалай азайтамыз?
- Бөлшектерді қалай көбейтеміз?
- Аралас сандарды қалай көбейтеміз?
- Бөлшекті бөлшекке бөлу ережесі қалай тұжырымдалады?
- Аралас сандарды бөлу амалы қалай орындалады?
Бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан аралас сан деп аталады.
Бөлімдері бірдей аралас сандардың қосындысын табу үшін, аралас сандардың бүтін бөліктерін жеке, бөлшек бөліктерін жеке қосып, қосындыны аралас сан түрінде жазу керек.
Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды қосу үшін:
- аралас сандардың бөлшек бөліктерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;
- бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу ережесі бойынша қосу амалы орындалады.
Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды азайту үшін:
- аралас сандардың бөлшек бөліктерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;
- бүтін бөліктерін бөлек, бөлшек бөліктерін бөлек азайтып, нәтижелерін қосу керек.
Жай бөлшектердің көбейтіндісі – алымы берілген бөлшектердің алымдарының көбейтіндісіне, ал бөлімі бөлімдерінің көбейтіндісіне тең бөлшек.
Егер көбейткіштер аралас сандар болса, оларды бұрыс бөлшекке айналдырып, содан кейін бөлшекті бөлшекке көбейту ережесін қолдану керек.
Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін, бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшектің кері санына көбейту керек.
Аралас сандарды бөлу үшін алдымен оларды бұрыс бөлшекке айналдырып, содан соң бөлшекті бөлшеке бөлу ережесін қолдану керек.
Сұрақтарға жауап бере отырып бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Содан кейін презентацияда берілген қолданбалы есептерді жұпта отырып орындайды.
№1. Шал мен кемпір жөндеу жұмыстарын жүргізгісі келді. Төртбұрышты пішіндес қабырғалары 52,5м; 25,7м; 64,3м және 30 м болатын жер бөлігін қоршау үшін, қанша метр тор сатып алу керек?
№2. Егер 1м² -қа 40 кірпіш қажет болса, онда қабырғаларының ауданы 311,4м², терезелерінің ауданы 8 м² және есіктерінің ауданы м² болатын үйді қаптау үшін, 12000 кірпіш жете ме?
№3. Егер адам күніне екі сағаттан артық ойнайтын болса, дәрігерлердің пікірі бойынша ойын құмарлыққа шалдығу қаупі пайда болады. Немересі компьютерде таңертеңгілік сағат, ал кешкілік 1,6 сағат ойнайды. Немересінің ойын құмарлыққа шалдығу қаупі бар ма?
Аралас сандарды қосып, азайтуға сәйкестендіру беріледі. Жауаптардың дұрыстығын слайд арқылы тексереді.
№4. Қатесін табыңыз:
Х-
Х=
Х=
Жауаптардың дұрыстығын слайд арқылы тексекреді.
№5. Өрнектің мәнін табыңыз:
а) 7
б) 12
в) 16.
Жауаптардың дұрыстығын слайд арқылы тексекреді.
Оқушыларды топқа бөле отырып тапсырмалар беріледі.
Бөлшекті бөлшекке көбейту
Аралас санды натурал санға көбейту
Аралас сандарды көбейту
Өзара кері сандар
Бөлшектерді бөлу
Топпен жұмыс (шал, кемпір және немересі)
- Есептеңіз:
Топпен жұмыс ( күшік, мысық және тышқан )
- Теңдеуді шешіңіз:
Слайд бойынша есептеулер жүргізіледі, жауабы сол бойда тексеріледі. Жеке графикалық тапсырмалар беріліп, орындарынан бірін – бірі тексереді.
1) 5 + 4= 9 2).7 * 3 = 23 3)
4) 25% от 160 =4000 5) * = 6) 6 + 4 = 10
7) 8) 9) 5 * =
10)
Сабақ соңында дескриптор бойынша өзін – өзі бағалау жүзеге асады.
Критерийлер | Дескрипторлар | +/- | |||||||
Аралас сандарды қосу мен азайтуды орындайды |
| ||||||||
Аралас сандарды көбейту мен бөлуді орындайды |
| ||||||||
|
Үй тапсырмасы беріліп, түсініктеме жұмыстары жүргізіліп, сабақты қорытындылау.
Мұғалім: Бүгінгі математика сабағы сіздерге не бергенін, алдарыңыздағы түрлі- түсті карточкалар арқылы көрсетіңіздер?
Сіздер өз жұмыстарыңызды қалай бағалар едіңіздер?
« жасыл карточка – мен бәрін түсіндім »,
« сары карточка – мен түсіндім, бірақ бәрін емес»,
« қызыл карточка – мен ештеңе түсінбедім ».
- Сабақта жаңадан не білдіңіздер?
- Біз сабақ басында қандай мақсат қойып едік?
- Біз мақсатымызға жеттік пе?
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
- Математика 5 сынып Алдамұратова Т.А. Алматы «Атамұра»2005
- https://www.metod-kopilka.ru/samostoyatelnaya-rabota-po-matematike-v-klasse-deystviya-s-obiknovennimi-drobyami-64601.html
- https://infourok.ru/kontrolnaya-rabota-klass-po-teme-deystviya-s-obiknovennimi-drobyami-864929.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?