Фигураларды құрастыруға берілген есептер. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.4D бөлім: Кеңістік фигураларының жазбалары | Мектеп: Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Фигураларды құрастыруға берілген есептер | |||||||||
Сабақтың түрі | Аралас сабақ | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.3.2.1 фигураларды қию және құрастыру арқылы есептер шығару | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар кеңістіктік фигураларды бөлшектеп және қайта құрастырып дағдыланады; Кеңістіктік фигуралардың периметрлерін, аудандарын есептеуге машықтанады | |||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: фигураларды құрастыра алады және оларды елестете алады; фигураларды қасиеттеріне қарай жіктей алады; құрастырылған фигураның бетінің ауданын және периметрін есептей алады; кеңістікте салынған суретті түсінеді және елестете алады. | |||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - геометриялық фигуралар: тіктөртбұрыш, шаршы, текше, тікбұрышты параллелепипед туралы сипаттай алады; - тікбұрышты параллелепипедтің бетінің ауданын табу алгоритмін сипаттай алады. Пәнге тән лексика мен терминология: - геометриялық фигура; - жазық фигуралар; - кеңістік фигуралары; - параллелепипедтің өлшемдері: ұзындығы, ені, биіктігі; - көпжақ; - көпжақтың жазбасы; - жағы; - қыры; - төбесі; - табанының периметрі, бетінің ауданы, көлемі. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - ... параллелелипедтің (текшенің) пішініндей; -... тіктөртбұрыштың(шаршының) пішініндей; - тікбұрышты параллелепипедтің жазбасы … құралады; - текшенің жазбасы … құралады; - берілген жақтарының аудандары…тең; - берілген жағының периметрі … тең; - параллелепипедтің қарама-қарсы жақтары ...; - параллелепипедтің бүйір жақтары ... . | |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бүгінгі датаның әлемдік маңызына тоқталу. Әлем ғылымының дамуындағы ерекше ролін сипаттау арқылы оқушылардың бойындағы жаһандық мәселелерге бей-жай қарамауға шықыру. Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Үйдің моделін құрастыруда физикалық заңдылықтарға сүйеніп жасалады | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта оқушылар АКТ-ны қолдану (стандартты бағдарлама құралдарынан таңдау) дағдыларын дамыта алады | |||||||||
Бастапқы білім | Текшенің жазбасын, шаршының ауданы мен көмемін есептеуді біледі | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Сәлемдесу. Топқа бөлу. Оқушыларға түрлі-түсті пентаминодан құралған жануарлар пішінін қиып оқушыларға беріңіз. Оқушылар оларды құрастырып, топтарға бөлінеді. Шарты. Бес шаршыдан құралған фигуралардан әртүрлі пішіндер құрастырыңыз. Ой қозғау. Оқушыларға экраннан сурет көрсетіледі. Оқушылар суретке байланысты сұрақтарға жауап береді. Оқу мақсаты мен бағалау критерйилерімен таныстырылады және қажет болған жағдайда қайта құрылады немесе түзету енгізіледі. | Слайд 1-4 Пентомино: http://www.mathematische-basteleien.de/pentominos.htm#top Танграмм: http://neposed.net/training-games/razvitie-mishleniya/skhemy-tangrama-1.html | ||||||||
Сабақтың ортасы 8 минут 2 минут 13 минут 2 минут 10 минут 2 минут | Сабақ мақсатына орай бар білімдерді қалыптастыру мен дағдыларды дамытуға бағытталған іс-әрекет. Іс-әрекет барысында ақпаратты талдау және өңдеу, зерттеу, практикалық жұмыс, проблемалық жағдаяттарды шешу арқылы оқушылардың бойында білім мен дағдылар қалыптасады және дамиды. 1 тапсырма. Топтық жұмыс (Aсtivity) Оқушыларды топта фигураларды қиюға және құрастыруға берілген тапсырмалар орындауды ұсыныңыз. Оқушыларға әртүрлі фигуралары бар парақшалар таратыңыз, оқушылар оны қайшымен қияды және Венн-диаграммасына қажетті фигураларды орналастырады.
Венн-диаграммасын өз қалауыңызбен өзгерте отырып, әр топқа әртүрлі тапсырмалар орындатыңыз. 1 топқа тапсырма. Үшбұрыштар және тең бұрышты фигуралар. 2 топқа тапсырма. Төртбұрыштар және тік бұрышты фигуралар. 3 топқа тапсырма. Көпбұрыштар және тең қабырғалы фигуралар. Бағалау критерийлері: Фигураларды таниды және ажырата алады; Фигуралардың қасиеттерін анықтай алады; Фигуралардың ортақ қасиеттеріне қарай топтастыра алады. Бұл тапырма оқушылардың зерттеушілік дағдысын және кеңістіктік ойлауын қалыптастырады. 2 тапсырма. Жұптық жұмыс. Оқушыларға әртүрлі фигураларды құрастыруға және көпжақтың жақтарының периметрін, бетінің ауданын немесе алынған фигураның жеке жақтарының аудандарын табуды ұсыныңыз. Ол үшін тік параллелепипедтерді (текшелерді) пайдаланыңыз. Оқушылар өздері қалаған мұнара, ғимарат немесе т.б. фигуралар құрастырады. Сол құрастырған фигуралардың алдыңғы бетінің, жалпы бетінің ауданын және алдыңғы бетінің периметрін есептеуді ұсыныңыз. Мысал ретінде келесіні көрсетуге болады. Бағалау критерийлері: Оқушылар фигураларды құрастыра алады; Құрастырылған фигуралардың бір бетінің ауданын таба алады; Құрастырылған фигуралардың бір бетінің периметрін таба алады. 3 тапсырма. Жеке жұмыс. Оқушылар берілген 7 фигураның ішінен үшеуін таңдап алып, оның жалпы периметрін, толық бетінің ауданын есептеуді ұсыныңыз. Мақсаты: оқушылардың кеңістіктік ойлауын, елестету және есте сақтау қабілеттерін дамытады. Тапсырманы бағалау. Оқушылармен бірге дайындалған бағалау критерийі бойынша бағалау жүргізіңіз. Бағалау критерийлері: Оқушылар берілген сызбадағы кеңістіктік фигураны дұрыс түсінеді; Сызбаның моделін текшелерді қолданып құрастыра алады; Текшенің бір бетінің периметрін есептей алады; Текшенің жалпы периметрін есептей алады; Текшенің бір бетінің ауданын есептей алады; Текшенің жалпы бетінің ауданын есептей алады; Текшелерден құралған фигуралардың толық бетінің ауданын есептей алады. Үй тапсырмасы: Сіз үй салғыңыз келді. Сізге кеңесшілер төмендегідей үйдің жобасының төрт нұсқасын ұсынды. Сіз қабырғасына аз материал жұмсап және үйіңіздің кең болғанын қалайсыз. Сіз әр нұсқаның периметрі мен ауданын есептеу арқылы қай нұсқаны таңдайтын едіңіз. | |||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады. | |||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Оқушылар тапсырманы өздері таңдауға мүмкіндік алады. Қабілеті жоғары оқушыларға күрделі құрастырылған үйшіктің ауданын табуды ұсынамын. | Оқушылар бағалау критерийлері бойынша өз-өздерін және сыныптастарын бағалайды. Бұл өз кемшіліктерін көріп, оны жөндеуге мүмкіндік алады. Мұғалім бақылау парағына сыныптағы оқушылардың әрекеттерін түсіріп отырады. Бұл сабақ соңында қорытынды бағалау жүргізуге көмектеседі. | Қағаздарды қайшымен қиюда мүмкіндігінше абай болуын ескерту. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? 1: 2: |
Пайдаланған ресурстар: сабақта қолданылған тәсілдер мен материалдарды өзім құрастырдым.
Фото-суреттер google.kz іздеушісінен алынған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?