Бөлшектерден құралған тізбектер. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3Вбөлім: Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану | Мектеп: Орал қаласындағы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Бөлшектерден құралған тізбектер | ||||||
Сабақтың түрі | Жаңа тақырыпты оқып-үйрену | ||||||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.2.3.4 бөлшектерден тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтау; 5.2.3.5 бөлшектерден тұратын тізбектердің заңдылықтарын ойластыру және тізбектерді құру. | ||||||
Сабақ мақсаттары | - құрамында бөлшектер бар сандық тізбектерді анықтайды және толықтырады; - бөлшектерден тұратын тізбектерді ойластыру, құрады. | ||||||
Бағалау критерийлері | Білу және түсіну: Сандық тізбектерді дұрыс анықтайды; Зерттеу: Сандық тізбек заңдылығын зерттейді. Талдау: Сандық тізбек құрылымының заңдылығын талдайды. Қолдану: Заңдылығы бойынша сандық тізбектерді құрады; тізбектің белгісіз мүшелерін табады. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - ондық бөлшектерді салыстыруды түсіндіре алады; - белгілі және белгісіз шамаларды сипаттай отырып, сандық тізбектің шешімін түсіндіреді. Пәнге тән лексика мен терминология: - разрядтары бойынша сандарды жіктеу; - сандарды разрядтары бойынша салыстыру; - - үтірден кейінгі таңбалар саны; - ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестер; Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - жай бөлшектің алымына ... саны қосылған (көбейтілген, бөлінген, азайтылған); - жай бөлшектің бөліміне ... саны қосылған (көбейтілген, бөлінген, азайтылған); - ондық бөлшекке ... саны қосылған (көбейтілген, бөлінген, азайтылған). | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Жұптық жұмыста - өзара құрмет, бір-бірінің пікірін сыйлау, адамгершілік, жеке жұмыста - адалдық, бағалауда - шыншылдық, жарқындылық. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Информатика, пәнішілік байланыс:натурал сандар тізбегі. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация. Сабақтың әр түрлі бөлімдерін оқыту кезінде көрнекілікпен қамтамасыз ету (көрнекілікті қамтамасыз ету үшін, есептерді орындау, бағалау кезінде уақыт ұту үшін); Білімді байқау үшін: easyQuizzy бағдарламасы. | ||||||
Бастапқы білім | Ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану, натурал сандар тізбегі. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланғанкезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 2 минут 2 минут 3 минут 5 минут | 1. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, олардың сабаққа даярлықтарын қадағалау. Жұпқа бөлу. /Қосымша 1/ Мақсаты: Натурал сандар тізбегі заңдылықтары тақырыбындағы білімді жаңарту. /Карточкаларды алып, жұптайды. Тізбек заңдылығын анықтап, тізбекті ретке келтіріп сәйкестендіру арқылы жұп құрылады және жұпқа қалай бөлінгендері туралы түсіндіреді, қайталау қамтылады/ Дағды: Білу және түсіну. Бағалау: Мұғалімнің мадақтауы, қолдау көрсетуі. 2. Бастапқы білімді қайталау, еске түсіру. Мақсаты: Натурал сандар тізбегі тақырыбын қайталау. Дағды: Білу және түсіну. 1. Сан тізбегі деген не? (1. Сұрақ барлық жұпқа қойылады, бір жұп жауап береді. 2. Әр жұп өз карточкаларындағы шешімдерін талдап береді.) 2. Сан тізбегі қалай құрылады? (Сұрақ барлық жұпқа қойылады, бір жұп жауап береді.) 3. Проблемалық жағдай туғызу. Жұптық жұмыс. Мақсаты: Оқушылар орындаған тапсырмаларын талдап, сабақтың тақырыбын анықтау. Дағды: Қолдану. Оқушыларға тапсырмалар ұсынылады: а) №1-2 тапсырмаларды орындайды. /Қосымша 2/ b) Сұрақ: 1. Бұл тізбектердің бұрынғы қарастырған тізбектен айырмашылығы неде? 2. Тізбектің құрамында қандай сандар бар? 3. Сонда бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? Оқушылар жасаған жұмыстарын талдайды, қорытындылайды. Мұғалім: пікірін айтады. | ||||||
Сабақтың ортасы 2 минут 3 минут 15 минут 10 минут | Оқушылар сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды. (Экранда көрсетіледі) 4. Жаңа тақырып. Бөлшектерден құралған тізбектер. Оқушылар оқу мақсатымен танысады. 5. Сергіту сәті. «Орныңды тап» ойыны. Ұжымдық жұмыс. /Қосымша 3/ Оқушылар бір саннан жазылған карточкаларды таңдап алады. Сол сандар бойынша тізбек құрап, заңдылығын анықтау керек. 6. Тақырыпты бекіту. Деңгейлік тапсырмалар. Жеке жұмыс. /Қосымша 4/ Мақсаты: Дағды: 1-деңгей: Қолдану; 2-деңгей: Талдау; 3-деңгей: Зерттеу. Оқушыларға қиындығы әр түрлі үш деңгейлі тапсырмалар беріледі. /Қабілеттеріне қарай тапсырмаларды орындайды. Тапсырмаларды дұрыс орындаған жағдайда, уақыты жетіп жатса келесі деңгей тапсырмаларын орындауға болады./ Бағалау: Оқушылар бір-бірін бағалайды. 7. Тест. Жеке жұмыс. /ҚБ/ Мақсаты: Оқушылар бөлшектерден құралған тізбектердің заңдылығын анықтау мен тізбектің белгісіз мүшелерін қаншалықты меңгергенін байқау. Оқушылар іс-әрекеті: Тапсырманы ноутбуктарда орындайды. Бағалау: Оқушы тапсырманы орындап болған соң қорытындысын экраннан көреді. Мұғалім: қолдау көрсетеді, нұсқау береді. | Логикалық сұрақтар. Шың-кітап. 2011. Интернет ресурстар easyQuizzy | |||||
Сабақтың соңы 3 минут | 8. Үйге тапсырма: Әр оқушы құрамында бөлшек сандар бар 2-3 тізбек ойластырып, құрып келу. 9. Сабақты қорытындылап, рефлексия жүргізу. Өзін-өзі бағалау. Мақсаты: Құрамында бөлшек сандар бар тізбектің заңдылығын анықтауды, оның белгісіз мүшесін таба алуды қаншалықты білетіндіктеріне, сабақтың мақсатына жеткендеріне көз жеткізу. Оқушылар іс-әрекеті: Сабақтан алған білімдерін қорытындылап, келесі сұрақтарға жауаптар күтіледі. (Ауызша) - Бүгінгі сабақ мақсаты қандай еді? - Ол мақсат орындалды ма? Неге? Бағалау: Мұғалім оқушылардың жауаптары мен жұмыстарын мадақтап, жігерлендіреді. |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Қабілетті оқушы топтық, жұптық жұмыс кезінде оқушыларға көмектеседі. Проблемалық сұрақтың жауабын іздеу, деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында көшбасшылық қасиетін көрсету керек. | Ауызша сұрақтар-жауап арқылы бағалау. Деңгейлік, тест тапсырмаларын орындату арқылы, рефлексия арқылы өзін бағалау, топтың, жұптың жұмысын бағалау. | Оқушылардың партада түзу отыруын, көздің АКТ қолданғанда уақытқа қатысты ережені сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?