Мәтін есептерді шығару. Математика, 5 сынып, дидактикалық материал.


Өзіндік жұмыс

І нұсқа

№1. Саяхатшы бірінші күні 64,8км, екінші күні бірінші күні жүрілген жолдың бөлігін, ал үшінші күні бірінші күнгі жолдан 20%-ға аз жол жүрді. Саяхатшы үш күнде қанша жол жүрді?

№2. Ара қашықтығы 32км болатын А және В пункттерінен бір уақытта қарама-қарсы бағытта велосипедші мен мотоциклист жолға шықты. Егер велосипедші 2 сағатта 29 км жүрсе, мотоциклші 3 сағатта 125 км жол жүреді. 1 сағаттан соң велосипедші мен мотоциклшінің ара қашықтығы қандай болады?

№3. Бір станциядан қарама –қарсы бағытта жүк және жолаушылар пойызы жолға шықты. Жолаушылар пойызының жылдамдығы 82км/сағ, жүк пойызының жылдамдығы жолаушылар пойызының жылдамдығының 65%-на тең. Неше сағаттан соң екі пойыздың ара қашықтығы 324,72км болады?

№4. Қайық ағыс бойымен 21,06км жүзді. Ағыстың жылдамдығы 2,1км/сағ. Ағыстың жылдамдығы қайық жылдамдығының 35%-на тең. Осы ара қашықтағы жерге барып қайтып келу үшін қайық қанша уақыт жұмсайды?

ІІ нұсқа

№1. Саяхатшы бірінші күні 72км, екінші күні бірінші күнгі жолдың 1 бөлігіндей жол жүрді. Екі күнде саяхатшы қанша жол жүрген?

№2. Ара қашықтығы 30 км болатын екі пункттен бір мезгілде бір бағытта екі мотоциклші жолға шықты. Біріншісінің жылдамдығы 40км/сағ, екіншісінікі 50км/сағ. Неше сағаттан соң екінші мотоциклші біріншісін қуып жетеді?

№3. Бір елді мекеннен қарама-қарсы бағытта мотоциклші мен жүргізуші жолға шықты. Автомобильдің жылдамдығы 75км/сағ, ал мотоциклдің жылдамдығы автомобильдің жылдамдығының 64%-на тең. Неше сағаттан соң олардың ара қашықтығы 319,8км болады?

№4. Теплоход ағыс бойымен 67,76км жүздіп барды да кері қайтты. Ағыс жылдамдығы 2,64км/сағ-қа тең. Ағыс жылдамдығы теплоходтың меншікті жылдамдығының 12%-ін құрайды. Осы ара қашықтағы жерге барып қайтып келу үшін қайық қанша уақыт жұмсайды?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу