Жай бөлшектерді және аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1.C Жай бөлшектер | Мектеп: НЗМ ХББ Атырау қаласы | |||||||||||||||||||||||||||||
Күні: 2017 | Мұғалімнің аты-жөні: Сарсембиева Ш.Г. | |||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жай бөлшектерді және аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа ұғымды меңгерту сабағы | |||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 5.5.3.3 жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу; | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушыларды:
| |||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері
|
|
| ||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Жай бөлшек, дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сан, координаталық сәуле, бірлік кесінді, нүктенің координатасы,... Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| |||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық: Төзімділік, ынтымақтастық, өзара сыйластық, белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену жаңаны тез игеруге дайын болу. Академиялық адалдық: Топпен, жұппен жұмыстану барысында бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, жауапкершілік, мақсатқа ұмтылу, академиялық адалдық ұстанымдарын сақтау, идеялармен алмасуға, талқылауға және жұптық, топтық жұмыстарды бағалауға дайын болу. | |||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Алған білімдерін физика, химия, информатика пәндерінде қолдану | |||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, Active Inspair тақтасымен жұмыс жасау | |||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Сәуленің түсінеді және сыза біледі. Жай бөлшектерді, соның ішінде дұрыс және бұрыс бөлшектерді біледі. Бұрыс бөлшектерді аралас санға айналдыра біледі. | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 минут | Оқушылармен амандасу, түгендеу. Ой түрткі:
| |||||||||||||||||||||||||||||
5 минут |
Тарсия бағдарламасымен дайындалған тапсырмалар қиылып, араласып беріледі. Оқушылар сәйкестікті анықтайды.
| «Тарсия» бағдарламасы | ||||||||||||||||||||||||||||
10 минут | Жаңа сабақ: Жай бөлшектерді және аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу Оқушыларды бүгінгі сабақтың мақсаты, жетістік критерийлерімен таныстыру. Оқушыларға оқулықпен жұмыс жасауын ұсынамын. Оқушыларды топқа біріктіремін, әрбір топқа тапсырмасы мен тапсырманы орындау алгоритмі бар үлестірме таратамын. Оқушыларды топқа бөлу: яғни қағаз қиығына бұрыс, дұрыс және аралас сандарды жазып, үстел үстіне қойылады. Оқушылар келіп үстелден бір – бірден қағаз қиығын алып, ондағы санды оқып, өз тобын тауып алуы керек. Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді. Топ аттары: «Дұрыс бөлшек», «Бұрыс бөлшек» және «Аралас сан». Тапсырманы орындау алгоритмі:
Тапсырма барысында мынадай сұрақтарға жауап береді.
Жұмыстарын аяқтаған соң топтар тақтада постерлермен қорғап, қорытынды жасайды. Қорытынды: Ереже : Бірлік кесіндісі берілген сәуле координаталық сәуле деп аталады. Бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу үшін : 1.бөлшектің бөлімінде қандай сан болса, бірлік кесінді сонша тең бөлікке бөлінеді. 2.бөлшектің алымында қандай сан болса, бірлік кесіндінің сонша бөлігін алу керек. •Дұрыс бөлшек 1 – ден кіші болғандықтан, ол координаталық сәуледе 0- ден 1- ге дейінгі аралықтағы нүктелермен кескінделеді. •Бұрыс бөлшек 1-ге тең немесе 1- ден үлкен болғандықтан, координаталық сәуледе 1-де немесе 1- дің оң жағында кескінделеді. •Координаталық сәуле бойында берілген нүкте бір ғана санға сәйкес келеді Жай бөлшек пен аралас сандардың координаталық сәуледегі орнын белгілеу үшін, бірлік кесіндінің ұзындығын дұрыс таңдау маңызды. Жай бөлшектерді координаталық сәуледе белгілеудің ең қолайлы нұсқасы — бірлік кесіндіні бөлшектің бөліміндегі сандарға сәйкес тор көздермен алу керек. Мысалы, егер, сандарын координаталық сәуледе белгілеу берілсе, онда бірлік кесіндінің ұзындығын 5 тор көзден тұратындай етіп алған жөн. Егер бөлшек әр түрлі бөлімде берілсе, онда координаталық сәуленің бірлік кесіндісін мүмкіндігінше барлық бөлшектердің ортақ бөлімдеріне сәйкес келетін тор көздермен алған жөн. Мысалы, егер бөлшектердің бөлімдері 8, 4 және 2 болса, онда бірлік кесінді ұзындығын сегіз тор көз етіп алған ыңғайлы. санын координаталық сәуледе белгілеу қажет болса, бірлік кесіндіні 8 бөлікке бөліп, соның 7 бөлігін аламыз. | Математика 5 – сынып авторлары Т. А. Алдамұратова мен Е. С. Байшоланов, Алматы «Атамұра» 2015ж. РРТ | ||||||||||||||||||||||||||||
5 минут | Жалпы сыныппен жұмыс: Оқушылар тақтада берілген сұрақтарға «Ақиқат» немесе «жалған» деп жауап беру керек. (Ол үшін оқушылардың қолында жасыл және қызыл түсті қатты қағаздан жасалған белгішелер болады, интерактивті тақтадан тапсырмалар бірінен соң бірі шығарылады.) Ақиқат болса жасыл түсті, ал жалған болса қызыл түсті көтереді. Тапсырмалар:
| Математика 5 – сынып авторлары Т. А. Алдамұратова мен Е. С. Байшоланов, Алматы «Атамұра» 2015ж. | ||||||||||||||||||||||||||||
5 минут | Топтық жұмыс Логикалық есеп: 1 топқа: 1 м 50 см матаны ешбір өлшеу құралдарын пайдаланбай, 45 см матаны қалай қиып алуға болады? Жауабы: матаны 5 бөлікке бөлу, әр қайсысы 30см, екіншісін тағы 2 ге бөлеміз. 2 топқа: 1м 20см матаны ешбір өлшеу құралдарын пайдаланбай, 45 см матаны қалай қиып алуға болады? Жауабы: матаны 4 бөлікке бөлу, әр қайсысы 30см, екіншісін тағы 2 ге бөлеміз. 3 топқа: 1м 40см матаны ешбір өлшеу құралдарын пайдаланбай, 35см матаны қалай қиып алуға болады? Жауабы: матаны 2 бөлікке бөлу, әр қайсысы 70см, екіншісін тағы 2 ге бөлеміз Әр топтың тапсырмасын дескриптор арқылы «карусель» әдісімен тексереді.
| |||||||||||||||||||||||||||||
5 минут | Жұппен жұмыс: №1. Бірлік кесінді ретінде 10 см кесіндіні алып, координаталық сәуле сызыңдар. Оның бойынан: А(), В(), С(), D() нүктелерін белгілеңдер. №2. Бірлік кесінді ретінде 6 см кесіндіні алып, координаталық сәуле сызыңдар. Оның бойынан:, , , 2 бөлшектерін кескіндейтін нүктелерді белгілеңдер. №3. Жұмысшылар жолдың берілген ұзындығына 12 күнде асфальт төсеп болды. Әрбір күндегі осындай жұмыс көлемін сақтай отырып, олар 5 күнде және 10 күнде жолдың қандай бөлігіне асфальт төседі? Координаталық сәуледе кескіндеп көрсетіңдер.
| Математика 5 – сынып авторлары Т. А. Алдамұратова мен Е. С. Байшоланов, Алматы «Атамұра» 2015ж. | ||||||||||||||||||||||||||||
10 минут | Жеке жұмыс: №1. Екі үйдің арасында ит мысықты көріп қуа жөнелді. Екі үйдің арасын бірлік кесінді ретінде алып: 1) иттің тұрған жеріне сәйкес нүктені әріппен белгілеп, оны координатасымен жазыңдар; 2) мысықтың тұрған жеріне сәйкес нүктені әріппен белгілеп, оны координатасымен жазыңдар; 3) мысық иттен бірлік кесінді есебімен қандай қашықтықта? Бөлшекпен жазыңдар. №2. Домбыраны координаталық сәуле бойына орналастырғанда домбыраның тиегіне (А нүктесіне), мойнына (В нүктесіне) және құлағына (С нүктесіне) қандай бөлшектер сәйкес келеді? А, В және С нүктелерін координаталарымен жазыңдар. Домбыраның басы тиегінен бірлік кесінді есебімен қандай қашықтықта?
| Математика 5 – сынып авторлары Т. А. Алдамұратова мен Е. С. Байшоланов, Алматы «Атамұра» 2015ж. | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын тақырып критерийлері бойынша бағалайды. Сабақ соңында оқушылар «ББҮ» стратегиясымен рефлексия жүргізеді. Рефлексия - Мен осы сабақта не білдім ...... - Осы сабақта алған білімдерімді қайда қолданамын..... - Сабақтан кейінгі менің көңіл-күйім (смайликпен таңдау) | |||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциациялық тапсырманы ұсыну | Оқушылардың топтық және жеке жұмыстарға қатысуын бақылау, дұрыс бағыт беру үшін кері байланыс жасау және қалыптастырушы бағалау жұмыстарын беру арқылы жеке оқудағы жетістіктеріне көздерін жеткізу | Оқушылардың денсаулығы мен өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Психологиялық жағымды ахуал туғызу, сергіту сәтін ұйымдастыру; Сабақ алдында бөлмені желдетіп алу | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Білімін актуалдандыру үшін теориялық түсінікті қайталауға берілген қысқа жауапты сұрақтар. 2: Әр оқушының жеке жауапкершілігі, белсенділігі сабақтағы алға қойылған мақсатқа кол жеткізуге зор ықпалын тигізді. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Тайм менеджмент 2: Берілген тапсырмаларды оқушылардың өздері толық орындалуы үшін негізгі түсініктерді, ұғымдарды толық білуі керек. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?