Жай бөлшектерді және аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу. Математика,5 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы:
Жай бөлшектерді және аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу5 сынып
Оқу мақсаты:
5.5.3.3 Жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу;
Бағалау критерийлері:
Бөлім бойынша терминология
Ой түрткі:
Үлес дегеніміз не?
Жай бөлшектің алымы, бөлімі нені көрсетеді?
Жай бөлшектің негізгі қасиеті?
Дұрыс бөлшек дегеніміз не?
Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
Аралас сан дегеніміз не?
Топпен жұмыс:
Сәйкестікті анықтаңыз:
Топпен жұмыс:
Тапсырманы орындау алгоритмі:
Мынадай сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Ох сәулесінің бойындағы бір нүктеге неше сан сәйкес келеді?
2. Координаталық сәуле қалай сызылады?
3. Бірлік кесінді деп нені түсінесің?
4. Координаталық сәуленің санақ басы қайсы нүкте?
5. Нүктенің координатасы дегеніміз не?
6. Дұрыс және аралас бөлшектерді координаталық сәуледе қалай кескіндейді?
Қорытынды:
Ереже : Бірлік кесіндісі берілген сәуле координаталық сәуле деп аталады.
Бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу үшін :
1. бөлшектің бөлімінде қандай сан болса , бірлік кесінді сонша тең бөлікке бөлінеді.
2. бөлшектің алымында қандай сан болса , бірлік кесіндінің сонша бөлігін алу керек.
Жай бөлшектерді және аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу
О
А
В
С
Дұрыс бөлшек 1 – ден кіші болғандықтан , ол координаталық сәуледе 0- ден 1- ге дейінгі аралықтағы нүктелермен кескінделеді.
Бұрыс бөлшек 1-ге тең немесе 1- ден үлкен болғандықтан , координаталық сәуледе 1-де немесе 1- дің оң жағында кескінделеді.
Координаталық сәуле бойында берілген нүкте бір ғана санға сәйкес келеді
*
Егер бөлшек әр түрлі бөлімде берілсе, онда координаталық сәуленің бірлік кесіндісін мүмкіндігінше барлық бөлшектердің ортақ бөлімдеріне сәйкес келетін тор көздермен алған жөн.
Мысалы, егер бөлшектердің бөлімдері 8, 4 және 2 болса, онда бірлік кесінді ұзындығын сегіз тор көз етіп алған ыңғайлы.
7/8 санын координаталық сәуледе белгілеу қажет болса, бірлік кесіндіні 8 бөлікке бөліп, соның 7 бөлігін аламыз.
Жалпы сыныппен жұмыс:
Тапсырмалар:
Өзара тең бөліктер үлес деп аталады;
1/2; 3/5; 5/6; 8/9 бөлшектері қысқартылмайтын бөлшектер;
Бөлшек сызығының астында бөлшектің алымы жазылады;
15 минут 1 сағаттың 1/4 бөлігі;
1 саны координаталық сәуледе 2/3 бөлшегінің оң жағында орналасады;
Дұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазуға болады.
Топтық жұмыс:
Логикалық есеп:1 топқа: 1 м 50 см матаны ешбір өлшеу құралдарын пайдаланбай, 45 см матаны қалай қиып алуға болады? Жауабы: матаны 5 бөлікке бөлу, әр қайсысы 30см, екіншісін тағы 2 ге бөлеміз.
2 топқа: 1м 20см матаны ешбір өлшеу құралдарын пайдаланбай, 45 см матаны қалай қиып алуға болады? Жауабы: матаны 4 бөлікке бөлу, әр қайсысы 30см, екіншісін тағы 2 ге бөлеміз.
3 топқа: 1м 40см матаны ешбір өлшеу құралдарын пайдаланбай, 35см матаны қалай қиып алуға болады? Жауабы: матаны 2 бөлікке бөлу, әр қайсысы 70см, екіншісін тағы 2 ге бөлеміз
Жұппен жұмыс:
Жеке жұмыс:
№1. Екі үйдің арасында ит мысықты көріп қуа жөнелді. Екі үйдің арасын бірлік кесінді ретінде алып: 1) иттің тұрған жеріне сәйкес нүктені әріппен белгілеп, оны координатасымен жазыңдар; 2) мысықтың тұрған жеріне сәйкес нүктені әріппен белгілеп, оны координатасымен жазыңдар; 3) мысық иттен бірлік кесінді есебімен қандай қашықтықта? Бөлшекпен жазыңдар.
Жеке жұмыс:
№2. Домбыраны координаталық сәуле бойына орналастырғанда домбыраның тиегіне (А нүктесіне), мойнына (В нүктесіне) және құлағына (С нүктесіне) қандай бөлшектер сәйкес келеді? А, В және С нүктелерін координаталарымен жазыңдар. Домбыраның басы тиегінен қандай қашықтықта?
Рефлексия:
Мен осы сабақта не білдім ......
Осы сабақта алған білімдерімді қайда қолданамын.....
- Сабақтан кейінгі менің көңіл-күйім (смайликпен таңдау)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?