Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1В : Натурал сандардың бөлінгіштігі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мерзімі: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сыныбы: 5 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: | 5.5.2.2 мәтін есептерді шығаруда ЕҮОБ және ЕКОЕ қолдану; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | ЕҮОБ және ЕКОЕ табу жолдарын меңгеру | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі: | Жаңа білімді бекіту | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: | Оқушы - есеп шығаруда ЕҮОБ және ЕКОЕ қолдана алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар:
| Тілдік мақсат - ЕҮОБ және ЕКОЕ анықтамасын біледі; Пәнге қатысты лексика мен терминология: - санның бөлгіштері; - сандардың бөлгіштерінің ең үлкені; - сандарға еселі сандар; - еселіктердің ең кішісі. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - екі санның ортақ бөлгіштерінің ең үлкенін ... деп атайды; - екі санның еселіктерінің ең кішісін ... деп атайды; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Жұп сандар, тақ сандар, құрама сан, жай сан, өзара жай сандар. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі 1 минут | Мақсат: сабақтың басын ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылар назарын аудару. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үй жұмысын тексеру 2-минут | Мақсат: Үй жұмысында оқушылар жіберген қателерді түзету. Үй тапсырмасын тексеру, қиындық туғызған есептерге нұсқау жасау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсатын қою 2 минут | Мақсат: Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау. «Жақын арада даму аймағын» анықтау. Өтілген сабақпен жаңа сабақты байланыстыру сұрақтары: (6 мин) Ауызша есептеу: - 9 –ға еселі сандарды ата. - Қай сандар жай сандар? (4,5,9,13,14,17,21,27) - басқа сандар қандай сандар? - 12, 15,20 сандарының бөлгіштерін ата. - Қандай сандар өзара жай сандар деп аталады? - Екі санның ЕҮОБ қалай табады? - Екі санның ЕКОЕ қалай табады? Табыңыздар: ЕКОЕ (135, 75) = 675 ЕКОЕ ( 18, 20) = 180 ЕҮОБ (24, 36) = 12 ЕҮОБ (120, 36) = 12 Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері айтылады. Сабақ мақсатын қою (слайд 1). Бағалау критерийлері оқушылармен таңдалады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаңа білімді меңгеру 15 минут | Топтық жұмыс. Есеп 1. 210 қызғылт, 126 ақ, 294 қызыл раушан гүлдерінен букет дайындалды. Әрбір букетте әр түрлі түстегі гүлдер саны бірдей. Ең көп дегенде қанша букет дайындалды және ондағы әр түрлі түстегі гүлдер санын анықтаңыз? Шешуі: 1) ЕҮОБ ( 210, 126 және 294) = 42 (букет). 2) 210 : 42 = 5 (қызғылт раушан). 3) 126 : 42 = 3 (ақ раушан). 4) 294 : 42 = 7 (қызыл раушан). жауабы: 42 букет: әр букетте 5 қызғылт, 3 ақ, 7 қызыл раушан гүлдер. Есеп 2. Балалар бақшасындағы топтарға тарату үшін 28 ойыншық машина, 35 қуыршақ және 77 доп сатып алынды. Балалар бақшасындағы әрбір топқа ойыншық машиналар тең бөлініп, қуыршақтар тең бөлініп, доптар тең бөлініп берілді. Ойыншықтар балалар бақшасындағы неше топқа бөлініп берілді? Әрқайсысы қаншадан таратылды?Шешуі: берілген сандардың бөлгіштерін табамыз: 28: 1, 2, 4, 7, 14, 2835: 1, 5, 7, 3577: 1, 7, 11, 77ЕҮОБ(35, 28, 77)=7. Жауабы: Ойыншық машиналар 4, қуыршақ 5, доп 11 данадан таратылды. Есеп 3. Портты қаладан туристер үшін теплоходтар үш түрлі бағытта рейстерге шығады. Бірінші рейс 15 тәулікке, екінші – 20, үшінші – 12 тәулікке созылады. Теплоходтар портқа келген бойда рейске қайта шығады. Бүгін теплоходтар үш бағытқа бірдей рейстерге шықты. Қанша күннен кейін олар порттан тағы да бірдей уақытта рейстерге шығады? Қайта кездескенге дейін әрбір теплоход қанша рейс жасайды? Шешуі: 1) ЕКОЕ (15,20 және 12) = 60 (тәулік) – қайта кездеседі. 2) 60 : 15 = 4 (рейс) – 1 теплоход. 3) 60 : 20 = 3 (рейс) – 2 теплоход. 4) 60 : 12 = 5 (рейс) – 3 теплоход. Жауабы: 60 тәулік, 4 рейс, 3 рейс, 5 рейс. Есеп 4. Жол бойында әрбір 45 метр сайын электр бағаналары орналасқан. Осы бағаналарды ара қашықтығы 60 метр болатындай жаңа электр бағаналарымен алмастырылды. Бұрын қанша бағана болды, олар қанша бағаналарға ауыстырылды? шешуі: 1) ЕКОЕ (45 және 60) = 180. 2) 180 : 45 = 4 –бұрынғы бағаналар саны. 3) 180: 60 = 3 – жаңа бағаналар саны. Есеп 5. Жауынгерлер парадты шеруде қатарласып жүргенде 12-ден, сапқа тұрғанда 18-ден жүріп өтті. Шеруге қанша жауынгер қатысты? Шешуі: ЕКОЕ (12 және 18) = 36 (жауынгер). жауабы: 36 жауынгер. | Математика, 5 сынып, 1 бөлім, Т.Алдамұратова, Е.Байшоланов, 2015 ж. Презентация | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақты бекіту 13 минут | Оқушылар жеке тапсырмалар орындайды. І.Өзара жай сандарды тап:
ІІ.Cематикалық карта
Тест 1-нұсқа 1)5,9,15,21,24,50,60 сандарынан 120-ның бөлгіштерін тауып, теріп жазыңыз: А)5,15,24,60 В)15,24,21,9 С)24,60,50,21 2) 63 саны жай сан ба, құрама сан ба? А) құрама В) жай С) дұрыс жауап жоқ 3)105,156,255,275,345,415,465 сандарының қайсылары 15-ке бөлінеді? Теріп жаз А)15,255,345,465 В)15,255,275,415 4)теңдеуді шешіңдер: 3(4х+13)-25=74 А)5 В)13 С)2 5)1,3,8,7,9,4 сандарының ішінен тақ цифрларды теріп жазыңыз А)1,3,7,9 В)3,8,4,9 С)8,3,1,4 6) 543+84 қосындысы 5, 4 және 3сандарының қайсысына бөлінеді А)3 В)5 С)4 2 -нұсқа 1)45,50,70,75,90,100,120 сандарынан 25-тің еселіктерін тауып, теріп жаз: А)50,75,100 В)75,50,45 С)120,75,50,90 2) 61 саны жай сан ба,құрама сан ба? А) жай В) құрама С) дұрыс жауап 3)135,315,325,360,495,506,585 сандарының қайсылары 45-ке бөлінеді? Теріп жаз. А)135,315,360,495,585 В)135,360,495,506 4)теңдеуді шешіңдер: 2(11х-5)-17х=55 А)13 В)2 С)14 5)1,7,4,2,8 сандарының ішінен жұп цифрларды теріп жазыңыз А)4,2,8 В) 8,2,7,0 С)0,7,4,2 6) қандай сандар 5-ке бөлінеді А)15,45,20,50 В)10,45,16,20 С)45,50,18,22 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қалыптастырушы бағалау жұмысы 10 минут | Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары: 1. (746) Маржан дүңгіршектен бағасы 80 тг лотерея билеттерін немесе бағасы 60 тг маркаларды сатып алуы керек. Сатушының қайтаратын ақшасы болмаған жағдайда Маржан үйінен кем дегенде неше теңге ақша алып шығуы керек. 2. (747)1) 42-ге бөлгіш, ал 7-ге еселі сандарды; 2) 78-ге бөлгіш, ал 13-ке еселік сандарды; 3) 114-ке бөлгіш, ал 19-ға еселік сандарды жазыңдар. 3. (751) 25, 44, 26 және 105 сандарынан өзара жай сандардың төрт жұбын құрастырыңдар. 4. (752) Тік бұрышты параллелипипедтің өлшемдері жай сандармен өрнектелген. Оның көлемі 165 см3. Осы тік бұрышты параллелипипедтің өлшемдерін табыңдар. | Математика, 5 сынып, 1 бөлім, Т.Алдамұратова, Е.Байшоланов, 2015 ж. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытындылау 2 минут | Сабақты қорытындылау. Жеке рефлексия (4 мин)
Оқушылар рефлексия парақшаларын жеке –жеке толтырып, мұғалімге тапсырады. Үйге тапсырма (1 мин). Үй тапсырмасына бағыт бағдар беру. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау | Бағалау | ҚТ және денсаулық | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Төмендегі жұмыстарға арналған тапсырмаларды таңдауда саралау қолданылады Топтық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді.
| Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау. Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау. Жұптар бағалау критерийі арқылы бір-бірін бағалайды. Сабақ соңында оқушылар өздерінің жеткен жетістіктері жайлы өзін – өзі бағалайды. | Сабақты бекіту кезеңінің алдында «көз жаттығуын» жасатамын. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?