Қос теңсіздік. Математика, 4 сынып, презентация.
Математика
4 - сынып
қос теңсіздікпен танысасың;
қос теңсіздіктердің шешімдер жиынын табуды
үйренесің.
Сен
Тақырыбы:
Қос теңсіздік
Ғарышкер болғым келеді!
Ерхан, Сұлтан және Аружан ғарышкер болғысы келеді. Ерхан 18 жаттығу, Аружан
12 жаттығу жасады. Сұлтан Ерханнан кем, Аружаннан артық жаттығу жасады. Сұлтан неше жаттығу жасауы мүмкін? Мүмкін жауаптарын таңда: 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19.
Есте сақта!
< а < 18 қос теңсіздігінің оқылуы:
а саны 12-ден артық,
бірақ 18-ден кем.
< а және а < 18 теңсіздіктерін қосу арқылы
12 < а < 18 түрінде жазады. 12 < а < 18 теңсіздігін
қос теңсіздік деп атайды. Қос теңсіздік
шешімдерінің жиыны екі теңсіздікке де тиісті
болады және былай жазылады: {17, 16, 15, 14, 13}
Аспан әлемінде
Ғарыш денелерінен 45 < c < 65 қос теңсіздігінің шешімі болатын денені тап.Қос теңсіздік шешімдерінің жиынын жаса, оқы.
Жауабы:
45 < а < 65 оқылуы:
а саны 45-тен артық, бірақ 65-тен кем.
{50, 55, 60};
45 < 50 < 65 оқылуы:
50 саны 45-тен артық, бірақ 65-тен кем;
45 < 55 < 65 оқылуы:
55 саны 45-тен артық, бірақ 65-тен кем ;
45 < 60 < 65 оқылуы:
60 саны 45-тен артық, бірақ 65-тен кем.
Шығарып көр
Теңсіздіктерден қос теңсіздік құрап жаз:
22 < a; a < 30; х > 158; 19 > c; с > 12; x < 200. Шешімдер жиынын жазып, оқы.
Жауабы:
22 < a < 30 158 < x < 200 12 < с < 19
Орындап көр
Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың көлемін салыстыра отырып, қос теңсіздік құрастыр. Ең үлкен және ең кіші ғаламшарларды атай отырып, ғаламшарлар жиынының шешімін тауып көр.
Жауабы: Меркурий < с < Юпитер
{Шолпан, Жер, Марс, Сатурн, Уран, Нептун}
Сен білесің бе?
?
Егер күннің үлкендігін футбол добындай
десек, Юпитердің үлкендігі гольф добындай болса, онда Жер шары небары бұршақ сияқты.
Ойлан
Цифрларының қосындысы 29-ға тең болатын және 10-ға бөлінетін бес таңбалы сан жаз.
9+8+7+5+0=29
Қайтала
Велосипедші мен мотоциклші бір мезгілде
екі ауылдан бір-біріне қарама-қарсы бағытта шықты. Велосипедші 12 км/сағ жылдамдықпен,
ал мотоциклшінің жылдамдығы 65 км/сағ. Егер екі ауылдың арақашықтығы 385 км болса, олар қанша сағаттан кейін кездеседі?
Шешуі: 385 : (12 + 65)= 5 (сағ)
Жауабы: олар 5 сағаттан кейін кездеседі.
Рефлексия
«Ғарышқа хат»
SMS
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?