Кеңістіктік ойлауға арналған логикалық есептер. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Қозғалысқа, егіннің түсімділігіне берілген есептер | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||
Тақырыбы: | Кеңістіктік ойлауға арналған логикалық есептер | |||||
Оқу мақсаты: | 4.4.2.2 кеңістіктік ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық есептерді шығару | |||||
Ғылыми тіл |
| |||||
Құндылықтар | Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу | |||||
Пәнаралық байланыс | жаратылыстану | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | шамалар арасындағы тәуелділікті біледі | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | (Т) Шығарып көр. а) Оқушы құс ұясы 12 суреттің қайсысы арқылы жасалатынын көрсетуі керек. Ол үшін көзге елестетуді, бөлшектердің өлшемдерін ойша салыстыруды қолданады. Оқушыларға үйшіктің алдыңғы жағынан, оң және сол жағынан, артқы жағынан қарағанда, қандай фигуралар көруі мүмкін екенін сұрау. Біртіндеп, ұяның барлық элементтерін осы тәсілмен жияды. Қабылеті жоғары оқушылар көмексіз де орындайды, оларға басқа оқушыларға көмек көрсету. Жауабы: 1, 3, 5, 6, 9, 10, 11, 12. ә) Орындау үшін оқушы текшелерді санау керек. Сандарды салыстыру арқылы дұрыс жауапқа келеді. Бірінші конструкцияда 11 текше, екіншіде — 11 текше. Елестету мүмкіндігі аз оқушылар үшін дайындап қойған 11 текшені суреттегідей етіп құруды ұсыну. Жауабы: жетеді, өйткені текшелер саны бірдей — 11. б) Оқушылар көзге елестету нәтижесінде қандай жеміс текшенің қай жағында тұрғанын айтуы керек. Дайындалған текше жазбаларын тарату. Оқушылар текше жақтарына жеміс суреттерін салып, тешкені жинау нәтижесінде дұрыс жауапты айта алады. Суреттегі айырмашылық алманың орналасуында (жоғары, төмен, оңға қарайды). Жауабы: алхоры, алмұрт, банан. | Есептерге сәйкес макеттер текше жазбаларын | ||||
Сабақтың ортасы | (Т) Ойлан. Оқушыларды шағын топтарға біріктіру. Бірігу кезінде қабылетті деп таныған оқушылардың әр топта болуын қадағалау. Ол оқушылар шағын топ мүшелерін дұрыс идеяға қарай бағыттауға көмек болады. Оқушылар көзге елестету нәтижесінде дұрыс жауапқа келеді. Топтар құрамын ауыстыру арқылы жауаптарды тексереді. Тақтада дұрыс жауапты көрсетіп, оқушылар өз жауаптарын салыстырады. Топ жұмысы үшін оқушылар қол шапалақтау арқылы мадақтау көрсетеді. Жауабы: А — 2; Ә — 3; Б — 6; В — 7. (Ө)Орындап көр. Оқушылар жұмысты жеке орындайды. Әрқайсысы шаршы пішінді қағазды төртке бүктейді, оның бұрышын қайшымен қияды. Қағазды ашпай тұрып, көзге елестету арқылы оның жазбасының суретін салады немесе берілген нұсқалар арасынан табады. Қиылған қағазды жазып, өз ойының дұрыстығын тексереді. Оқушыларға өзіндік бағалау жасау үшін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау. Қайтала. Салыстыр: а) 16 км * 1 307 м; ә) 416 мм * 42 см; б) 2 дм 8 см * 31 мм; в) 32 кг * 3207 г; г) 141 ц * 1410 кг; ғ) 1276 с * 21 мин; д) 3 тәул. 6 сағ * 100 сағ; е) 56 т * 57000 кг; ж) 321 км * 320 001 м. Жауабы: 16 км > 1307 м; 416 мм < 42 см; 2 дм 8 см > 31 мм | Есептер жазылған қима қағаздар | ||||
Сабақтың соңы Кері байланыс | «Екі жұлдыз бен бір тілек» стратегиясы ойыны түрінде өткізу. Сары жапсырмалардағы оқушылар сабақта оларға ұнаған екі мезетті бекітеді, ал жасыл жапсырмадағы оқушылар өздерінің ойынша жұмысын жақсартуы мүмкін бір тілекті бекітеді. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?