Шамалардың өзара тәуелділігі. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Пән:математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

«Мәдени мұра»

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Шамалардың өзара тәуелділігі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2А бөлімі – Өрнектер. Қозғалысқа есептер

4.5.1.2** есептерді шешу кезінде шамалар арасындағы тәуелділікті пайдалану: жылдамдық, уақыт, арақашықтық

Сабақ мақсаттары

Есептерді шешу кезінде шамалар (жылдамдық, уақыт, арақашықтық) арасындағы тәуелділікті пайдалануды үйрету

Бағалау критерийлері

Есептерді шешу кезінде шамалар (жылдамдық, уақыт, арақашықтық) арасындағы тәуелділікті пайдаланады

Тілдік мақсаттар

жылдамдық, уақыт, арақашықтық,жол

Миссия және пайымдау

Алған білімдерін өмірде қолдана алады.

Жаһандық азаматтық

Тақырыпты түсінбеген сыныптастарына түсіндіру, көмек беру.

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік,адалдық,серіктестік

Пәнаралық байланыстар

АКТ ,дүниетану пәндерімен байланыстыру.

Бастапқы білім

Есепті талдайды, шеше алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

І.Ұйымдастыру бөлім

-Сабақ басталды.

-Жақсы.Отырыңдар

Сабаққа таза тақта керек, ендеше тақтамызды тазалап алайық.

«Таза тақта» ойынын ойнай қайталау жұмысын жүргізейік,өткен сабақта не білдік.

S

t

V

S=V*t

V=S t

t=S V

арақашықтық пен уақыт белгілі болса, жылдамдықты табу үшін....

арақашықтықты табу үшін.....

уақытты табу үшін..........

км/сағ, м/с, км/мин

мм,см,м,км

с,мин,сағ,тәул.

Бүгінгі сабақ тақырыбы мен мақсатын болжап көріңдерші.

Сабақ мақсаты: Қозғалысқа берілген есептерді шешу кезінде шамалар (жылдамдық, уақыт,арақашықтық) арасындағы тәуелділікті пайдалануды үйренесіңдер

Балалар ойланып көріңдерші.Неге қозғалыс есептерін шеше білуіміз керек? Қандай қажеттігі бар?

– (кездесуге кешікпей келуіміз үшін,уақытты үнемдеп пайдалана алуымыз үшін,авария болмас үшін,өмір қауіпсіздігі үшін )

Құндылықтар :

Құрмет, серіктестік, жауапкершілік, адалдық, функционалдық сауаттылық, өмір бойы білім алу

(Ж) Суреттегі заттарды қажетті жылдамдықпен сәйкестендіріп, сыз.

Жылдамдық

Қозғалатын денелер

Тексеру

18 км/сағ

22 км/сағ 

4 км/сағ

60км/сағ

50 см/мин   

8 км/с

800км/сағ

Бағалау : жұптар бірін бірі бағалайды

Дәптермен жұмыс 73 бет

Шамалардың өзара тәуелділігіне анықтайтын ережелерді шығарайық.

Велосипедші 3 сағатта 18 км/сағ жылдамдықпен қанша километр жол жүрді?

Шешуі : 3*18=54 км

Жеңіл машина 172 километр жолды 2 сағатта жүріп келді.Машинаның жылдамдығын тап .

Шешуі : 172:2=86 км саг

Ұшақ 900 км/сағ жылдамдықпен 2700 км ұшса, қанша уақыт жолда болған

Шешуі : 2700:900=3 саг

«Мәдени мұра» ортақ тақырыбын бастағанымызды білесіңдер.Бүгінгі сабақта еліміздің оңтүстігінде орналасқан мәдени мұра болып табылатын ғимаратпен таныстырғым келеді.Картадан Оңтүстік Қазақстан облысын тапқызу.

Саяхатшылар Талдықорған қаласынан Түркістан қаласына жеңіл машинамен жолға шықты. Бірінші күні 9 сағатта 522 километр жол жүрді.Екінші күні машина жылдамдығын 10км / сағ арттырып , 8сағат жүрді.Саяхатшылар екі күнде неше км жол жүрді?

Шешуі:

522:9=58км саг

58+10=68км саг

68*8=544 км

522+544=1066км

Жауабы: 1066км жол жүрді.

«Түркістан» бейнежазбасын көрсету.

(Т) Арақашықтық, уақыт,жылдамдыққа берілген есептерді шешу

1 топ

1.Дельфин 18км /сағ жылдамдықпен 3 сағат жүзді.Ол неше километр жүзді?

2.Машина 120 км сағ жылдамдықпен 240 километр жол жүрсе,неше сағат жолда болған?

3.Адам 20 км жолды 5 сағатта жүріп өтті.Ол қандай жылдамдықпен қозғалған?

1есеп

2есеп

3есеп

2 топ

1.Оқушылар 5км сағ жылдамдықпен 3 сағат жол жүрді.Олар неше километр жол жүрген?

2.Ұшақ 900 км сағ жылдамдықпен 1800 километр ұшып келсе,неше сағат жолда болған?

3.Салт атты 38 км жолды 2 сағатта шауып өтті.Ол қандай жылдамдықпен шапқан?

1есеп

2есеп

3есеп

3топ

1.Автобус 60 км сағ жылдамдықпен 5 сағат жол жүрді.Ол неше километр жол жүрген?

2.Машина 90 км сағ жылдамдықпен 360 километр жол жүрсе,неше сағат жолда болған?

3.Салт атты 45 км жолды 3сағатта жүріп өтті.Ол қандай жылдамдықпен қозғалған?

1есеп

2есеп

3есеп

Бағалау : топтар өзін өзі бағалайды

Қалыптастырушы бағалау

Қатесін тап

V

t

S

30км /сағ

5 сағ

150км

120 км /сағ

4 сағ

400 км

700 км /сағ

10 сағ

70000 км

Суретті тапсырма, ламинад парақша

Сабақтың соңы

Кері байланыс.

Табыс баспалдағы арқылы оқушы өзін өзі бағалайды

Шаттық шеңберіне шақырып, «Кезбе тілші» әдісімен сабақты қорытындылау.

Қозғалыс есептеріндегі шамаларды ата

Жылдамдықты табу үшін

Арақашықтықты табу үшін

Уақытты табу үшін

Ортақ тақырыпты ата

Қандай мәдени мұрамен таныстың?

Бүгінгі сабақта бойыңа қандай құндылықты дарыттың?

Дифференциация –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу