Өнімділікке қатысты есептер шығару. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Математикалық модельдеу 4А Есептер және математикалық модель | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Смагулова Марал Ельтаевна | ||||||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||
Тақырыбы: | Өнімділікке қатысты есептер шығару | ||||||||||||
Оқу мақсаты: | 4.5.1.2 есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік шамаларырының өзара тәуелділігін пайдалану | ||||||||||||
Бағалау критерийлері | - есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік шамаларырының өзара тәуелділігін пайдаланады | ||||||||||||
Ғылыми тіл |
| ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Көркем еңбек | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Өнімділік, уақыт, жұмыс арасындағы тәуелділікті таба алады | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сабақтың соңы | (Ұ) Ынталандыру. «Жасырынған сөзді тап» ойыны Тақтада әріптер жазылады солардың ішінен сөздерді тауып, сол бойынша топтарға бірігеді. Адврауақытрыстфөнімділікбюжфзуралдцзйтмлажұмысзеуолаыфбютисяыәрекетцджахфисталдызцжарешылатмлаадвсьсломыцзьжылдамдықддзаимтыакшщомт (Т) Кіріспе тапсырма «Бірлескен жұмыс» әдісі Әр топ орындайтын белгілі бір тапсырма болады. Егер сынып бөлмесінде берілген тапсырманы орындауға мүмкіндік болмаса, оның орындалуын спортзалға немесе далаға ауыстыру.) 1-топ – секіру; 2-топ – отырып тұру; 3-топ – еңкею; 4-топ – допты жерге ұру; 5-топ – секіру. Әр оқушы берілген 20 жаттығуды орындауы керек. Сол кезде топтың басқа мүшесі уақытты секундомер арқылы өлшейді, ал басқасы кестені толтырады.
Топтың әр мүшесі жаттығуды орындап болғаннан кейін, әр топ мүшесінің өнімділігін анықтау керек болады. Кейін берілгендерді диаграмма түрінде көрсетеді. Оқушылар топтағы әр мүшенің өнімділігі туралы нәтиже жасайды. Орындалған жаттығулардан кейін көбісі су ішкілері келеді деп есептететіңіз. Оқушыларға сабақта олардың суға деген көзқарастарын талқылайтындары туралы айту. Не үшін қажет екендігін сұрау. (Т) Су жоқ жерде өмір жоқ. Нәтижелерді қағаз бетіне жаза отырып, тапсырманы топтарда орындайды. Кейін ортақ тексеруді жүргізу. Әртүрлі нәтижелер алынатын болса, тапсырманың орындалуын талдау. а) Құбыр шүмегінен су тамшылап жатыр. 30 минутта стақан толады. Құбырдан 5 сағатта неше стақан тамшылайды? Егер бір литрде 5 стақан болса, бұл қанша литр су болады? ә) Сәкен күніне екі рет шүмекті жаппай тістерін тазалайды. Әр тазалаған сайын 4 литр су ағып кетеді. Сәкен суды жабатын болса, айына неше литр су үнемдейтін еді? б) Егер адам күніне 150 литр су шығындаса, онда аптасына ол неше литр су шығындайды? в) Суғару автокөлігінің бөшкесіне 5000 литр су сыяды. Ол көгалды суғаруға минутына 250 литр су жұмсайды. Көліктегі су қанша уақыттан кейін бітеді? Жауабы: а) 1 сағат – 2 стақан, 5 · 2 = 10 (стақан) – 2 литр; ә) 4 · 2 = 8 (л), 8 · 30 = 240 (л); б) 150 · 7 = 1050 (л), в) 5000 : 250 = 20 (минут). Бағалау «Бармақ арқылы» Жауап дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады. (Ұ) Минералды су. Ортақ талдау : -Тапсырмада не берілген? Бірінші кезекте нені табу керек? Бірінші конвейердің өнімділігін қалай табады? Екінші конвейердің ше? Екі конвейердің ортақ өнімділігін қалай табады? 2240 бөтелкені толтыру үшін қанша уақыт қажет? Қажетті есептеулерді қағаз бетіне жаза отырып, оқушыларға тапсырманы қадамдап орындауды ұсыну. Жауабы: 1022 : 14 = 73 (б/сағ); 804 : 12 = 67 (б/сағ); 73 + 63 = 140 (б/сағ); 2240 : 140 = 16 (сағ); Бағалау. Бағдаршамның көздеріне сәйкес сигналды карталарды көрсетеді. Жасыл-сенемін, қызыл-сенбеймін. Ережеде келтірілген тапсырманың мысалында оқушыларға орташа өнімділік пен оны есептеудің әдісінің түсінігін беру. Оқушыларға әріппен белгілеуді қолдана отырып, орташа өнімділікке тапсырмалардың алгоритмін бірігіп құруды ұсыну: t · p1 = A1; t · p2 = A2; A1 + A2 = A орташа; t1 + t2 = t орташа. Аорташа : t = р орташа. (Ж) Жалпы өнімділік. Жұптарда орындап, ұжым болып тексереді. Аса ынталанған оқушыларға тапсырманы дербес түрде орындауды ұсыну. Жауабы: (15 + 17) · 45 = 1440 (л) Бағалау «Смайлик» әдісі Оқушылар өзара тексеруді жүргізеді. Оны смайликпен белгілейді. Смайликтің күліп тұрғаны-жарайсың, ренжіп тұрғаны-тағы да тырыс дегенді көрсетеді. Сабақтың тақырыбын хабарлау Бүгін сабақта біз есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік шамаларының өзара тәуелділігін пайдалануды үйренеміз. (Ө) «Шығарып көр» айдары Құрылған алгоритммен тапсырманы топтарда орындауды ұсыну. Кейін шығарылған есепті бірігіп талдау. Бөшкеге су шүмек арқылы құйылады. Алғашқы 30 минут ішінде минутына 15 литр құйылып тұрды. Кейін шүмекті бұраған соң, екінші 30 минут ішінде минутына 17 литр су құйылды. Бұл шүмектің орташа өнімділігі нешеге тең? Жауабы: 15 ∙ 30 = 450 (л) – алғашқы жарты сағат ішіндегі жұмыстың көлемі; 17 ∙ 30 = 510 (л) – келесі жарты сағат ішіндегі жұмыстың көлемі; 450 + 510 = 960 (л) – жұмыстың ортақ көлемі; 30 + 30 = 60 (мин) – ортақ уақыт; 960 : 60 = 16 (л) – орташа өнімділік. Бағалау «Шапалақ» әдісі Жұптар нәтижелерімен өзара алмасады, тексереді. Дұрыс орындалған тапсрымаға 3 шапалақ соғады.
(Ө)Дәптермен жұмыс 1. Суды үнемде! Берілген тапсырмаларды орындау өнімділікке тапсырмаларды шығарудың дағдысын бекітуге мүмкіндік береді. Тапсырмалар өз бетінше орындалады. Қажет болған жағдайда, оқушыларға көмек көрсету. а) Алдымен күніне отбасы суды қандай мөлшерде қолданатынын, ал кейін бұл отбасы аптасына қандай мөлшерде суды қолданатынын анықтау керек. ә) Алдымен мәшине жұмысының әр циклы кезіндегі өнімділікті білу керектігіне назар аудару. Кейін қорытынды шығару керек. Оқушыларға «жылдам жуумен» салыстырғандағы бірінші циклда қанша су мөлшері үнемделетінін қосымша білуді ұсыну. Өз нәтижелерін үйде отбасына хабарлауды сұрау. б) Сұрақтың жауабы екі тәсілмен алынуы мүмкін. Бірінші тәсіл: алдымен аптасына қандай мөлшердегі су жұмсалатынын анықтап, кейін алынған санды 4-ке көбейту керек. Екінші тәсіл: 80 литрді аптадағы 7 күнге санына көбейту, бір айдағы шығынды табу үшін 80 литрді айдағы күндер санына көбейту керек екенін түсінеді. Жауабы: а) 250 ∙ 4 ∙ 7 = 7000 (л); ә) 1) 50 : 2 = 25 (л/сағ); 2) 37 + 37 = 74 (л/сағ); б) 1) 50 : 2 = 25 (л/сағ); 2) 37 + 37 = 74 (л/сағ). 2 сағат ішіндегі жуу тиімді. в) 80 ∙ 7 = 560 (л); 560 ∙ 4 = 2240 (л). 2. Хауыз. Орташа өнімділікке есептер шығару дағдысын бекіту үшін, оқушылар сабақтың бірінші жартысында жасалған алгоритмге сүйене отырып, дербес түрде тапсырманы орындайды. Егер оқушыларда қиындықтар туындаса, тапсырманы шығарудың жоспарын бірігіп құрау. Жауабы: 1) 3 · 90 = 270 (л); 2) 3 · 80 = 240 (л); 3) 270 + 240 = 510 (л); 4) 3 + 3 = 6 (сағ); 5) 510 : 6 = 85 (л/сағ). 3. Өшіргіштің тапсырмасы. Көптаңбалы сандарды қалдықпен бөлу дағдысын дамыту үшін, оқушылар бөлуді бағандап орындайды. Жауабы: 2823 (13 қалдық); 621 (24 қалдық); 58 (6 қалдық); 876 (125 қалдық). Бағалау «Отшашу» Оқушылар еңкейген күйден шапалақ соғып, бой түзеп, екі қолын айқара ашқанға дейін қол согады. Белсендіру (Ө)Ойлан. Тапсырма диаграммалармен жұмыс істеу дағдысына бағытталған. Оқушыларға судың күніне қолданылуын есептеуді, кейін сағатына орташа қолданылатын судың мөлшерін есептеуді ұсыну. Жауабы: 1) 1000 + 400 + 180 + 120 = 1700 (л); 2) 1700 : 100 = 17 (л) тәулікте ортақ қолдануы. Бағалау. «Шапалақ» Дұрыс орындаған оқушылардың жұмыстарына 3 шапалақ, қатесі бар жұмыстарға 1 шапалақ соғу. (Ө) «Орындап көр» айдары. Едендік таразыны қолдану. Алдын ала оқушылар өздерінің салмағын анықтау керек, ал кейін олардың жүректері қанша мөлшерде сұйықтықты айдайтынын есептейді. Берілген тапсырманы үйде орындауды ұсыну. Жауабы: Егер оқушының салмағы 40 кг болса, күніне оның жүрегі 150 ∙ 40 = 6000 литр сұйықтықты айдайды. Бағалау. «Жұлдызша» әдісі Тапсырманы орындауда дұрыстығына қарай жинаған жұлдызшаларын санау арқылы қорытындылауға болады. (Ұ) Қайтала. 1028, 2950, 5685, 68720 сандарының қайсысы 2 мен 5-ке бөлінеді? Есептеулерді орында. Алдын ала 2 мен 5 бөлу белгілерін қайталаңыз. Оқушылар нұсқа бойынша тапсырмаларды орындайды: 1-нұсқа – 2-ге, 2-нұсқа – 5-ке. Жауабы: 1028 : 2 = 514; 2950 : 2 = 1475; 2950 : 5 = 590; 5685 : 5 = 1137; 68720 : 2 = 34360; 68720 : 5 = 13744. Бағалау «Бас бармақ» әдісі Оқушылар дұрыс жауапты тексере отырып, бас бармақтарын көтереді. Рефлексия Қосымша тапсырмалар 1) Автокөлік зауыты айына 230 көлік шығарады, жарты жылда ол қанша көлік шығарады? 2) Дүкенде күн сайын 40 кг тәтті нан сатылады. Екі апта ішінде ол неше килограмм тәтті нан сатылады? Жауабы: 1) 230 · 6 = 1380 (м) 2) 40 · 14 = 560 (кг) Кері байланыс «Бір сөзбен» әдісі Оқушылар стикерге бір сөзбен жауап жазады: Түсіндім Түсінбедім Қиналдым Сабақтың тақырыбын түсіну деңгейін анықтау үшін және оқушылардың дамуының қалыптастырушы бағалауын жүргізу үшін, тапсырманы орындайды: 1) Өнімділікті анықтау формуласын жаз; 2) Жұмыстың көлемін табу үшін өнімділік пен уақытты … қажет; 3) Дүкен күніне 90 кг пияз сатады. Демалыссыз жұмыс істесе, аптасына қанша сатады. 4) Олимпиадаға дайындалып жатқан ұл бала екі апта бойы күніне есеп шығарды, ал үш апта бойы күніне есеп шығарды. Ұл бала осы уақыт аралығында барлығы неше есеп шығарды? | Интербелсенді тақта Слайд №3 Слайд № 4 Кесте Слайд №5 Диаграмма Слайд №6 Слайд №7 Оқулық Слайд № 8 Алгоритм кестесі Бағдаршам көздері Слайд №9 Смайликтер Слайд № 10 Слайд № 11 Слайд № 12 Слайд № 13 Жұмыс дәптері Слайд № 14 Сигналды карталар Слайд № 15 Жұмыс дәптері Слайд №16 Дәптер Слайд №17 Слайд № 18
Слайд № 20 А4 парақ Стикер |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?