Жас математик. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ортақ тақырып: «Менің Отаным – Қазақстан», «Адами құндылықтар»

Бөлімше: Сандармен операциялар жасау

Тақырыбы: Жас математик

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

4.1.1.3 көптаңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядты бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштар қосындысына жіктеу;

4.1.2.8 көптаңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолдану

4.1.3.5 уақыт бірліктерінің үлесін анықтау (1/60 сағат= 1 минут; ½ сағат = 30 мин; 1/7 апта = 1 күн және т.б);

4.1.3.6 10 000, 20 000 тг купюраларын және әртүрлі мемлекеттердің валюталарын (рубль, евро, доллар) ажыратып, төлем жасау;

4.1.2.4 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерге сүйеніп, натурал сандарды топтастыру;

4.5.1.2 есептерді шығару үдерісінде жылдамдық, арақашықтық шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

көптаңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядты бірліктердің жалпы санын анықтайды, разрядтық қосылғыштар қосындысына жіктейді.

Бірқатар оқушылар үшін: натуралды сандарды 2, 5, 10, 100, 1000-ға бөлінгіштік белгілерінің негізінде жіктейді; есептерді шығару үдерісінде жылдамдық, арақашықтық шамаларының өзара тәуелділігін пайдалана алады.

Кейбір оқушылар үшін: 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерге сүйеніп, натурал сандарды топтастыра алады; 10 000, 20 000 тг купюраларын және әртүрлі мемлекеттердің валюталарын (рубль, евро, доллар) ажыратып, төлем жасай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

натурал сандарды бөлінгіштік белгілері негізінде жіктейді

Пәндік лексика және терминология:

2, 5, 10-ға бөлінгіштік қасиеттері

Сабақта диалог/жазуүшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

- Есептеудің рационал тәсілдері дегеніміз не?

- Сандарды дөңгелектеу дегеніміз не?

- Нақты мән шамалас мәннің айырмашылығы неде?

-Кіші уақыт бірліктері үлкен бірліктердің бөлігі болып табыла ма?

- Қашықтық пен қозғалу уақыты белгілі болған жағдайда жылдамдықты қалай табуға болады?

Жазу:

көптаңбалы сандар

Тірек білім, білік, дағдылар

меңгерген біліміңді практикалық есептерді шығару

Жоспар

Жоспар

ланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0–2

Сабақтың ортасы

3-5

6-10

11–28

Сабақтың соңы

29–37

Ынталандыру

(Т.Ж) 5 топқа біріктіру. Әр байқау бойынша жарысқа топ болып қатысып, жеңіп алған орнына байланысты ұпай жинайды. Онда бір байқау нәтижесінде жеңімпаз топ – 5 ұпай, екінші топ – 4 ұпай, үшінші топ – 3 ұпай, екінші топ – 2 ұпай, тапсырманы ең соңғы болып аяқтаған/орындаған топ – 1 ұпай жинайды. Сабақтың соңында қорытындысын шығару: барлық байқау бойынша жеңісі көп топ «Жас математик» ойынының жеңімпазы болады.

«Жас математик» атағын алу үшін математикалық сайысқа қатыс. Сәттілік! Мұқият бол! Әділ бол! Уақытты үнемде!

«Үздік есептеуші» байқауы

(Т.Ж) Оқушылар екі таңбалы, үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлуді ауызша орындайды. Амалдарды ауызша есептеу ойынға жақсы қарқын береді.

Жауабы:

а) 222 ∙ 3 = 666 ә) 846 : 2 = 423 б) 123 ∙ 2 = 246 в) 35 ∙ 5 = 105

г) 27 ∙ 3 = 81 ғ) 99 ∙ 2 =198 д) 98 : 2 = 49 е) 84 : 3 = 28

ж) 75 : 5 = 15 з) 105 ∙ 4 = 420 и) 240 : 8 = 30 к) 507 ∙ 6 = 3042

Бағалау парағы

1-байқау

2-байқау

3-байқау

4-байқау

5-байқау

Барлық ұпай саны

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

5-топ

«Білімпаздар» байқауы

(Т.Ж) Оқушылар бөлінгіштік белгілері бойынша 2-ге, 5-ке және 10-ға бөлінетін сандарды анықтап, өздерінің таңдауын түсіндіреді, мақал жазылған қағаздың авторын анықтайды. Байқаудың математикалық бөлімін қорытындылаған соң оқушылармен осы мақалдардың мағынасы бойынша әңгімелеу.

Тапсырма

Сынып оқушылары сандар жазылған қағазға адами құндылықтары туралы мақал жазды. Айсұлу 2-ге бөлінетін, Зере 5-ке бөлінетін, Рамазан 10-ға бөлінетін сандар көрсетілген қағазға жазған болса, олардың қандай мақал жазғанын анықта.

Жауабы:

Айсұлу: «Арыңды жастан сақта». (1000, 588, 2294, 3336, 4000 сандары)

Зере: «Адамды ісіне қарап таны». (100, 65, 87 535, 66660, 1205 сандары) Рамазан: «Жақсылық етсең, жарты етпе». (90, 7000, 8430, 970, 12450 сандары)

Бағалау парағы

«Ақыл-ойды жаттықтыру» байқауы

(Т.Ж) Түрлі шамалардың өлшем бірліктерін түрлендіруге берілген қарапайым есептерді шығару, өлшем бірліктерді түрлендіру дағдысын бекіту.

Тапсырма

Сұрақтарға жауап бер.

• 2045 жылы қазақстандықтар Абай Құнанбаевтың екі ғасырлық мерейтойын атап өтеді. Ақынның туған жылы қашан?

• Мәдина есепті 2060 сағатта, ал Шолпан — ширек сағатта шығарды. Кім есепті тез шығарды?

• Қайсысы көп: апта немесе 48 сағат?

• Қайсысы аз: сағаттың үштен бірінің жартысы немесе жарты сағаттың үштен бірі?

• Бірінші сырлаушы 4 м2, ал екінші сырлаушы 300 см2 жерді бояды. Қай сырлаушы көп жер бояды?

Жауабы:

1.1845 жылы. Ғасыр = 100 жыл, демек 2 ғасыр = 200 жыл.

Сонда, 2045 – 200 = 1845 ж.

2. Шолпан тез шығарды. 20/60 сағ = 60 : 60 · 20 = 20 мин; 1/4 сағ = 15 мин. Демек, 20 минут пен 15 минутты салыстыру керек.

3. 3/7 апта. 3/7 апта дегеніміз 3 тәулік, яғни 72 сағат. Демек, 72 сағат пен 48 сағатты салыстыру керек.

4 Шамалар өзара тең. Сағаттың үштен бірінің жартысы дегеніміз 20 минуттың жартысы, яғни 10 минут. Жарты сағаттың үштен бірі дегеніміз 30 минуттың үштен бірі, яғни 10 минут.

5. Бірінші сырлаушы. Алдымен шамаларды бір өлшемге келтіріп түрлендіру керек. 300 см2 = 3 м2. 4 м2 пен 3 м2 салыстырылады.

Бағалау парағы

«Ақылдылар» байқауы

(Т.Ж) Оқушылардың көптаңбалы сандарды қосу және азайту дағдысын бекіту. Мысалдарды баған түрінде жазу, сондықтан разрядтан аттап қосу/азайту алгоритмі қандай цифрлар жетіспейтінін анықтау.

Тапсырма

Қандай цифрлар жазылмаған?

Жауабы:

333 + 8219 = 8552

4534 – 999 = 3535

23656 + 7004 = 30660

54263 – 1297 = 52966

Бағалау парағы

«Ең тапқыр» байқауы

(Т.Ж) Оқушыларға жылдамдық, уақыт, арақашықтық шамаларының арасындағы тәуелділікке әдеттегіден тыс қызықты есептер ұсыну.

Тапсырма

1) Бұғы 10 секундта 100 метр жүгірді. Оның осындай жылдамдықпен

1 километрді 1 минутта жүгіріп өтуі мүмкін бе?

Жауабы:

1. Мүмкін емес.

10 секундта 100 метр деген – 1 минутта (60 секундта) 600 метр жүгіреді деген сөз.

Тапсырма

2) Қоян 30 секундта 90 метрді жүгірді. 1 минутта ол қанша метр жүгіреді?

Жауабы:

2. 180 м. 1 мин = 60 с, яғни 30 секундтан 2 рет.

Демек 90 · 2 = 180 (м)

Тапсырма

3) Жасұлан стадионға дейін жаяу барып, кері қарай велосипедпен қайтты. Бар-лық жолға ол 40 минут жұмсады. Егер стадионға велосипедпен барып қайтқан болса, Жасұлан жолға 20 минут жұмсайтын еді. Ол стадионға жаяу барып қайтуға неше ми-нут жұмсайды?

Жауабы:

3. 1 сағ. 20 : 2 = 10 мин (велосипедпен бір бағытта жүрген жолға кеткен уақыт).

40 – 10 = 30 мин (Бір жаққа қарай жаяу жүрген уақыт).

30 · 2 = 60 мин = 1 сағ (жаяу барып қайтуға кететін уақыт).

Тапсырма

4) Екі ауылдың арасы 36 км. Автокөлік бір бағытта жолға 20 минут жұмсады. Кері қайтарда жылдамдығын 200 м/мин арттырды. Автокөлік кері қарай жолға қанша уақыт жұмсады?

Жауабы:

4. 18 минут. 36 км = 36000 м;

36000 : 20 = 1800 м/мин;

1800 + 200 = 2000 м/мин = 2 км/мин;

36 : 2 = 18 мин.

Тапсырма

5) Автокөлік бір ауылдан екінші ауылға дейін қанша минут жұмсаса, сонша кило-метр жол жүрді. Автокөліктің жылдамдығы қандай?

Жауабы:

5. 60 км/сағ.

Километрдің саны минут санына тең, демек, жылдамдығы

1 км/мин. Оны км/сағ-қа ауыстырса 60 км/сағ болады

Бағалау парағы

Қалыптастырушы бағалау

Берілген тапсырмаларды оқушылардың оқу жетістігін қалыптастырушы бағалауға қолдану.

Тапсырма

  • Есепте

Оқушылардың көптаңбалы сандарды жазбаша азайту дағдысын бекту.

Жауабы:

67250 – 44034 = 23216

39804 – 6789 = 33015

24002 – 1994 = 22008

245 673 – 99036 = 146 637

Бағалау парағы

2.Түсіп қалған цифрларды жаз

Оқушылардың көптаңбалы сандарды қосу және азайту дағдысын бекіту, баған түрінде жазылған сандардағы жетіспейтін цифрларды тауып жазу.

Жауабы:

24191 + 2876 = 27 067

44000 – 2987 = 41 013

1672 + 8549 = 10 221

4549 + 74068 = 786173

3.Өшіргіштің тапсырмасы

Оқушылардың көптаңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу, берілген разрядқа дейін дөңгелектеу, қозғалысқа берілген есептерді шығару дағдыларын бекіту.

Жауабы:

1) а) 4593 = 4000 + 500 + 90 + 3

2) ә) 8007 = 8000 + 7

б) 29201 = 20000 + 9000 + 200 + 1

2) а) 34700 ә) 34000 б) 34760 в) 30000

3) а) 1 с = 1/60 мин = 1/8600 сағ

ә) 1800 с = 30 мин. = 1/2 сағ

б) 2/7 апта = 2 тәул. = 48 сағ

в) 1/2 тәул. = 12 сағ = 720 мин

4) а) 140 ∙ 3 = 420 км

ә) 180 : 2 = 90 км/сағ.

Қосымша тапсырмалар

1.Қозғалысқа қатысты логикалық есеп

Бірінші көлік 30 минутта 30 км, ал екінші көлік 20 ми-нутта 25 км жол жүрді. Қай көліктің жылдамдығы үлкен?

Жауабы:екінші көліктің жылдамдығы үлкен.

  • Ақшаға қатысты логикалық есеп

Айдынның әкесінде үш түрлі купюрамен бірнеше сома ақша бар. Егер ол бірдей 3 қосалқы зат сатып алса 25000 тг, ал егер осындай 5 қосалқы зат сатып алса 15000 тг ақшасы қалады. Айдынның әкесінің қанша ақшасы бар? Қандай купюралармен екенін біле аласың ба?

Жауабы: 40000 теңге. 10000 теңгелік екі купюра және 20000 теңгелік бір купюра.

3- слайд

4-слайд

5-слайд

6-слайд

7-слайд

8-слайд

9-слайд

10-слайд

38–40

Рефлексия «Жетістік баспалдағы»

Сабақтың соңында қорытындысын шығару.

Барлық байқау бойынша жеңісі көп топ «Жас математик» ойынының жеңімпазы болады.

Бағалау парағы

1-байқау

2-байқау

3-байқау

4-байқау

5-байқау

Барлық ұпай саны

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

5-топ

11-12- слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу