Үлестер № 166 сабақ.Үлестер. Бөлшектер. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

4-бөлім. Қайталау

166- сабақ. Тақырыбы: Үлес. Бөлшектер

Оқу мақсаты: 3.1.2.14 санның және шаманың үлесін табу және үлесі бойынша санды/шаманы табу:100 көлеміндегі сандар мен жүздіктердің жартысын,үштен бір,төрттен бір,оннан бір бөлігін табу.

3.5.1.3 санның және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару;кері есеп құрастыру және шығар

Сабаққа қажетті ресурстар: слайдттар, суреттер, түсіндірме кесте, формулалар, смайликтер, сызбалар

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Санның үлесін табу үшін осы санды алынған үлестің санына бөлу керек. Үлесі бойынша санды табу үшін алынған үлестің санына көбейту керек.

Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.

Кіріспе тапсырма. Сабақты «Апельсин» мультфильмін көру арқылы үлестер туралы білімдерін еске түсіруден бастаңыз.

Апельсин бір, олар көп.

Бұл бөлiк - құндыз үшiн.

Бұл бөлiк - балапандар үшiн.

Бұл бөлiк - кiрпi үшiн.

Бұл бөлiк- сары шымшық үшiн.

Бұл бөлiк – мысықтар үшiн.

- Өлеңде жануарлар тең бөліктерді қалай атайды? (Бөліктер).

– Кім мұқият болды? Апельсинде неше бөлік бар? (Бес бөлік).

– Әрқайсысы қанша бөліктен алды? (Апельсиннің бір бөлігінен).

- Қалай ойлайсыздар, апельсин бірдей бөліктерге бөлінді ме? (Иә).

- Бұл бірдей бөліктерді басқаша қалай атауға болады? (Үлестер).

«Сөздік бағалау» «Жарайсың», «Керемет», «Өте жақсы»

Т.Ж. Топтарға А3 форматтағы парақтарды таратыңыз .Параққа тек есеп жауабын ғана жазады.

а)Ақ қайың саябақта 40 жыл өмір сүреді,бұл оның барлық өмірінің (үштен бірін) құрайды.Ақ қайың барлығы қанша жыл өмір сүреді? (120)

ә)Таспаның жалпы ұзындығының алтыдан бір бөлігі 3 дм.Таспаның ұзындығы сантиметрмен тап.(180 см)

б)Саябақта 20 түрлі ойын аттракциондар болды.Оның бөлігі ашық аспан астында орналасқан.Аспан астында орналасқан аттракциондар санын табу.Қанша аттракцион ғимараттың ішінде орналасқан?(5 аттракцион аспан астында,ал 15 аттракцион ғимараттың ішінде орналасқан).

в)Сымбат тәтті нанның бөлігін алды.Тәтті нан қанша бөлікке бөлінген?(11 тең бөліктерге).

г)Сатушы мата орамының бөлігін сатты.Егер бір орамда 52 м мата болса,сатушы неше метр мата сатқаны?(13 м).

Есепте.

(Ж.Ж.)Тапсырманың бірінші бөлімінде оқушыларға жұппен кезектесіп санның үлесін табу ережесі бойынша шамаларды өрнектеуді ұсыныңыз.

360см-дің 20 см-дің 1 м-дің

6 дм-дің тәулік 28 кг-ның

60 кг-ның тәулік 20 см-дің

60см, 10см, 10кг, 10см, 6сағ, 8сағ, 10см, 4кг, 7кг, 4см

ә) 13 пен 23 сандарының қосындысының алтыдан бірі-6

2 мен 44 санының көбейтіндісінің төрттен бірі-22

75 пен 25 сандарының айырмасының бестен бірі-20

1000 мен 100 сандарының бөліндісінің оннан бірі-1

320 мен 80 сандарының қосындысының сегізден бірі-50

Екінші бөлімінде үлесті математикалық амалдар арқылы табу ұсыныңыз .Жауаптарды ламинатталған параққа жазуы керек.

«Өзара бағалау» Жұптардың жұмыстары ауыстырылып беріледі де өзара бағалау жүргізіледі.

Т.Ж. «Талда, шығар»

Тік төртбұрышты учаскенің ұзындығы 24 м, ені 10 м. Оның ауданының бөлігіне құлпынай егілді. Қанша квадрат метр жерге құлпынай егілген?

Оқушыларға топпен бірінші есепті талдап,параққа қысқа шартын сызба ретінде жазуды ұсыну.Сұрау: «Учаскенің ұзындығы мен ені қанша м? (ұзындығы 24м, ені 10м) Алдымен нені тауып аламыз?(24м*10м=240м2) Оның ауданының қанша бөлігіне құлпынай егілген?(240:5).Қанша жерге құлпынай егілгенін қалай білуге болады?(Барлық учаске ауданынан егілген жердің ауданын алып тастаймыз) Есеп қанша амалмен шығарылады?(3)». Содан соң есепті шығаруды ұсыныңыз.

24м*10м=240м2

240м2:5=48м2

240м2-48м2=192м2

Екінші есепті өз бетімен шығаруды,ал жекелеген оқушыларға топтағы шешімдерін тексеруді ұсыныңыз.

Мектеп 963 оқулық алды. Оның бөлігі математика оқулығы, 452 оқулық-орыс тілі, қалғаны ағылшын тілі оқулығы. Ағылшын тілі оқулығы қанша?

963:9=107 (математика)

107+452=559(математика мен орыс тілі)

963-559=404 (ағылшын тілі)

«Екі жұлдыз ,бір ұсыныс»

Ұ.Ж. «Оқы, түсін, талда, шығар»

Жүгіру жолының жартысы 82 метрге тең. Оның ұзындығы қанша метр?

Оқушыларға алдымен есепті талдап,қысқаша шартын жазуды ұсыну.Сұраңыз: «Жарты жол – ол жүгіру жолының қандай бөлігі?(екіден бірі).Жүгіру жолының жартысы қаншаға тең?(82 м).Жүгіру жолының барлық ұзындығын қалай табуға болады?(82*2=164м)». Содан соң есепті шығаруды ұсыныңыз.

82м*2=164м

Аяқтаған соң,екінші есепті талдауды ұсыныңыз

Орамда 95 м лента бар. Оның бестен бір бөлігі кесіліп алынды. Орамда қанша м лента қалды?

«Орамда қанша лента бар?(95 м).Сымның қандай бөлігін кесіп алды?(екіден бірін,яғни 19 м).Орамда қанша метр сым қалғанын қалай білуге болады?» Оқушылармен бірге есептің шешуін талдаңыз.Шешуін салыстырыңыз.

95:5=19

95-19=76м

«Өзара бағалау» Топ жұмыстары ауыстырылып өзара бағалау жүргізіледі.

Ж.Ж. «Салыстыр»

Екі кесіндінің ұзындығын тап. Егер бірінші кесіндінің бөлігінің ұзындығы 8 см болса, ал екіншінің бөлігінің ұзындығы 6 см-ге тең. Қай кесінді ұзын?

8см*3=24см

4*6см=42см

Оқушыларға жұппен алдымен бірінші кесіндінің ұзындығын,содан соң екіншісін тауып,салыстыруды ұсыну.Сұрау: «Бірінші кесіндінің ұзындығын қалай табуға болады?(8*3=24 см)Екінші кесіндінің ұзындығын қалай табуға болады? ( 4*6=42 см)».Кесінділердің ұзындығын салыстыру керек.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б.

Ұ.Ж. «Тез ойла, дұрысын айт»

Дүкенге 900 кг қант әкелінді. Бірінші күні осы қанттың бөлігі сатылды. Екінші күні де сонша сатылды. Осы екі күн ішінде қанша кг қант сатылды.

900:9=100

100+100=200

Дәптерде 24 бет бар. Қыз бала дәптер бетінің бөлігін жазып бітірді. Жазылмаған қанша бет қалды?

24:8=3

24-3=21

Айдын 74 теңгеден 4 бояғыш сатып алды. Қалған ақшасына 12 теңгеден 3 дәптер сатып алды. Айдында қанша ақша болған?

74*4+12*3=296+36=332 тг

Әр дұрыс жауап үшін шапалақ ұру.

«Кеме» кері байланысы.

Тақтаға А3форматтағы теңіздің құмды жағалауы бар суретті ілу керек.Әр оқушыға қиып алған қағаз кемелерді таратып беру.Сабақты жақсы түсінген оқушылар кемені теңізге орналастырады.Ал өзіне сенімсіздер құмды жағалауда қалады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу