Жай бөлшектер мен аралас сандарға амалдар қолдану. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Тақырыбы: «Қайталау. Жай бөлшектер мен аралас сандарға амалдар қолдану».
Сабақтың мақсаты:
5.1.2.17 бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;
5.1.2.18 бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;
5.1.2.19 натурал саннан жай бөлшекті азайтуды орындау;
5.5.2.3 жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу;
Бағалау критерийлері:
Оқушы:
- Жай бөлшектерді қосу, азайту ережелерін біледі;
- Жай бөлшектерге амалдарды қолданып, орындай алады;
- Аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жаза алады;
- Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру ережелерін біледі;
- Бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей алады.
Сабаққа теориялық материалдар:
- Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосамыз?
- Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай қосамыз?
- Аралас сан бұрыс бөлшек түрінде қалай жазылады?
- Бұрыс бөлшек аралас санмен қалай жазылады?
- Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай азайтамыз?
- Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай азайтамыз?
- Натурал саннан жай бөлшекті қалай азайтамыз?
- Бөлшекті координаталық сәуледе қалай кескіндейміз?
Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосқанда олардың алымдарын қосып, алым етіп, ал сол бөлімнің өзін қалдыру керек.
Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу үшін.
- бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;
- бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу ережесі бойынша қосу амалын орындау керек.
Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру үшін:
- бөлшектің алымын бөліміне бөлу керек:
- толымсыз бөлінді аралас санның бүтін бөлігі болады;
- қалдық (егер ол бар болса) бөлшек бөліктің алымы, ал бөлгіш бөлімі болады.
Сонда болады.
Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру үшін:
- аралас санның бүтін бөлігін бөлшек бөлігінің бөліміне көбейту керек;
- шыққан көбейтіндіге бөлшек бөлігінің алымын қосып, алым ету керек;
- бөлшектің бөлімін өзгертпей, бөлім етіп қалдыру керек.
Мысалы,
Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтқанда азайғыштың алымынан азайтқыштың
алымын азайтып, алым етіп жазып, ал сол бөлімнің өзін қалдыру керек.
Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді азайту үшін:
- бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;
- бөлімдері бірдей бөлшектерді азайту ережесі бойынша азайту амалын орындау керек.
Натурал саннан жай бөлшекті азайтуды орындау үшін екі жағдайын қарастыруымыз қажет.
1-тәсіл. Азайғыш натурал санды бөлімі азайтқыш бөлшектің бөліміне тең дұрыс бөлшек түрінде жазу керек. Соан соң бөлімдері бірдей бөлшектерді азайту ережесін пайдаланып, азайту керек.
Мысалы, 3 -
2 – тәсіл. Азайғыш натурал санды бір бүтінге кемітіп, бөлімі азайтқыш бөлшектің бөліміндей аралас сан түрінде жазып, азайтуды орындау керек.
Мысалы, 3 -
Бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу үшін:
- бөлшектің бөлімінде қандай сан болса, бірлік кесіндіні сонша тең бөлікке бөлу керек;
- бөлшектің алымында қандай сан болса, бірлік кесіндінің сонша бөлігін алу керек.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім оқушылармен амандасады, сабаққа дайындығын қадағалайды, оқушыларды іскерлік ырғаққа бейімдейді.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме оқушылар! Біз бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Мына сөйлемдер біздің сабағымыздың девизі болады:
Ұжыммен - ойлау!Шапшаң –шешу!Дәлелді – жауап беру!Бізде бәрі – тамаша болады!
Барлығы бірлей слайдтағы сөйлемдерді оқушылар хормен айтады.
Шаттық шеңберіне тұрып, А.Құнанбаевтың шығармаларын айту, мысалы: Талап, Еңбек, Қанағат, Рақым.
Балалар сіздер әдебиет пәнінен қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың шығармаларымен таныссыздар. Ендеше «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңінде қандай бес асыл қасиеттер туралы айтады. Есімізге түсірейікші. (Оқушы жауаптары). Асыл қасиетке талапты жатқызуға болады. “Әлемнің әміршісі – еңбек. Тек еңбекпен ғана жемі сөнбек, тек еңбекқана бар қиындықтыж еңбек» деп Н.Ә. Назарбаев атамыз айтпақшыбұлбөлімде еңбектену арқылы жаңа сабақты игереміз. Терең ой арқылы есептер шығару дағдыларынды қалыптастырамыз және т.б.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты–өткен материалдарды қайталау, ережелерді қайталап, оқу мақсатымен танысу.
Оқушыларға презентацияда жазулы тұрған бөлшек сандарды қазақ, орыс, ағылшын тілінде оқытып, тілді дамыту жұмысын жүргізу.
Мұғалім: Балалар, біз бүгін ертегі-ойын сабағын өткіземіз. Ал ертегінің атауын лотоны құрастырғаннан кейін білесіздер.
Оқушылар қиындыдағы есептерді орындап суретті құрастырады, суреттің сыртында жауаптары жазылған. Ертегінің атын табады. Ертегіні айта отырып, әр бөлімде берілген есептерді шығарады. Ертегінің айтылуы мен есептері слайдта кқрсетіліп тұрады.
№1. (Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу).
Бауырсақ дайындау үшін 450 грамм өнім керек еді. Осы мөлшер құрамында -і қаймақ , ал – - і май. Кемпір қанша грамм ұн жұмсады? Бір уыста қанша грамм ұн бар?
№2 тапсырманы орындау үшін слайдтағы сұрақтарға жауап беру қажет. Дұрыс жауап берген оқушыларды мадақтап, оларды фишкамен немесе смайликтермен мадақтау керек.
№3 тапсырма ол өзін-өзі тексеруге өзіндік жұмыс. Слайдта берілген тапсырмаларды орындайды, жауаптарының дұрыстығын тексере отырып, «Керемет» деген сөзді шығарады.
Оқушыларға дифференциалданған тапсырмаларды өз бетімен орындауға береді.
№4.
Қоян жаңбырдан ағаштың астына тығылғысы келді. Ол жолдың м жүгіріп өтті, бірақ әлі де м жүгіріп өтуі керек. Қоян қанша жол жүреді ( метрмен)?
№5.
Өрнекті ықшамдаңыз:
,
,
№6. Өрнектің мәнін табыңыз:
Уақыт аяқталып өздік жұмыс біткеннен кейін сергіту сәтін орындайды.
Мұғалім: Бәріміз тұрамыз, жаттығу жасаймыз. Егер тұжырымдамамен келіссеңіздер –аяқтың ұшымен тұрып, қолымызды жоғары көтереміз, егер келіспесеңіздер – қолымызды алға созып, тізерлеп отырамыз.
Көзге жаттығу жасау.
Сергіту сәті аяқталғаннан кейін, ертегіні жалғастырып, слайдта берілген тапсырмалады орындаймыз.
№7. Бүтін бөлігін көрсетіңіз.
№8. Бұрыс бөлшек түрінде жазыңыз:
№9. Координаталық сәуледе кемпір мен шалдың координаталарын белгілеңіз және Бауырсақ қай жерде Қоянмен, Қасқырмен, Аюмен, Түлкімен кездесті. Кемпір мен шалдың үйін бас нүкте ретінде аламыз. Егер оларға дейінгі арақашықтықтар:
,
Сабақ соңында дескриптор бойынша өзін – өзі бағалау жүзеге асады.
Бағалау критерийлері | Тапсырмалар | Дескрипторлар | Ұпайлары | ||||||||||||
Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосады, азайтады | №1 Бауырсақ дайындау үшін 450 грамм өнім керек еді. Осы мөлшер құрамында -і қаймақ , ал – - і май. Кемпір қанша грамм ұн жұмсады? Бір уыста қанша грамм ұн бар? |
|
| ||||||||||||
№3 Өздік жұмыс . Презентацияда |
|
| |||||||||||||
Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру | №4 Қоян жаңбырдан ағаштың астына тығылғысы келді. Ол жолдың м жүгіріп өтті, бірақ әлі де м жүгіріп өтуі керек. Қоян қанша жол жүреді ( метрмен)? |
|
| ||||||||||||
Бөлімдері әртүрлі жай бөлшектерді азайтады, қосады | №5 Өрнектерді ықшамдаңыз. , , . |
|
| ||||||||||||
Бөлімдері әртүрлі жай бөлшектерді азайтады, қосады | №6 Өрнектің мәнін табыңыз: , егер , , |
|
| ||||||||||||
Аралас сандарды бұрыс бөлшекке түрлендіреді | №7 Бүтін бөлігін көрсетіңіз: |
|
| ||||||||||||
№8 Бұрыс бөлшек түрінде жазыңыз: |
|
| |||||||||||||
Жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндейді | №9 Координаталық сәуледе кемпір мен шалдың координаталарын белгілеңіз және Бауырсақ қай жерде Қоянмен, Қасқырмен, Аюмен, Түлкімен кездесті. Кемпір мен шалдың үйін бас нүкте ретінде аламыз. Егер оларға дейінгі арақашықтықтар: , |
|
| ||||||||||||
Барлығы |
|
Үй тапсырмасы беріліп, түсініктеме жұмыстары жүргізіліп, сабақты қорытындылау.
Сілтеме арқылы өту http://master-test.net/ru/quiz/testing/id/70570
Тест _ «ЖАЙ БӨЛШЕКТЕРГЕ АМАЛДАР ҚОЛДАНУ»
Немесе:
Мұғалім: Бүгінгі математика сабағы сіздерге не бергенін, алдарыңыздағы түрлі- түсті карточкалар арқылы көрсетіңіздер?
Сіздер өз жұмыстарыңызды қалай бағалар едіңіздер?
« жасыл карточка – мен бәрін түсіндім »,
« сары карточка – мен түсіндім, бірақ бәрін емес»,
« қызыл карточка – мен ештеңе түсінбедім ».
- Сабақта жаңадан не білдіңіздер?
- Біз сабақ басында қандай мақсат қойып едік?
- Біз мақсатымызға жеттік пе?
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
- Математика 5 сынып. Алдамұратова Т.А. Алматы «Атамұра» 2005
- http://math-prosto.ru/?page=pages/drob/subtraction_drobs.php
- http://master-test.net/ru/quiz/testing/id/70570
- https://bilim-all.kz/jospar/2704-ZHai-bolshekterge-amaldar-qoldanu
- http://engime.org/5-sinip-matematika-jaj-bolshekterge-amaldar-oldanu.html
- https://stud.kz/sabak-zhospary/id/2465
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?