Қайталау № 167 сабақ. Ақша. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Қайталау

167 сабақ.Ақша

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жанғабылова Кенжекүл Ғаниқызы

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.3.6 1000тг,2000 тг,5000 тг, ақшаларын ажырата алуды және олармен әртүрлі операцияларды орындау.

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық/бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдеу.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

Монеталарды ажырата алады және олармен әртүрлі операцияларды орындайды.

Оқушылардыңкөпшілігі:

2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық/бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдей алады.

Оқушылардың кейбіреулері:

Кесте,сызықтық/бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба бойынша есеп құра алады.

Ғылыми тіл

Оқушыларөздерінің ауызша көбейту және бөлу дағдыларын жазбаша түрде жетілдіреді;Екі таңбалы және үш таңбалы санға бір таңбалы санды көбейту,бөлу амалы жайында түсінік алады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қандай шамаларды білесің?

Ақшамен нені өлшейміз?

Баға ,құн дегеніміз не?

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек,өзін-өзі тану.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Шамалар мен олардың өлшем бірліктері.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланғаніс-әрекеті

Ресурстар

Кіріспе тапсырма. Сабақ «Ақша қалай пайда болған» видеосын көруден басталады. Балалардың ақша туралы түсініктерін тыңдау.

Ұ.Ж. Оқушыларға есепті ауызша шығаруды ұсыну.

1) Марат 8 жапсырманың әрқайсысын 40 тг-ден және 6 күнтізбенің әрқайсысын 30 тг-ден сатып алды.Ол барлығына қанша теңге төледі?(500 тг)

2)4 кітапқа 560 тг төледі.Бір кітап қанша тұрады?(140 тг)

3)Мектепке 230 тг-ден доптар сатып алды.Барлық затқа 690 тг төледі.Қанша доп сатып алды?(3 доп)

Содан соң сұрау: «Әр есептен қандай шаманы іздедіңдер?(Бағасы,саны,құны) Баға дегеніміз не?(Бір өнімнің бағасы) Құны дегеніміз не? (Барлық өнімге берілген ақшаның саны)»Ламинатталған параққа құнын,бағасы мен санын табудың формуласын жазуды ұсыну.Тексеру керек.

« Сөздік бағалау» «Жарайсың», «Кереметсің»,

«Өте жақсы», «Талаптысың»

https://youtu.be/qt0ZoW0EF1A Ламинатталған қағаздың парақтары.

А5 форматының парақтары.

№4,5,6,7слайдтар

Сабақтың басы

5 мин

Т.Ж. Сыныпты үш топқа бөлу керек.Бірінші топта 2000 теңге,екіншіде – 1000 теңге,үшіншіде – 5000 теңге бар екенін айту керек. «Суретте көрсетілгендерден нені сатып алуға болады?Қанша қалады? Бірінші топ торт пен гүл сатып алады ма?(Жоқ,олардың бағасы 2000 тг-ден артық).Екінші топтың оқушылары қандай затты сатып ала алмайды? (торт).Үшінші топтар барлық заттарды сатып ала алады ма?(Иә)».Саралау үшін аса ынталы оқушыларға бірнеше затты «сатып» алуын ұсыну.

опена

Смайликтер арқылы бағалау

Сыйлықтарды тап.

Ж.Ж.Сыныпта кімнің туған күндері бір күнде немесе күндерге сәйкес келетінін сұрау.Осындай жағдайда сыйлықтарды шатастырып алуы мүмкін екенін елестетуді ұсыну.Мысалдарды шығарып,кімнің сыйлығы қайда екенін табуды ұсыну.Ол үшін жұптың бірі – Нұржанның сыйлығын, екіншісі – Айғанымның сыйлығын табады.

210:7+ (863-254)=639 842-450:9=792

321:3+482=589 540:6+(658-429)=319

«Өзара бағалау» Жұптардың сызбалары мен жұмыстары ауыстырылып беріледі де жауаптар өзара бағаланады.

Ж.Ж. «Құнын тап» Есепті өз бетінше шығаруды ұсыну.Егер шығару барысында қиындық туындаса,парталас көршісінен көмек сұрауға болады.Көбейтудің қандай қасиетін қолданғанын сұрау.(Көбейтудің үлестірімділік қасиетін).

Бағасы

Саны

Құны

55 тг

5

? тг

82 тг

5

?тг

65 тг

5

? тг

(55+82+65)*5=1010 тг

«Бағдаршам арқылы бағалау»

Ұ.Ж. «Талдап, шығар»

Дүкенде 3 күнде 1000 кг қант сатылды. Бірінші күні 300кг, екінші күні одан 2 есе артық қант сатты. Үшінші күні қанша кг қант сатылды?

Есепті талдау: «3 күнде қанша кг қант сатылды?Бірінші күні шеше?Екінші күні ше? Үшінші күні сатылған қант белгілі ме ?Біз есептің сұрағына бірден жауап бере аламыз ба?Ол үшін не істеу керек?»

300*2=600(екінші күн)

600+300=900 (бірінші және екінші күн)

1000-900=100 (үшінші күн)

«Сөздік бағалау»«Жарайсың», «Кереметсің»,

«Өте жақсы», «Талаптысың»

Ұ.Ж. «Ойлан, жауап бер»

Жанардың 20 теңгелік 5 монетасы бар. Ол бағасы 50 теңге тұратын балмұздақ сатып алғысы келді. Балмұздақты сатып алу үшін не істеуі керек?

Балалар асханада 1 стақан шырынның бағасы қанша. Оған тапсырыс беріп, 10 теңгелік монеталармен есептесіп көрейік. Кәне қай топ бірінші есеп айырыса алады екен

10тг 2 монетаң болса, 13 теңге тұратын затты қалай сатып алуға болатынын айтып бер.

20 теңгелік 2 монетаң болса 30 теңге тұратын затты қалай сатып аласыңдар?

Асанның кілең 1 теңгеліктен тұратын барлығы 100 теңге ақшасы бар еді. Құрал-жабдық сатып алған дүкенге 97 теңге төлеуі тиіс еді. Қалай тез есептеп беруге болады?

Әр дұрыс жауап үшін шапалақ ұру.

толық жауап

жартылай толық

толық емес

№8слайд

№9 слайд

№10 слайд

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс.

«Сенемін – сенбеймін» ойынын жүргізу. «Сендер сенесіңдер ме:

  • барлық затқа төленген ақша – бағасы?(Жоқ)
  • бір затқа төленген ақша – құны?(Жоқ)
  • санын табу үшін құнын бағасына бөлеміз?(Иә)
  • құнын табу үшін бағаны санына бөлеміз?(Жоқ)
  • бағаны табу үшін құнын санына бөлеміз?(Иә)

Ойын

№11 слайд

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларғақолдау көрсету.

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау.

Білім алушыларды сөздік бағалау

«Бағдаршам»арқылы бағалау

«Шапалақ» арқылы бағалаут.б

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу