Ішкі жиын / Суды қорғау. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық
Тақырыбы: Ішкі жиын / Суды қорғау
Оқыту мақсаттары: сандар жиынының ішкі жиындарын элементтердің берілген
немесе оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша құру
Жоспарланған іс-әрекет
Ынталандыру.
Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатыңыз. Карточкаларға жазылған амалдарды орындап, шыққан нәтижелерді өсу ретімен қойып, жазылған мақалды анықтайды.
Мақал: «Судың да сұрауы бар».
Мақалдың мағынасын түсіндіреді.
«Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» сөздіктері арқылы бағалаңыз.
Өзектендіру.
Тақтада сандар жазылған карточкалар, осыған ұқсас карточкалар әрбір партада.
Мына тапсырманы ұсыныңыз:
Карточкалардағы сандарға қара. Сандар жиынын құрастыр:
а) екі таңбалы;
ә) бір таңбалы;
б) 20-дан үлкен сандар;
в) толық ондықтар.
Жиындардың әрқайсысында неше элемент бар?
Оқушылар практикалық жұмысты түсіндіре отырып орындатыңыз.
«Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» сөздіктері арқылы бағалаңыз.
Өзіндік жұмыс
(Ө.Ж) 2-тапсырманы өз беттерімен орындатыңыз. Фигуралардың ортақ қасиеттерін анықтайды.Жиындардың қайсысы ішкі жиындар болып табылатынын анықтайды.
(Қиындық келтірген оқушы көмек көрсету)
«Смайликтер» арқылы кері байланыс беріңіз
3-тапсырманы жұппен орындатыңыз. Сандар жиынының ішкі жиындарын элементтердің берілген қасиеттері бойынша құрады.Оқушылар сандар жиынының ішкі жиындарын элементтердің өздері анықтаған қасиеттері бойынша құруды қолданады.
«Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» сөздіктері арқылы бағалаңыз.
4-тапсырманы орындауды ұсыныңыз. Бұл тапсырмада оқушылар ішкі жиын туралы білімдерін бекітеді.Бұдан кейін оқушылар өздері сандар жиынына мысал ойлап табады және оның ішкі жиынын құрады.
Формативтік бағалаумен дәптердегі тапсырманы орындайды.
«Шапалақ» арқылы бағалау
Бағалау критерийі.
Мен:
- жиынның ішкі жиынын табу;
сандар жиынының ішкі жиындарын элементтердің берілген немесе оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша құруды білемін.
Өткенмен жұмыс.
(Т.Ж) 5-тапсырманы оқушылар топпен орындатыңыз. Өрнектердің мәнін табады. Суды ластау көздерін атайды. Өрнектердің мәнін өсу ретімен атау арқылы ең ірі суды ластау көздерін біледі және оларды реті бойынша диаграммаға жазады. Әрбір топ суды қалай қорғауға және үнемдеуге болатыны туралы өз пікірлерін айтады.
973-646=327 579+298=877
203·2=406 108·2=216
«Шапалақ» арқылы бағалаңыз
Егер жауап толық болса үш рет шапалақ ұру
Жартылай толық болса екі рет шапалақ ұру
Толық емес жауап болса бір рет шапалақ ұру арқылы бағалаңыз.
(Ж.Ж)6-тапсырмадағы есептерді жұппен орындауды ұсыныңыз. Есептерді шығарту барысында оқушылармен суды үнемдеу жөнінде әңгіме жүргізіңіз.
а)20·3=60 (л)
ә) 60·200=12000=12 (л)
«Бағдаршам» бойынша бағалаңыз
толық жауап
жартылай толық
толық емес
(Ж.Ж) 7-тапсырманы орындау үшін практикалық жұмыс ұйымдастырыңыз. Көпбұрыштардың қабырғаларының ұзындығын өлшейді және олардың периметрлерін табады.
Тапсырманы орындау арқылы оқушылар көпбұрыштардың белгілі қабырғалары арқылы периметрін анықтауды қайталайды.
Р= 2см+2 см+ 2 см+2 см=8 см
Р=1см+1см+1см+1см+1см+1см=6 см
Р= 4см+2 см+ 2 см+2 см=10 см
«Өзара бағалау» Жұптар жұмыстарын ауыстырады да бір- бірінің жұмыстарына бағалау жасатыңыз.
«Шапалақ» арқылы бағалаңыз
Егер жауап толық болса үш рет шапалақ ұру
Жартылай толық болса екі рет шапалақ ұру
Толық емес жауап болса бір рет шапалақ ұру арқылы бағалаңыз.
8-тапсырма зерттеуді талап етеді. Оқушыларға оны жұппен орындатыңыз.Мұғалім оқушылармен тапсырманы орындау үшін кестені қалай пайдалануға болатынын талдайды. Тапсырманы мысалы төмендегідей түрде орындауға болады.
Ыдыстар | 1-қадам | 2-қадам | 3-қадам | 4-қадам | 5-қадам | 6-қадам | 7-қадам |
28л | 21 | 21 | 25 | 25 | 18 | 18 | 22 |
7л | 7 | 3 | 3 | 0 | 7 | 6 | 6 |
4л | 0 | 4 | 0 | 3 | 4 | 0 |
Осы әрекеттерді қайталап, екінші шелекке де 6 литр су құйып алады.
Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.
Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум кубигі.
Рефлексия. Жетістік деңгейін бағалаңыз.
Оқушылар орындай алады:
Мұғалім оқушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратады, оқушылар сөйлемді аяқтайды:
… жасап көремін.
…мені таңғалдырды.
… өміріме сабақ болды.
…қаладым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?