104∙7 түріндегі көбейту. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

3-бөлім. Жазбаша көбейту және бөлу

122- сабақ. Тақырыбы: 104*7 түріндегі көбейту

Оқу мақсаты: 3.1.2.13. Бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал көбейту алгоритмін қолдану.

Сабаққа қажетті ресурстар: слайдттар, суреттер, түсіндірме кесте, смайликтер, жауап парақтары, маркерлер,тапсырмалар

Сабақта қолданылатын деректі материалдар:

Көбейту алгоритмі:

  • Бірліктерді көбейтемін, ондықтарды есте сақтаймын, бірліктердіңі астына жазамын.
  • Ондықтарды көбейтемін, ондықтарды қосамын, ондықтардың астына жазамын.
  • Жүздіктерді көбейтемін, жүздіктердің астына жазамын.
  • Жауабын оқимын.

Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.

Т.Ж. Сабақты «Кім жылдам» ойыны арқылы жаңа сабаққа кіріспеден бастаңыз. Әр топқа екі мысалдан беріңіз . Оқушылар өрнектерді жазады. Көбейту алгоритмін құрып, өрнектің мәнін табады. Тақтадағы дұрыс жауабымен салыстыруды ұсыныңыз. Оқушылар көбейту ережесімен танысып, қорытынды жасауы керек.

Көбейту алгоритмі.

  • Бірліктерді көбейтемін, ондықтарды есте сақтаймын, бірліктердіңі астына жазамын.
  • Ондықтарды көбейтемін, ондықтарды қосамын, ондықтардың астына жазамын.
  • Жүздіктерді көбейтемін, жүздіктердің астына жазамын.
  • Жауабын оқимын.

104*7=(100+4)*7=100*7+4*7=700+28=728

1

0

4

7

2

8

7

0

0

7

2

8

1

0

4

7

7

2

8

жүздіктерді көбейтеміз

ондықтарды көбейтеміз

бірліктерді көбейтеміз

 

Ережемен танысып болған соң оқушыларға сұрақ қойыңыз:

Көбейтуді бірінші көбейткіштің қай разрядынан бастадыңдар? Неге?

Нөлге көбейткенде не шықты?

Нөлге көбейткенде әрқашанда нөл шыға ма?

Берілген сандарды көбейткенде көбейтіндіде не байқадыңдар?(1-ге көбейткенде көбейтіндіде сол санныі өзін жазуға болады)

Осы түрдегі үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтудің басқа түрдегі сандарды разрядтан аттап және аттамай баған түрінде көбейтуден қандай айырмашылығы бар?

Ж «Түсіндір, шығар» ойыны арқылы тапсырманы орындайды. Оқушылар жұппен көбейту алгоритмі бойынша кезекпен мысалды түсіндіріп шығарады. Тексеру жасап, дұрыс жауабын бос торкөзге жазады.

Т.Т. «Тап және орналастыр» Оқушылар тапсырманы 4-адамнан құралған шағын топта орындайды. Сұрақ қойыңыз: Осындай теңдеуді қалай шығарамыз? Топтық жұмысты бақылаңыз, оқушыларды дұрыс жауапқа бағыттаңыз. Әр топ өкілі тақтаға шығып, теңдеуді шешу жолын түсіндіреді. Теңдеу түбірлерін өсу ретімен жазады. Оқушылар жауаптарын салыстырады, бірін-бірі «Әткеншек» әдісі арқылы бағалайды.

а : 2=108

в : 9=108

с : 6=108

х :3 = 108

Ж.Ж. «Ойлан, тап» Тапсырманы оқушыларға өз бетінше орындауға беріңіз. Бірнеше оқушыны тақтаға шығарыңыз. Оқушылардың жауаптарын салыстыру арқылы, есептің дұрыс шығарылуын қадағалаңыз.

105*5+400:4 =

630:3+304*2 =

460:2+306*3 =

Т.Т. «Оқы, түсіндір, шығар» Әр топқа параққа өздеріне ыңғайлы түрде есептің қысқаша шартын-сызба, сурет немесе қысқаша жазбасын жазуды ұсыныңыз. Оқушыларға есепті шығаруды және екі амал арқылы шығару мүмкін болатындай есепке сұрақ қоюды ұсыныңыз. Бір оқушыны тақтаға шығарып, есебін түсіндіруді сұраңыз. Оқушылар топтық жұмыс бойынша қорытынды жасайды. Топтарды смайликтер арқылы бағалаңыз.

Мектеп бағында әрқайсысында 12 түптен 4 қатар ағаш бар. Көктемде тағы бірнеше ағаш отырғызылған соң барлық ағаш 96 болды. Көктемде қанша ағаш отырғызылған?

Бар -12 түптен 4 қатар96 ағаш болды

Отырғызылды-?

Жауабы: 12*4=48

96-48=48

Келесі тапсырмада оқушылар есептің шартын және шығару жолын талдайды, есепті шығарады. Топтық жұмысты бақылаңыз, көмек керек оқушыларға көмектесіңіз. Соңында дайын жауабын көрсетіп, оқушылардың өзін-өзі бағалауын ұйымдастырыңыз.

Машинамен бірдей ыдыстарға құйылған 448 л сүт әкелді. 10 ыдысты түсіргенде машинада 128 л сүт қалған. Әр ыдыста қанша литр сүт болған?

Әкелді-448л

Түсірді 10 ыдыс

Қалды-128л

Әр ыдыста-?

448-128=320л(түсірілген сүт)

320:10=32л (бір ыдыстағы сүт)

Кері байланыс

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі

Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың бетпердесін киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу