Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша түрде қалдықпен бөлу/Қазақстанның математиктері. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық

Тақырыбы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша түрде қалдықпен бөлу

Оқу мақсаттары: мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.

Сабаққа байланысты деректі материалдар: Қалдықпен бөлу- бір натурал санды екінші санға бөлгенде,қалдық нөлге тең болмайтындай етіп бөлу.Қалдықпен бөлгенде,қалдық үнемі бөлгіштен кем болуы керек.

Сабақта қолданатын көрнекіліктер: суреттер,кестелер

Жоспарланған іс-әрекет

Ынталандыру.

Қазақстанның математиктері туралы мәлімет беріңіз..

Белсендіру.

(Ұ.Ж) 1- тапсырманы ұжымда ауызша орындайды, 2005 жылы Алматы қаласындағы мектеп оқушыларына арналған математика мен физика пәндерінен Жәутіков олимпиадасы өтті. Кестені қарайды, бөліндінің мәнін және қалдықты атайды, барлық қалдықтардың қосындысын табады,халықаралық олимпиадаға әлемнің қанша мемлекетінен оқушы келгенін анықтайды. Дұрыс жауапты тақтадағы дайын жауаппен тексереді.

«Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» сөздік бағалау арқылы бағалаңыз.

Мақсат қою (проблемалық жағдаят).

Мұғалім оқушыларды топтарға бөледі және үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу амалының жазбасын мұқият қарауды ұсынады. Соңғы толық емес бөлінді бөлінгішке қалдықсыз бөлінбейтіндіктен, мәселелі жағдаят туындайды.

Жаңаны ашу.

Жаңаны ашып, мәселелі жағдаяттан шығу үшін мұғалім оқушыларға алдымен өз тұжырымдарын айтуды сұраңыз. Содан кейін оқушылар оқулықтан үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу алгоритмімен танысады. Топ ішінде әр оқушы тізбек бойынша жазбаша қалдықпен бөлу алгоритмін және тексеруді түсіндіреді. Оқушылардың толық емес бөлінгіш толығымен бөлінбей қалған кездегіден басқа, алдын ала суреттелген іс-әрекеттерінің барлығы ұқсас. бөліндінің мәнін табу кезінде шыққан соңғы санды бөлгішке көбейткен кезде бөлгіштің санынан анағұрлым аз сан шықты. Яғни соңғы бөлінгіш толық бөлінген жоқ. 2⋅ 3 = 6, 6-ны бірліктің астына жазамын, есептейміз:

7 – 6 = 1.( 1 қалдық) 1<2. Мұғалім бөлу кезіндегі қалған қалдықты әрқашан бөлгішпен салыстыру керек екенін түсіндіреді. Ол бөлгіштен көп болмауы керек. Жауапты оқимын:123 (1қалдық)

Қалдықпен бөлуді көбейтумен тексерген оқушыларға қиындық тудырмауы керек.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

(Ж.Ж) Қалдықпен бөлу.3- тапсырманы жұпта қалдықпен бөлуге берілген тапсырманы шығарып және тексеруді ұсыныңыз. Екі таңбалы/үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлудің жазбаша алгоритмдеріне сәйкес есептейді және өрнекті баған түрінде жаздырыңыз.

2.Қалдықпен бөлуді орында.Есептеуді тексер.

364:3=121(1қалд.) 483:2=241(1қалд.) 968:3=322 (2қалд.)

121·3+1=364 241·2+1=483322·3+2=968

846:4 = 211(2қалд) 779.7=111 (2қалд.) 685:2=342(1қалд.)

211·4+2=846 111·7+2=779 342·2+1=685

«Шапалақ» арқылы бағалаңыз

Топқа топтастыру

Т.Ж) Есепті шығар.4-5- тапсырманы топта орындайды. Алдын ала шығару жолдарын талдап, содан кейін есептейді. Оқушылар есепті дәптерлеріне орындайды, содан кейін өз нәтижелерін басқа топтарға есепті таныстырып,шығару жолдарын түсіндіріп,тақтаға жазады.

І топ: 4-тапсырма (а)

360 теңгеге – 4 ашықхат

810 теңгеге -? ашықхат

Ш:810:(360:4)=9 (ашықхат)

Ж:810 теңгеге 9 ашықхат сатып алуға болады.

ІІ топ: 4-тапсырма (ә)

6 қаптама -180 ашықхат

8 қаптама -? ашықхат

Ш:(180:6)·8=240 (ашықхат)

Ж:8 қаптамада 240 ашықхат бар.

ІІІ топ: 5-тапсырма (а)

Түрлі түсті қ – 12 қорап ? қорап қарындаш

Жай қарындаш -?, 3есе артық

Ш:1)12·3=36 (жай қарындаш)

2) 12+36=48(қорап)

Ж: барлығы 48 қорап қарындаш сатылды

ІV топ: 5-тапсырма (ә)

Түрлі түсті қ – 12 қорап,бұл 3есе артық ? қорап қарындаш

Жай қарындаш -?

Ш:1)12:3=4 (жай қарындаш)

2) 12+4=16(қорап)

Ж: барлығы 16 қорап қарындаш сатылды

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» арқылы бағалаңыз.

Өткенді қайталау.

(Ж.Ж) «Көршіңмен кеңес» ойыны.

6-тапсырманы жұпта орындайды. Тапсырма қалдықпен бөлу арқылы есепті шығаруға жаттығуға бағытталған. Орындаған тапсырманы келесі жұппен салыстыру.

Барлығы-343 жалауша

Байлады -3-тен

Қанша байлам -?

Қалды -? жалауша

Ш:343:3=114(1 қалд.)

Ж: 114 байлам болды, 1 жалауша артық қалды.

«Бағдаршам» бойынша бағалау.

(Ж.Ж) 7- тапсырманы – практикалық жұмысты түсінік бере отырып жұппен орындайды.

Егер тіктөртбұрыштың бір диагоналін жүргізсе, тіктөртбұрыш екі тікбұрышты үшбұрыштан құралған болады. Бұл бөліктердің аудандары бірдей. Яғни, бір тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табу үшін тіктөртбұрыштың ауданын тауып, оны екіге бөлсек жеткілікті. Тікбұрышты үшбұрыштың ауданының формуласы: S = (a • b) : 2,

мұндағы: а және b – тіктөртбұрыштың қабырғалары. Бұлар үшбұрыш үшін тік бұрышты құрайтын қабырғалары болып табылады.

7 а) тапсырмасында үшбұрыштың ауданын есептеу керек. Оқушылар тікбұрышты үшбұрыштың ауданын есептеуді естеріне түсіреді, есеп шығарады:

(6 ⋅ 12) : 2 = 24(см2)

(4 ⋅ 2) : 2 = 4(см2)

(4 ⋅ 9) : 2 = 18(см2)

7ә) тапсырмада тәжірибелік жұмыс жүргіземіз: тіктөртбұрыш сызамыз, оны қиғаш сызықпен екі тікбұрышты үшбұрышқа бөлеміз, тікбұрыш үшбұрыштың ұзындығы мен енін өлшейді, тікбұрышты үшбұрыштың ауданын есептейді.

S = (a • b) : 2

4 см (6 ⋅ 4) : 2 = 12(см2)

6см

Осы тапсырма тікбұрышты үшбұрыштың ауданын түсіну және оны шығару дағдысын қалыптаст ырады. Оқушыларға қалаулары бойынша тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табатын формуланың қалай шыққандығы туралы қорытынды жасайды.

«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу