Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша түрде қалдықпен бөлу/Қазақстанның математиктері. Математика, 3 сынып, дидактикалық материал.
Математика 3-сынып
Дидактикалық материалдар
Тақырыбы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша түрде қалдықпен бөлу
1.Қазақстан математиктерінен мәлімет беріңіз.
Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы (1911-1989) - ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылында дүниеге келген. 1920-1930 жылдары ауылдық мектепте, кейіннен Қарқаралы қаласындағы мектепте оқыған. 1934 жылы Қазақ педагогикалық институтының (Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) физика-математика факультетін үздік бітіріп, Ленинград мемлекеттік университетінің (Санкт-Петербор мемлекеттік университеті) аспирантурасын тамамдаған. 1934-1951 жылдар аралығында Қазақ педагогикалық институтында ассисент, аға оқытушы, доцент, декан, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, кафедра меңгерушісі болған. 1945 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясында Математика және механика секторы ашылып, кейіннен Математика және механика институты құрылған.
О.Жәутіков - республикалық физика-математика мектебін ұйымдастырушылардың бірі. Бұл мектеп қазір Орынбек Жәутіковтің есімімен аталады. Ол республикамызда математик ғалымдарды дайындауда және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңіріп, отандық математиктер мектебін қалыптастырды. 1958 жылы академик О.Жәутіков алғаш рет қазақ тілінде математикалық талдау туралы оқулығын шығарған. Ол 200 ден астам ғылыми еңбектердің, ғылыми-танымдық кітаптардың, методикалық жұмыстардың, көптеген оқулықтардың авторы. Белгілі ғалымдар А.Ляпуновтың, С.Ковалевскийдің, Н.Лобачевскийдің, С.Соболевтің, М.Лаврентьевтің, К.Персидскийдің, Қ.Сәтпаевтің, тағы басқалардың өмірі мен шығармашылық қызметтері туралы зерттеулерін ғылыми-танымдық кітаптары мен мақалаларында жариялаған.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/zhautikov-orynbek-ahmetbekuly_a2214231
Асқар Жұмаділдаев 1956 жылы Қызылорда облысындағы Шиелі қыстағында дүниеге келген. Асқар Жұмаділдаевтың арғы атасы Шоң өңірге белгілі адам болған. Шоңның Сырдария өзенінің бойындағы Көтентоғай жерде үлкен үйі болған екен және болыс қызметін атқарған. Күштеп ұжымдастыру кезінде Шоңның ұрпақтары құғын-сүргінге ұшырайды да, барлық мүлкі кәмескеленеді. Асқардың атасы Жұмаділдә бала-шағасын алып, Өзбекстанға қашуға мәжбүр болады. Жұмаділдә және оның жанұясы күн көру үшін түрлі қара жұмыстар жасауға тура келеді. Кейінрек Сталин қайтыс болғаннан кейін Жұмаділдә Қызылорда облысына қайтып келеді. Алайда, Жұмаділдәның Өзбекстанда туған немерелерінің барлығының ғұмыры қысқа болады. Қазақстанға қайтып келгеннен кейін туған алғашқы немересі Асқар Жұмаділдаев екен. Қазақтың дәстүріне сәйкес, Жұмаділдә Асқарды өзінің бауырына басып алады. Асқар Жұмаділдаев 1962 жылы №299 темiржол төртжылдық бастауыш мектебiне, 1966-69 жылдары №45 Октябрьдiң 14 жылдығы атындағы қазақ орта мектебiнде білім алады. Кейінірек 1970-72 жылдары Алматыдағы №56 Сатпаев атындағы физика-математика мектеп-интернатында оқыды. Кейiн физика-математика кластары негiзiнде жаңа мектеп ғимараты салынып, Республикалық физика-математика мектебi болып қайта құрылды. Мектепте жүргенiнде талай қалалық, республикалық және бүкiлодақтық физика-математикаға қатысты жарыстарға қатысып, талай рет жүлдегер атанды.
1.Бөліндінің мәні мен қалдықты тап.
Бөлінгіш | Бөлгіш | Бөліндінің мәні | Қалдық |
38 | 7 | 5 | 3 |
50 | 8 | 6 | 2 |
13 | 7 | 1 | 6 |
10 | 6 | 1 | 4 |
Ш: 3+2+6+4=15 Ж: халықаралық олимпиадаға қатысу үшін әлемнің 15 елінен оқушылар жиналған.
2.Қалдықпен бөлуді орында.Есептеуді тексер.
364:3 483:2 968:3
846:4 779.7 685:2
3.Есепті шығар.
а)360 теңгеге – 4 ашықхат
810 теңгеге -? ашықхат
ә) 6 қаптама -180 ашықхат
8 қаптама -? ашықхат
4.Үшбұрыштардың ауданын есепте.
2 см
4 см
12см
4см
6 см 9 см
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?