алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Санның квадраты және кубы. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

83-сабақ. Тақырыбы:Санның квадраты және кубы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.1.2.1 санның квадратын - бірдей екі көбейткіштің, ал кубын - бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде түсіну

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы :

Санның квадратын - бірдей екі көбейткіштің, ал кубын - бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде түсіну

Оқушылардың көпшілігі:

Санның квадратын - бірдей екі көбейткіштің, ал кубын - бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде есептеу

Оқушылардың кейбірі:

Санның квадраты мен кубының құрамын табу үшін, санды өрнектің мәнін бірнеше амал арқылы табу.

Бағалау критерийлері

  • Оқушылар санның квадраты мен кубын бірдей көбейткіштердіңкөбейтіндісімен алмастыруға болатынын айтып бере алады.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: санның квадраты, санның кубы

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

  • Қандай көбейтінділерді санның квадратымен алмастыруға болады?
  • Қандай көбейтінділерді санның кубымен алмастыруға болады?
  • Санның квадраты мен кубын қалай алмастыруға болады?

Құндылықтар

Жұппен және топпен жұмыс үстінде ұйымшылдыққа, өзара көмек беруге ұмтылады.

Пәнаралық байланыс

Тапқырлыққа арналған тапсырмада логикамен, тәжірибиелік тапсырмаларда көркем еңбекпен байланысады.

АКТ қолдану дағдылары

Тапсырмалар бойынша нұсқаулар АКТ арқылы көрсетіледі.

Алдыңғы меңгерілген білім

Көбейту мен бөлу кестелері, санның квадраты

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

ҰБелсендіру Сабақ «Қарлы кесек» ойыны арқылы өткенді қайталаудан басталады. Бұл тапсырма оқушылардың санның квадраты мен кубы туралы түсінікті өзектендіруге көмектеседі.

Барлық оқушыларға төмендегі тапсырмалар жазылған қима қағаздар таратылып беріледі. Оқушы мысалды өзі шығарады да умаждап өзі қалаған келесі оқушыға береді, ол оқушы шығарып келесі оқушыға береді. Мұғалімнің «тоқта» белгісі бойынша соңғы алған оқушы тапсырманы ауызша орындайды, қалған оқушылар тексереді.

Тапсырмалармен жұмыс

1-ден 10-ға дейінгі сандардың квадраты мен кубының кестесімен жұмысты ұсыныңыз. Кестедегі сандарды орнына қоя отырып, оқушылар кестелік көбейтуді, санның квадраты мен кубын табудың ережесін қайталайды. Тапсырманы орындауда қиналған оқушыларға санның квадратымен жұмысты ұсыныңыз және санның кубын табу барысында қолдау көрсетіңіз.

(М) Санның квадраты мен кубы – бірдей көбейткіштердің көбейтіндісі түріндегі бекіту мақсатында оқушылар көбейтіндіні квадрат пен кубқа айналдырады, ал куб пен квадратты көбейтіндіге айналдырады. Қай уақытта квадрат немесе куб түрінде жазуға болатынын сұраңыз. Санның квадратын немен ауыстыруға болады? Санның кубын ше?

Ж.Ж. «Ауыстыр, жаз» Өрнектегі көбейтіндіні мүмкіндігінше көбейткіштің квадратымен немесе кубымен алмастырып жазу тапсырылады.

4*4+4 4*3+4 4+4+4 3*3+4

8*8*8 8*2-8 2*2*2-8 8+8*8

53+2 83-9*7 72+32*10

6*2+63 63-22*3 92+43*4

Тапсырмалар жазылған қима қағаздар,

4 слайд

Квадрат пен кубтың кестесі.

5 слайд

6 слайд

Дәптер, оқулық

Сабақтың ортасы

Т.Ж. «Жаса және сана» Тәжірибелік жұмыс орындау ұсынылады. . Тапсырма фигураның ауданын табу ережесін қайталауға мүмкіндік береді. Мақсатты түрде топта жұмыс жасайды. Топқа үлгі беріледі.Әр топ өз моделін жасайды және қанша материал дайындау керектігін тәжірибе жүзінде анықтайды.

Топта біріге жасап болған соң жұмысты тақтаға ілуді ұсыну. . Қай топ қанша шаршы керек еткенін айтады.

І топ-10 шаршы

ІІ топ-5 шаршы

ІІІ топ-6 шаршы

Ө.Ж. Есептеп көр. Оқушылар өз беттерінше орындайды. Үлгі бойынша тексеру, тапсырма нәтижесіне байланысты оқушылармен жұп және тақ сандар туралы қорытынды жасалады.

Санның квадратын тап:

82, 42, 92, 52, 72, 62, 02, 102

Санның кубын тап:

63, 43, 23, 03, 83, 73, 93, 33, 13

Т.Ж. «Салыстыр» Диаграммамен жұмыс жасау ережесін еске түсіріңіз. Оқушыларға ұжыммен талқылауды ұсыныңыз.Санның квадраты мен кубына байланысты диаграмма құрастыруды тапсыру.

Жауабы: Ортақ белгісі бірдей көбейткіштердің көбейтіндісі

n2- екі бірдей көбейткіш

n3-үш бірдей көбейткіш

Т.Т. «Тездет, бірақ қателеспе» Тапсырма оқушылардың санның квадраты мен кубына қатысты әрекеттерді орындау дағдысын жаттықтыруға берілген. Әр топ тапсырма орындалған нәтижесін түсіндіреді.

23 -4=4

(63 -16) : 25=8

(3*6)3 :9 – 24=624

52 + 23= 33

(73 - 43):50=6

12+23 +(4*8)2 :16=84

152 -25=200

(93 -129):25=24

4*33 – (21-7)2 :49=104

Т.Ж. «Талда және орында» Тапсырма тақырыпты бекітуге бағытталған. Шартын оқиды топта шартын талдап, бір-біріне түсіндіреді. Қиындық туған жағдайда сұрақтар арқылы жетелеуге болады.

Бір тапсырмада 6 мысалдан 3 баған, екінші тапсырмада әрқайсысында 4 мысалдан 3 баған берілген. Екі тапсырмада барлығы неше мысал бар?

Қысқаша шарты:

1-тапсырма-6 мысалдан 3 баған

2-тапсырма-4 мысалдан 3 баған

Барлығы -? Мысал

Жауабы: 6*3+4*3=30 мысал

Түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы, сызғыш.

7 слайд

8 слайд

А4 форматтағы парақ,маркер, диаграмма.

9 слайд

10 слайд

11 слайд

Сабақтың соңы

Қалыптастырушы бағалау . Кеспеқағаздар ұсынуға болады. Барлық оқушылар дәптермен жұмыс жасайды, тексеру берілген үлгі бойынша немесе эксперт рөліне тағайындалған оқушы арқылы жүргізіледі.

  • 3 санының кубын тап.
  • 8 санының квадратын тап.
  • 53-ті көбейтінді түрінде жаз.
  • 92-ні көбейтінді түрінде жаз.
  • 27-ні санның кубы түрінде көрсет.
  • 36-ны санның квадраты түрінде көрсет.

Мен:

  • Санның квадраты мен кубын таба аламын;
  • Санның квадраты мен кубын бірдей көбейткіштің көбейтіндісі түрінде көрсете аламын.

Кері байланыс. «Бағдаршам » әдісі .

Қызыл түс-тапсырманы орындауда қиналдым;

Сары түс- жауабыма сенімді емеспін;

Жасыл түс-барлығы түсінікті, тапсырманы орындай алдым.

Кеспеқағаз

12 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 керемет тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, бата қайыру

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы