№163 сабақ.Санның квадраты мен кубы. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту мен бөлу

№163 сабақ.Санның квадраты мен кубы

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жанғабылова Кенжекүл Ғаниқызы

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.1Санның квадратын-бірдей екі көбейткіштің,ал кубын-бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде түсіну

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:Санның квадратын және кубын таба алады.

Оқушылардыңкөпшілігі:

Сандардың квадраты мен кубына берілген арифметикалық амалдарға байланысты есептеулерді орындай алады.

Оқушылардың кейбіреулері:

Есептерді шығарып оны талқылай алады.

Ғылыми тіл

Оқушыларсанның квадраттары мен кубтарының түсініктерінің мағынасы мен қолдануын қарастырады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Бірдей көбейткіштердіңкөбейтіндісін басқаша жазуға бола ма?

Осы өрнектің қысқаша жазбасы бар ма,қалай ойлайсың?

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Ондық құрамына негізделген үш таңбалы сандарды қосуды және алуды ауызша орындау,үш таңбалы сандарды қосу және алу алгоритмін,нөлге аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмдерін қолдану.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланғаніс-әрекеті

Ресурстар

Кіріспе тапсырма. Сабақ балалардың санның квадраты мен кубы туралы білімдерін қайталап еске түсіруден басталады.

Ұ. Санның квадраты мен кубының кестесінен сұрақтар қою:

5- тің квадраты нешеге тең?

Қандай санның квадраты 49-ға тең?

3-тің кубын ата

64 қандай санның кубы?

Сұрақтарға жауап алынған соң тест жүргізу керек.Оқушылар жауаптарды ламинатталған параққа жазады.

1.Есепте

а)14; ә) 49; б) 9.

2.Есепте

25

3.Теңдеудің түбірін ата а. =81

а=9

4.Өрнектің мәнін тап

а)7; ә)25; б)49.

5.Өрнектің мәнін тап +

а)35; ә)15; б)125

Жауабы:

1

2

3

4

5

6

ә

б

а

ә

а

ә

1-ден 10-ға дейінгі сандардың квадраттық кестесі;

1-ден 10-ға дейінгі сандардың кубтық кестесі;

Бірдей өлшемдегі 8 текше

№4 слайд

Сабақтың басы

5 мин

Т.Ж. «Қара, жауап бер!» Оқушыларға топпен суретті талдап,сұрақтарға жауап беруді ұсыну.Сұрау: «Суреттен қандай геометриялық фигураларды көруге болады? Көлемді геометриялық фигураларды ата.Қандай фигуралардың ауданын ,ал қандай фигуралардың көлемін табамыз?Ауданды табу үшін қанша өлшем қажет? Көлемді табу үшін ше?»Аудан мен көлемнің өлшем бірліктері туралы қорытынды жасау.

n*n=n2

n*n*n=n3

«Сөздік бағалау» «Жарайсың», «Керемет», «Өте жақсы»

Кубтың сандары.

Ө.Ж.8 текшеден тұратын кубты құрастырып,өз әрекетін түсіндіруге болады.Оқушылар түсіну үшін бір қатардағы текшелердің санын санау керек (немесе текшенің қабырғасы қанша шаршыдан тұратынын).Содан соң текше көлемінің формуласының көмегімен өрнек құрып,текшелердің жалпы санын табады.

Шаршының ауданын табу формуласын еске түсіру S=а2

Сәйкес кестені толтыру

а см

2

3

6

8

S см2

16

25

49

81

Санның квадратын қалай табуға болатындығын түсіндіруді сұрау.

«Басбармақ арқылы бағалау»

Егер санды өрнекте санның квадраты немесе кубы кездессе, олардың мәнін қалған амалдарды орындамас бұрын алдын ала табамыз

Тапсырмалармен жұмыс

Еске сақта!

Ж.Ж. «Шығар және түсіндір!» Тапсырманы түсіндіре отырып шығарту.

42+22= 20

62-23=28

82-33*2=10

53-72=76

200-102=100

33+13=40

102-72=51

92+4=85

«Бағдаршам арқылы бағалау»

Ж.Ж. «Шығар және салыстыр» Тапсырманы «тізбектеп» түсіндіре отырып шығаруды ұсыну.

72 49

43 16

33 32

62 36

42 43

81 92

53 72

49=49

64>16

27>9

36=36

16<64

81=81

125>49

«Өзара бағалау» Жұптардың жұмыстары ауыстырылып беріледі де өзара бағалау жасалады.

Ұ.Ж.Санның квадратын табудағы қызықты кескіндемеге назар аударту.

4,5,6 сандарының квадратын осы кескіндеме үлгісі бойынша құрастыруды тапсыру.

42=1+3+5+7

52=1+3+5+7+9

62=1+3+5+7+9+11

«Сөздік бағалау» «кереметсің», «жарайсың», «талаптысың»

Ұ.Ж. «Талда, шығар» Оқушылардың ұжымдық жұмысын ұйымдастыру. Есепті талқылау.

Үлкен ұядан қанша кг бал жинады? Кіші ұядан жинаған бал белгілі ме? Оны қалай табамыз? Сұрақтарына жауап алу.

Омарташы үлкен ара ұясынан 6 санының кубына тең кг бал алды. Ал кіші ұядан үлкен ұяға қарағанда 2 есеге аз кг бал жинады. Екі ұядан омарташы барлығы қанша кг бал жинады?

Қысқаша шарты:

Үлкен ұядан-6 санының кубына тең кг-216кг

Кіші ұядан -? 2 есе кем

Барлығы-? кг бал

63:2=216:2=108

216+108=324кг

Фермада бір күнде 978 л сүт сауылады. Оның 402 литрін фермада қалдырды. Қалғанын әр ыдысқа тең бөліп, асханаларға жіберді. Сонда барлығы 48 ыдыс болды. Әр ыдысқа неше литр сүт құйылған?

Қысқаша шарты:

Сауылды-978л

Қалдырды-402 л

Құйылды-48 ыдысқа

Әр ыдысқа-? л

978-402=576л (жіберілген сүт)

576:48=12л (бір ыдыстағы сүт)

Есепті ұжымда талқылап, қысқаша шарты бойынша шешуі мен жауабын топтан бір өкіл шығып таныстырады. Басқа топ өкілдері өз жауаптарымен салыстырып бағалау жүргізеді.

Ж.Ж. «Ойлан, тап! »Жұппен талдап,берілген нәтиже шығатындай амалдарды қоюды ұсыну

23 22 2=1

3 32 3=1

Жауабы:

23 : 22 : 2=1

3 * 32 : 33=1

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б..

№5 слайд

№6 слайд

№7 слайд

№8 слайд

толық жауап

жартылай толық

толық емес

№9 слайд

№10 слайд

№11 слайд

№12 слайд

Сабақтың соңы

5 мин

Тест ұсыну: Қайталау жұмысының нәтижесін көру мақсатында ұйымдастырылады.

1. «Санның квадратын табу» дегенді қалай түсінесің?

а)Қосындыны табу. ә)Айырманы табу. б)Көбейтіндіні табу.

2.Егер өрнекте санның квадраты болса,амалдар қалай орындалады?

а)Солдан оңға қарай ретімен. ә)Квадратты басқа амалдарды орындамас бұрын табады. б)Қосады,содан соң квадрат.

3. «Санның кубын табу» дегеніміз не?

а)Көбейтіндіні табу. ә)Қосындыны табу.

Жауаптары салыстырыла тексеріледі.

Оқушылардан кері байланыс алу үшін төмендегі сұрақтарға жауаптар алынады.

Сұрақ:

«Санның квадратын қалай табуға болады?

Бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісін табу

Санның кубын қалай табуға болады?

Бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісін табу

Қандай фигураның ауданы қабырғаларының квадратына тең?

Шаршының ауланы

Қабырғалардың кубы?

Текшенің көлемі

Кестеден келесі сандардың: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 квадраты (кубы) қаншаға тең екенін көрсетуді ұсыну.

№13 слайд

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларғақолдау көрсету.

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау.

Білім алушыларды сөздік бағалау

«Смайликтер»арқылы бағалау

«Шапалақ» арқылы бағалаут.б

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу