№163 сабақ.Санның квадраты мен кубы. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
4-бөлім. Қайталау
163- сабақ. Тақырыбы: Санның квадраты және кубы
Оқу мақсаты: 3.1.2.1Санның квадратын-бірдей екі көбейткіштің,ал кубын-бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде түсіну
Сабаққа қажетті ресурстар: слайдттар, суреттер, түсіндірме кесте, формулалар, смайликтер, сызбалар
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Егер сандық өрнекте санның квадраты және кубы болса, онда оларды басқа амалдарды орындамас бұрын есептейді. Кубтың n саны квадраттың санынан n есеге артық. n 3 > n2
Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.
Кіріспе тапсырма. Сабақты балалардың санның квадраты мен кубы туралы білімдерін қайталап еске түсіруден бастаңыз.
Ұ.Ж. Санның квадраты мен кубының кестесінен сұрақтар қою арқылы ұжымдық жұмыс ұйымдастырыңыз.
5- тің квадраты нешеге тең?
Қандай санның квадраты 49-ға тең?
3-тің кубын ата
64 қандай санның кубы?
Сұрақтарға жауап алынған соң тест жүргізіңіз. .Оқушылар жауаптарды ламинатталған параққа жазады.
1.Есепте
а)14; ә) 49; б) 9.
2.Есепте
25
3.Теңдеудің түбірін ата а. =81
а=9
4.Өрнектің мәнін тап
а)7; ә)25; б)49.
5.Өрнектің мәнін тап +
а)35; ә)15; б)125
Т.Ж. Оқушыларға топпен суретті талдап,сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз.Сұраңыз: «Суреттен қандай геометриялық фигураларды көруге болады? Көлемді геометриялық фигураларды ата.Қандай фигуралардың ауданын ,ал қандай фигуралардың көлемін табамыз?Ауданды табу үшін қанша өлшем қажет? Көлемді табу үшін ше?»Аудан мен көлемнің өлшем бірліктері туралы қорытынды жасаңыз.
Жауабы. Жазық фигуралардың ауданын, көлемді фигуралдың көлемін табамыз.
Ауданды табу үшін: ұзындығы мен енін, көлемін табу үшін: ұзындығын, енін, биіктігін көбейтеміз. Аудан квадраттық өлшем бірлікпен см2, дм2, м2. Көлем кубтық өлшем бірлікпен см3, дм3, м3 өлшенеді.
n*n=n2 n*n*n=n3
«Сөздік бағалау» «Жарайсың», «Керемет», «Өте жақсы»
Кубтың сандары.
Ө.Ж.8 текшеден тұратын кубты құрастырып,өз әрекетін түсіндіруге болады.Оқушылар түсіну үшін бір қатардағы текшелердің санын санау керек (немесе текшенің қабырғасы қанша шаршыдан тұратынын).Содан соң текше көлемінің формуласының көмегімен өрнек құрып,текшелердің жалпы санын табады.
Шаршының ауданын табу формуласын еске түсіру S=а2
Сәйкес кестені толтыру. Бұл тапсырмада оқушылар шаршының квадраты қабырғасының квадратының мағынасы екені туралы білімдерін қолданады. Сұраңыз: Не белгілі? Не белгісіз? S=а2формуласын қолдана отырып белгісізді қалай анықтауға болады?
а см | 2 | 3 | 6 | 8 | ||||
S см2 | 16 | 25 | 49 | 81 |
а см | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
S см2 | 4 | 9 | 16 | 25 | 36 | 49 | 64 | 81 |
Санның квадратын қалай табуға болатындығын түсіндіруді сұраңыз.
«Басбармақ арқылы бағалау»
Егер санды өрнекте санның квадраты немесе кубы кездессе, олардың мәнін қалған амалдарды орындамас бұрын алдын ала табамыз
Тапсырмалармен жұмыс
Еске сақта!
Ж.Ж. Тапсырманы түсіндіре отырып шығарту.
42+22= 20
62-23=28
82-33*2=10
53-72=76
200-102=100
33+13=40
102-72=51
92+4=85
«Бағдаршам арқылы бағалау»
толық жауап
жартылай толық
толық емес
Ж.Ж. «Шығар және салыстыр» Тапсырманы «тізбектеп» түсіндіре отырып шығаруды ұсыну.
72 49
43 16
33 32
62 36
42 43
81 92
53 72
49=49
64>16
27>9
36=36
16<64
81=81
125>49
«Өзара бағалау» Жұптардың жұмыстары ауыстырылып беріледі де өзара бағалау жүргізіледі.
Ұ.Ж.Математиктер ашқан заңдылықтарға назар аударту.
4 санының квадраты көмегімен есептеуді ұсыну.
42=1+3+5+7
52=1+3+5+7+9
62=1+3+5+7+9+11
Жауабы: Егер тақ сандарды қоссақ санның квадраты шығады.
«Сөздік бағалау» «кереметсің», «жарайсың», «талаптысың»
Ұ.Ж. «Талда, шығар» Оқушылардың ұжымдық жұмысын ұйымдастырыңыз. Есепті талқылаңыз.
Үлкен ұядан қанша кг бал жинады? Кіші ұядан жинаған бал белгілі ме? Оны қалай табамыз? Сұрақтарына жауап алу.
Омарташы үлкен ара ұясынан 6 санының кубына тең кг бал алды. Ал кіші ұядан үлкен ұяға қарағанда 2 есеге аз кг бал жинады. Екі ұядан омарташы барлығы қанша кг бал жинады?
Қысқаша шарты:
Үлкен ұядан-6 санының кубына тең кг-216кг
Кіші ұядан -? 2 есе кем
Барлығы-? кг бал
63:2=216:2=108
216+108=324кг
Фермада бір күнде 978 л сүт сауылады. Оның 402 литрін фермада қалдырды. Қалғанын әр ыдысқа тең бөліп, асханаларға жіберді. Сонда барлығы 48 ыдыс болды. Әр ыдысқа неше литр сүт құйылған?
Қысқаша шарты:
Сауылды-978л
Қалдырды-402 л
Құйылды-48 ыдысқа
Әр ыдысқа-? л
978-402=576л (жіберілген сүт)
576:48=12л (бір ыдыстағы сүт)
Есепті ұжымда талқылап, қысқаша шарты бойынша шешуі мен жауабын топтан бір өкіл шығып таныстырады. Басқа топ өкілдері өз жауаптарымен салыстырып бағалау жүргізеді.
Ж.Ж. «Ойлан, тап! »Жұппен талдап,берілген нәтиже шығатындай амалдарды қоюды ұсыныңыз
23 22 2=1
3 32 3=1
Жауабы:
23 : 22 : 2=1
3 * 32 : 33=1
Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б. Тест ұсыну: Қайталау жұмысының нәтижесін көру мақсатында ұйымдастырылады.
1. «Санның квадратын табу» дегенді қалай түсінесің?
а)Қосындыны табу. ә)Айырманы табу. б)Көбейтіндіні табу.
2.Егер өрнекте санның квадраты болса,амалдар қалай орындалады?
а)Солдан оңға қарай ретімен. ә)Квадратты басқа амалдарды орындамас бұрын табады. б)Қосады,содан соң квадрат.
3. «Санның кубын табу» дегеніміз не?
а)Көбейтіндіні табу. ә)Қосындыны табу.
Жауаптары салыстырыла тексеріледі.
Оқушылардан кері байланыс алу үшін төмендегі сұрақтарға жауаптар алынады.
Сұрақ:
«Санның квадратын қалай табуға болады?
Бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісін табу
Санның кубын қалай табуға болады?
Бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісін табу
Қандай фигураның ауданы қабырғаларының квадратына тең?
Шаршының ауданы
Қабырғалардың кубы?
Текшенің көлемі
Кестеден келесі сандардың: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 квадраты (кубы) қаншаға тең екенін көрсетуді ұсыну.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?