Тонна. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
fҰзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4А БӨЛІМ: Шамалар | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||
Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н.З | ||||||||
Сынып: 3 А | Қатысқандар: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Тонна | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 3.5.1.2 есептерді шешу кезінде шамалар арасындағы тәуелділікті пайдалану: бір заттың массасы, саны, жалпы масса/бір зат шығыны, заттар саны, жалпы шығын/жылдамдық, уақыт, арақашықтық. 3.1.3.4 ұзындықты: мм, см, дм, км/ массаны г, кг, ц, т/ ауданды: см2, дм2, м2/ уақытты: секунд, мин, с, тәулік, ғасыр олардың арасындағы арақатынастар негізінде түрлендіру | |||||||
Сабақ мақсаттары |
• шамалардың мәндерімен арифметикалық амалдар орындауды үйренеді. | |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Сөздік қор Тілдік мақсат | тонна | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Топпен жұмыс барысында оқушылар арасында өзара сыйласымдылық, достық қарым - қатынас орнату | |||||||
Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы | Масса өлшем бірліктерінің маңыздылығын біледі. Өлшм бірлігін салыстыруды және шамалардың мәндерімен арифметикалық амалдар орындауды үйренеді. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, ғылымға кіріспе. | |||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Граммға берілген есептерді шығарады. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақ тың жоспар ланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 5минут | Ұйымдастыру кезеңі. | Презентация | ||||||
Сабақ ортасы 30 мин | ОМ таныстыру.
Кіріспе тапсырма. Сабақты сыныппен жалпылай жұмыс жүргізуден бастау. Оқушылармен әңгіме өткізу. Әңгіменің мақсаты массаны өлшеу үшін ірі бірлікті енгізудің қажеттігін ұғу болады. Массасы 1 кг болатын бір қалта күрішті (қантты, қарақұмықты т. б) көрсету. -Бұл қалтаның массасын қандай бірліктермен өлшеуге болады? (г, кг). Қоймаларда немесе дүкендерде осы азық-түліктерді үлкен қаптамамен түсіріп жатқан суреттерін немесе PowerPoint-та жасалған презентациядан слайдтар көрсету. Бұл қаптамаларда күріштің, қанттың, қарақұмықтың қалталары жақсы көрсету. Олар текшелер сияқты қапталған болуы тиіс. Ұзындығы, ені және қалыңдығы (биіктігі) бірнеше қалталардан тұрады. -Бұл қаптамаларды қандай өлшем бірлікпен өлшеуге болады? (кг, г). Одан ары қоймаларда немесе теңіз айлақтарында (теміржол станцияларында) осы азықтар бар үлкен контейнерлерді түсіріп жатқан суретті немесе презентациядан слайдты көрсету. Слайдтарда осы контейнерлер күріш салынған қалталармен қалай толтырылып жатқаны, яғни контейнердің ені бойымен бірнеше қаптама, контейнердің биіктігі бойымен бірнеше қаптама және тағы да контейнердің ұзындығы бойымен қабат-қабатымен қаптамаларға толтырылып жатқаны көрсету. -Осы контейнердегі барлық жүктің массасын қандай өлшем бірлікпен өлшеуге болады? − Осындай үлкен жүктердің массасын біз білетін массаның өлшем бірліктерімен – килограммен, граммен немесе центнермен өлшеу қолайлы ма? − Сен не ұсына аласың? − Кім жүгі бар мәшинені өлшеп жатқанын бақылап көрді?
Үлкен жүктерді өлшеу үшін массаның ірі өлшем бірлігі – тоннаны қолданатынын хабарлау. Суреттер арқылы балаларды кәсіпорынға немесе теміржол станциясына экскурсияға апарып, ондағы ауыр жүктерді өлшейтін таразылармен таныстырып, кәсіпорын қызметкерлерінен ауыр заттың массасын анықтау процесін көрсету. Әрбір оқушы үшін «Шығу кеспеқағазын» дайындау. Мұндай кеспеқағаз сабақтың рефлексия кезеңінде қажет болады. Үлкен жүктерді өлшеу кезінде масса бірліктерінің ірісі килограмм, центнер немесе тонна қолданылады. Тонна («т» деп белгіленеді) – массаның өлшем бірлігі, ол 10 центнерге немесе 1 000 килограмға тең. Көбінесе массаны тоннамен өлшеу өнерк әсіп орындарында, ауыл шаруашылығында, мәшине жасауда жиі қолданылады. Жүктерді арнайы таразыларда өлшейді. Мысалы, таразы платфор масына жүк тиелген мәшинені шығарып өлшейді, сосын жүгін түсірген соң бос мәшинені қайтадан өлшейді. Осы екі мәліметтің айырмасы жүктің массасы болады. Слайдтағы немесе жүгі бар контейнердің суретінен оған … тонна күріш (қант, қарақұмық т. б.) сыятынын хабарлау. Осыдан кейін оқушыларға ауыр жүктерді арнайы таразыларда өлшеп жатқанын көрсететін бейнероликті көрсету. Егер көрсететін құрал жоқ болса, онда айтып беру. Сабақтың тақырыбына байланысты бір-бір сұрақтан ойлауды ұсыну. Сабақтың соңында осы сұрақтарға қайта айналып келіп, жауап беруді ұйымдастыру.
Заттардың массасы. Суретте көрсетілген заттарды өлшеу үшін массаның қандай бірліктерін пайдаланған қолайлы екенін анықтап, тапсырманы жұпта орындауды ұсыну. Тапсырманы тексерген кезде, оқушыларға жауапты дауыстап айту керектігін ескерту. -Неліктен олай істегендерін, өлшем бірліктердің ең үлкені қайсы, оны қай кезде пайдалануға болады? Жауабы: граммен: кәмпитті, қасықты, монетаны; килограммен: тауықты, адамды; центнермен: қаптағы қантты, астықты; тоннамен: пілді, мәшинені. Сұрақ-жауап. Тапсырманы жекеше орындауды ұсыну. Талдау барысын бақылау, кім қиындыққа кездессе, оған тапсырманы орындау үшін массаның өлшем бірліктерінің кестесін тірек ретінде қолдануды ескертіп, қолдау көрсету. Тексеруді шаблон бойынша жүргізіңіз. Дәлелдеуін тыңдау. Жауабы: а) 200 кг, 1 000 кг, 3 000 кг, 6 000 кг; ә) 3 ц, 6 ц, 9 ц, 4 т; б) 10 ц, 20 ц, 25 ц. Массаның өлшем бірліктері. Оқушыларға тапсырманы орындау барысында массаның өлшем бірліктерінің қатынасының кестесін пайдалануды ұсыну. Кім тапсырманы тез орындаған болса, оған өзін-өзі тексеру үшін шаблонды ұсыну. Содан кейін тапсырманы орындауда қиындыққа кездескен оқушыларға тапсырманы түсіндіріп, көмек көрсетуді ұсыну. Жауабы: 5 43 кг; 198 кг; 4 830 кг; 5 025 кг; 34 кг; 9 ц; 15 ц; 80 ц; 250 ц; 72 ц; 3 т; 7 т; 40 т; 5 т; 20 т. Табиғат қорғаушылары. Оқушыларға «табиғат қорғаушылары» болуды ұсыну. Қағаз қалд ықтарын жинаудың пайдасын талдату. Сол арқылы оқушыларды экологиялық сауаттылыққа және белсенді өмір позициясын ұстауға тәрбиелеу. Одан кейін есепті массаның өлшем бірліктерінің кестесін тірек ете отырып, шығаруды ұсыну. Жауабы: 10 ағаш, 100 ағаш. Салыстыр. Тапсырма жекеше орындауға арналған. Оқушылардың жұмысын бақылау және оны бақылау парағына белгілеп отыру. Содан кейін тапсырманы орындауда қиындыққа кездескен оқушыларға тапсырманы түсіндіріп, жақсы орындаған оқушылардан көмек алуды ұсыну. Жауабы: 14 000 кг < 1 400 т; 3 т 6 ц > 360 кг; 5 300 г < 53 кг; 440 ц > 40 т 4 ц. Ойлан. Оқушыларға ірі жануарлардың массасын өлшеу үшін, шартты бірліктерді қолдануға болатынын хабарлау. Мысалы, киттің және диназаврдың массасын жиі пілмен өлшейді. Оқушылар сурет бой ынша көк киттің массасы 20 пілге тең екенін анық- тайды. Көк киттің массасын тоннамен табуды ұсыну. Жауабы: 100 т. Орындап көр. Жұптық жұмыс ұйымдастыру. Айдардағы тапсырманы кеспеқағазда дайындау және оқушыларға ламинатталған парақта жұмыс жасауды ұсыну. Оқушылар атаулы сандармен мысалдар ойлайды және оларды шығарады. Оқушылар барлық бос торкөздерді толтырған соң, кеспеқағаздарымен (ламинатталған парақтарымен) басқа жұппен ауысады Шығарып көр. Оқушылардан тапсырманы жекеше орындауды сұрау. Есептен қиындық туса, талдау өткізуге көмектесу. Оқушылар есептің шеші мін дәптерлеріне рәсімдеп, жауабын жазады. Орындап болған соң жұпта өзара тексеру өткізуді ұсыну. Жауабы: 250 кг балмұздақ. Сабақтың рефлексиясы. Оқушылардан осы сабақта қандай жаңалықтармен танысқанын сұрау. Содан кейін досына сабақта ненің ұнағанын немесе ненің ұнамағанын айтып, қысқаша SMS хабар жазуын ұсыну. Жұмыс дәптерінде орындайтын тапсырмалар. Масса бірліктерінің қатынасы. Оқушылар бірліктердің арасындағы қатынасты ескере отырып, бірін екіншісіне ауыстыру дағдысын бекітеді. Жауабы: 1. 1 000 г, 10 ц; 100 кг, 1 000 кг, 7 000 г, 50 ц, 400 кг, 2000 кг. 2. 47 ц, 205 кг, 1 200 кг, 36 000 кг. 3. 3 т 146 кг < 3 т 3 ц; 2 т 1ц 18 кг > 2 т 018 кг; 4. 5 т 3 ц > 5 т 28 кг; 7 500 кг = 7 т 5 ц. Реттілікті орнат. Оқушылар кіші шамадан үлкен шамаға қарай бағдар сызуы керек. Жауабы: 215 г – 2 кг 864 г – 10 кг – 3 ц 68 кг – 10 ц – 3 т 816 кг – 68 ц – 10 т. -Қағаз қалдығын неліктен өткізу қажет? Оқушылар бірнеше амалдан тұратын есепті шығару дағдысын бекітеді, масса бірліктерінің арасындағы қатынасты қайталайды. Сонымен қатар сыныптастарымен табиғатты сақтау үшін қандай көмек көрсетуге болатыны жайлы ойларымен бөліседі және сабақта өткізілген әңгімені қорытындылап бекітеді. Жауабы: 1. 100 кг қағаз қалдығы. 2. 1 ағаш; 3 адам үшін ауа; 100 киловатт электрқуаты; 20 литр су. Дифференциациялытапсырма. Фархаттың анасы 41 кг, Мұрат 38 кг, ал олардың әкесі 75 кг. 100 кг жүкті ғана көтере алатын қайықты пайдаланып, олар өзеннің арғы бетіне қалай өтеді? Шешуі: 41+38 38кг 75 кг 41 кг 41+38 ҚБ тапсырмасын орындату. килограммен тоннамен 2ц 50кг=250 1000кг=1 1т=1000 10ц=1 3ц 2кг=302 300ц=30 | Оқулық, 1-бөлім: Тонна, 54, 55-беттер. Жұмыс дәптері, 1-бөлім: 49-жұмыс парағы «Тонна», 51-бет. 50-жұмыс парағы «Қағазға – екінші өмір!», 52-бет.топ санына қарай «ауыр – жеңіл» суреттері; • ауыр жүктерді өлшеу туралы бейнеро лик; • әрбір топ үшін А3 парақта ры және маркер лер; • ламинат талған парақтар; • әрбір оқушы үшін «шығу кеспеқа ғазы»; • стикер лер; • интернет – ресурс: htt ps://youtu.be/Q3Taz-Y_ YiE | ||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Үй тапсырмасын түсіндіру. Оқулық, 1-бөлім: Грамм, 52, 53-беттермен жұмыс жасау. Жұмыс дәптері, 48-жұмыс парағы «Грамм. Килограмм», 50-бет. | |||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз | ||||||
Мәтінмен жұмыс істеу үшін топтарға бөлу кезінде дифференциация қолданылады | Өзара бағалау, критерий бойынша қалыптастырушы бағалау. Мұғалім жазбаша жұмысты өзі табыстың критерийлеріне сәйкес тексереді | Оқушылар жұппен жұмыс жасайды, сыныпта жүреді және белсенді болады. Бағалау парағындағы тапсырмалар көрініске зиян келтірмейтін қол жетімді қаріппен безендірілген. | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді? Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме? Егер жоқ болса, неге? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме? Сабақтың уақыттық сатылары болды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге? |
| |||||||
Жалпы рейтинг Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)? 1: 2: Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?