Үлес. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: Үлес
№6-сабақ
Тақырыбы: Үлес
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.1.1.5 үлесті құру жолын көрсетіп беру, оларды оқу, жазу және салыстыру.
Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, флипчарт, кеспе қағаздар, маркер, мандарин, алмалар
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Үлес – бүтіннің тең бөліктерге бөлінген бір бөлігі. Егер зат бірдей екі бөлікке бөлінсе, бір бөлігі – екіден бір бөлігі болып табылады. Жазбаша ол: 1/2 түрінде жазылады, сызықтың астындағы 2 саны заттың неше бірдей бөлікке бөлінгенін білдірсе, ал 1 саны алынған бөліктің санын білдіреді.
Сабақ бойынша ұсыныстар: сыныпта жағымды ахуал туғызу мақсатында оқушылармен «Шаттық шеңбері» әдісін жүргізуден бастаңыз. Оқушылар шеңбер құра отырып, бір-біріне жылы тілектер тілейді.
(Ұ.Ж) Ойлан, тап. Сынып ұжымымен тақтада берілген сандарды оқудан бастаңыз. Сандарды оқуда қандай қиындық туғанын сұраңыз. Ол қиындықты шешу үшін ребус шешуді ұсыныңыз. Ребустың шешуі болып табылатын МАНДАРИН сөзінің сабаққа қандай қатысы бары туралы пікірлерін тыңдаңыз. Сонан соң тәжірибе ретінде мандаринді қабығынан аршып, бөліктерге бөліңіз. Осындай бірдей бөліктерді математикада үлес деп атайтынын хабарлаңыз.
Сөздік бағалау.
(Ұ.Ж) Жаңаны тану. Бұл тапсырманы ұжыммен орындатып, үлес ұғымын атамай, оқушыларға тек бағыттаушы сұрақтар қоя отырып түсінік қалыптастырыңыз. Бұл тапсырма зерттеуге бағытталған. Жауаптарын тыңдаңыз. Оқушыларға мынадай жағдаятты ұсыныңыз.
- Балалар, маған мынадай жағдаяттан шығуға көмектесіңдер. Маған қонаққа досым келді. Менде бір ғана алма бар еді. Оны досыма бөліп бермекші болдым. Бірақ мен өзіме көбіректеу қылып бөлдім. (тең емес)
- Қалай ойлайсыңдар, мен дұрыс жасадым ба? Неліктен? Сендер қалай бөлер едіңдер? (теңдей қылып)
- Қонаққа тағы да екі досым келді. Бірақ менде бір алмадан басқа алма жоқ еді. Қалай бөлсем болады? (алдымен теңдей етіп екі бөлікке, сонан соң әр бөлікті тағы да теңдей етіп бөлу керек)
- Сонда қанша бөлік пайда болды?
Егер бүтін зат бірдей екі бөлікке бөлінсе, бір бөлігі – екіден бір бөлігі болып табылады. Жазбаша ол: ½түрінде жазылады, сызықтың астындағы 2 саны заттың неше бірдей бөлікке бөлінгенін білдірсе, ал 1 саны алынған бөліктің санын білдіреді.
(Т.Ж) Орында. Бұл тапсырма өткен ережеге және алдыңғы тапсырма сияқты оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеті мен зерттеу дағдысын дамытуға бағытталған. Тапсырманы орындау үшін алдын ала дөңгелектің моделі дайындалған. Әр топтың алдына дөңгелектер таратып шығыңыз. Сонан соң мынадай сұрақтар қою арқылы жұмысты жалғастырыңыз:
- Балалар, айтыңдаршы, алдарыңдағы қандай геометриялық фигура? (дөңгелек)
- Осы фигураны теңдей етіп екіге бүктеңдер.
- Бірдей неше бөлік пайда болды? (екі)
- Егер осы екі бөліктің біреуін қасыңдағы көршіңе берсек, ол қандай үлесті алды деп айтамыз? (жартысын)
- Енді осы бүктеген жарты фигураны тағы екіге бүктеңдер? Неше бөлік пайда болды? (төртеу)
- Қай бөлік үлкен? Салыстыр. ( >)
Басбармақ арқылы бағалау
Жауабы:
>
(Ө.Ж) Тең бөліктерге бөл. Тапсырма затты тең бөлікке – үлеске бөлу білігін бекітуге бағытталған. Оқушылар өз бетінше қағазды берілген үлес санына бөлу білігін дамытады және фигурадағы үлесті анықтауға мүмкіндік береді.Оқушыларға қызыл және көк түсті қағаз таратып беру. Оқушыларға қызыл түсті қағазды төрт бөлікке, көк түсті қағазды сегіз бөлікке бөліп, әрқайсысының бір бөлігін бояуды ұсыныңыз. Сонан соң боялған бөліктерді салыстыруды тапсырыңыз.
Бағдаршам арқылы бағалау.
Жауабы:
>
(Ж.Ж) Сәйкестендір. Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Жұптарға А4 форматтағы парақта тапсырмалар беріледі. Онда түрлі геометриялық фигуралар берілген. Оқушылар боялған бөлік фигураның қандай үлесін құрайтынын анықтап, тиісті үлеспен сәйкестендіреді. Жұптардың жұмысы тақтадағы дұрыс жауаппен өздеріне тексеру ұсынылады.
Смайлик арқылы бағалау
Жауабы:
(Ж.Ж) Бұл қай сан? Оқушыларға жұптық жұмысты жалғастыруды ұсыныңыз. Оқушылар берілген тапсырмадағы санды тауып, жазу керек. Әр оқушы жеке орындап болған соң, дәптерлерін алмастырып, бірін-бірі тексереді.
Жұлдызша арқылы бағалау.
Жауабы:
25, 20, 10, 10.
Сабақтың рефлексиясы.
Оқушылардың сабақта алған білімді қалай меңгергенін анықтау үшін, келесі сұрақтарды қойыңыз:
− Егер мен алманы екі бөлікке бөліп, үлкен бөлігін өзіме, ал кіші бөлігін досыма берсем, бұл бөліктер үлес болып табыла ма?
-Үлес деген не?
− Үлесті қалай жазамыз?
− 1/2 бөлігі қалай жазылады?
− Егер менде торттың 1/8 бөлігі болса, онда пицца неше бөлікке бөлінген?
− 1/5 жазуын қалай оқуға болады?
Кері байланыс. "ҚАҚ" стратегиясы
Қосу + | Азайту - | Қызықты |
Сабақта нені меңгергендігін жазады. | Сабақта нені түсінбегенін жазады. | Сабақтың ең қызықты тұсын жазады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?