Сатып алу уақыты. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


50 сабақ. Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару

Тақырып: Сатып алу уақыты

Мектеп:

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні: Қыдырбаева Роза Анешовна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.5.1.3 санның және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару

3.5.1.4 шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар үшін:

Шаманың бөлігін және бөлік бойынша шаманы табу: жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу.

Бірқатар оқушылар үшін:

Санның және шаманың үлесін табуға есеп шығару және зерттеу; кері есептерді құрастыру және шешу

Кейбір оқушылар үшін:

Шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Санның, шаманың, өзара байланысты шамалардың бөлігін және бөлік бойынша санды қалай табу керектігін түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология:

Бөлшек, алым, бөлім, өзара байланысты шамалар.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Шамалардың өзара байланысын есіңе түсір.

Бағасын, санын, құнын қалай табуға болады?

Жазу:

Есептерді шешуін жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Бөлшек және үлес ұғымы. Бағасы, саны құны түсініктері

Жоспар

Жоспарланғануақыт

Жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

0-2

Ынталандыру.

(Ж.)"Дүкендер әлемі" сюжеттік ойын

1.Сатып алу, ол үшін математикадан алған білімінің қалай көмектесетіні туралы әңгіме жүргізу.

2. Оқушылар жұпта отырған күйі

"Дүкендер әлемі" сюжеттік ойынын ойнайды.Парта үстіне ойыншықтар, оқу құралдары, көкөністер, жеміс-жидектер қойылады, біреуі сатушы, екіншісі сатып алушы болып ойнайды.

Ойыншықтар, жеміс-жидек суреттері, көкөністер, оқу құралдары,дүкенші бас киімі

2-слайд

3-слайд

3-5

Белсендіру.

.)№ 1 тапсырмада шамалар үшбұрышына қарай отырып,заттың бағасын, санын, құнын қалай табуға болатынын еске түсіру .

Ақша – арнайы өнім, ол өнімнің, еңбектің және т.б.құнының өлшемі болып табылады.

Бағасы белгілі бір затқа, әрекетке және т.б. алуға болатын ақшаның саны

Құны – бұл барлық өнімге төленген ақшаның саны.

Санын табу үшін құнын

бағаға бөлеміз. (С=Қ:Б).

Құнын табу үшін бағаны санына көбейтеміз (Қ=Б∙С)

Бағасын табу үшін құнын санына бөлеміз (Б-Қ:С

"Бағдаршам" арқылы бағалау

3 түрлі сигналды карталар арқылы өзін-өзі бағалайды. "Жасыл"түс-бәрін түсіндім,"Сары түс"- сұрағым бар, "Қызыл түс"-түсінбедім.

(Т.)1-топ. Болат 6 ашықхаттың әрқайсысын 30 тг-ден және 4 күнтізбенің әрқайсысын 40 тг-ден сатып алды. Ол барлығына қанша теңге төледі?

(340 тг)

2-топ. 6 қойын дәптерге 360 тг төледі. Бір қойын дәптер қанша тұрады?

(60 тг)

3-топ. Балабақшаға 230 тг-ден доптар сатып алды. Барлық

затқа 690 тг төледі. Қанша доп сатып алды? (3 доп)

Әр есептен қандай шаманы

іздедіңдер? (Бағасы, саны, құны) Баға дегеніміз не?

(Бір өнімнің бағасы) Құны дегеніміз не? (Барлық

өнімге берілген ақшаның саны)" Ламинатталған

параққа құнын, бағасы мен санын табудың

формуласын жазу.

"Елшілік арқылы бағалау"

Әр топтан бір оқушы елшілікке сайланып, басқа топтың жұмыстарын тексеріп, бағалайды.

Тұсаукесер, тақта.

4-слайд

5-слайд

Сигналды карталар

Формула

(Қ=Б∙С)

6-10

Мақсат қою (мәселелі жағдаяттар)

(Т.)1-топ Ойыншықтар дүкеніне 5 доп және 10 машина әкелінді. Доптың құны 40 теңге. Егер 1 машина1 доптан 2 теңгеге қымбат болса, барлығы қанша теңге төлеген?

2-топ. Мектепке 100 теңгеден 5 қорап бор және 3нұсқау таяғы сатып алды. Нұсқау таяғы 2 есе қымбат. Барлық заттың құны қанша тұрады?

Фишкалар арқылы топта бағалау.

Топтағы оқушылар фишка беру арқылы топта жақсы жұмыс жасаған оқушыны анықтайды. Фишканы ең көп жинаған оқушы топта лидер болады.

Сергіту сәті.

«Арқаға жазылған комплименттер»

Әр оқушының арқасына түйрегішпен (немесе скотчпен) А-4 форматындағы қағаз бекітіледі. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, бір-бірінің арқаларындағы қағаздарға жылы, жұмсақ сөздер жазып, бірін-бірі мақтайды. 2-3 минуттан кейін олар қағаздарын алып, шағын топ ішінде бір-біріне жазылған комплименттерді оқып береді.

Тақта, дәптер

Фишкалар

6-слайд

А-4 қағаз,түйрегіш

11-28

Жаңаны ашу.

(Т.) №2 тапсырма.

Кесте бойынша жұмыс жүргізу.

– Қандай шамалар кездесті?

– Есепте не белгілі? Нені білу керек? (Дәптерлердің санын)

– Санын анықтау үшін нені білу керек? (Бағасы мен құнын).

  • Есепті бірден шығаруға бола ма?
  • Қандай деректер жетпей тұр? (Бағасы белгісіз)
  • Бағасы туралы не айтылған? (Бірдей)
  • Оны табуға бола ма?

Есепті талдап болған соң оқушылар өздері топта жұмыс істейді.

Бағалау критерийі бойынша топтар бір-бірін бағалау

Критерий

1.Есеп құрастырады

2.Шартын жазады

3. Шешуін жазады.

4. Жауабын жазады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Мұғалім №4 тапсырманы түсіндіре отырып орындауды ұсынады (нұсқа бойынша жұппен).

Өздік жұмыс.

Дәптердегі осыған ұқсас тапсырманы орындау тапсырылады.

Кесте

7-слайд

Бағалау критерийі

29-37

Жаңаны қолдану.

(Ж.)№4 тапсырманы жұпта орындайды.Кесте бойынша талдау жүргізу.

– Қандай шамалар кездесті?

– Есепте не белгілі? Нені білу керек?

(Қарындаштың бағасын)

– Бағасын анықтау үшін нені білу керек? (саны мен құнын).

  • Есепті бірден шығаруға бола ма?
  • Қандай деректер жетпей тұр? (Бағасы белгісіз)
  • Бағасы туралы не айтылған? (Бірдей)
  • Оны табуға бола ма?

Есепті талдап болған соң оқушылар өздері жұпта жұмыс істейді.

Бармақ арқылы бағалау

Тапсырма дұрыс болса бармақ жоғары қарай, қате болса бармақ төмен қарай бағытталады.

.)№8 тапсырма ауызша орындалады.Суреттегі тіктөртбұрыштардың қанша бөлікке бөлінгенін ататып, бөлшектерді өсу ретімен жазу.

Дәптердегі критериалды бағалауы бар тапсырманы орындау ұсынылады. Өздерін-өзі бағалауды сұрайды.

Мен:

  • – есептің шарты бойынша мәліметтерді ерекшелеу;
  • – шамалар арасындағы байланысты анықтау және формуланы қолдану;
  • – шешуін жазу;
  • – жауапты құрастыру және жазу.

(Ө.)Логикалық тапсырма

Егер әмиянда жатқан барлық ақшаның төрттен бір бөлігіне 10теңге қосса, 60 теңге болады.Демек, 60-10=50теңге – бұл барлық ақшаның төрттен бірі. Яғни,50∙4=200 теңге болған.

Смайликтер арқылы бағалау

Оқулық.

Кесте

8-слайд

Тапсырма жазылған қағаз

9-слайд

Смайликтер

10-слайд

38-40

. "Сенемін-сенбеймін"

ойынын жүргізу."Сендер сенесіңдер ме:

– барлық затқа төленген ақша – бағасы? (Жоқ)

– бір затқа төленген ақша – құны? (Жоқ)

– санын табу үшін құнын бағасына бөлеміз? (Иә)

– құнын табу үшін бағаны санына бөлеміз? (Жоқ)

– бағаны табу үшін құнын санына бөлеміз? (Иә)"

Рефлексия.

"Екі жұлдыз, бір тілек"

Оқушылар стикерге сабақта ұнаған екі жұмысты жазады,және келесі сабақта не білгісі келетінін жазады.

Стикер

11-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу