Сатып алу уақыты. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Тақырып: 50-сабақ. Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару Сатып алу уақыты
Оқу мақсаттары: 3.5.1.3 санның және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару
3.5.1.4 шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару
Тірек сөздер:
- бағасы
- құны
- саны
Ресурстар:
- ойыншықтар
- жемістер
- оқу құралдары
- смайликтер
- фишкалар
- дөңгелектер
- қарындаш
- оқулық
- кестелер
- дүкенші киімдері
- сигналды карталар
- түйрегіш
- стикер
Сабаққа қатысты деректі материалдар:
- Санын табу үшін құнын бағаға бөлеміз. (С=Қ:Б).
- Құнын табу үшін бағаны санына көбейтеміз (Қ=Б∙С)
- Бағасын табу үшін құнын санына бөлеміз (Б-Қ:С
Сабаққа арналған ескертулер
- Ақша – арнайы өнім, ол өнімнің, еңбектің және т.б.құнының өлшемі болып табылады.
- Бағасы белгілі бір затқа, әрекетке және т.б. алуға болатын ақшаның саны
- Құны – бұл барлық өнімге төленген ақшаның саны.
Ынталандыру.
Оқушыларды сабаққа қызықтыру мақсатында"Дүкендер әлемі" сюжеттік ойынын ойнатыңыз.
1.Сатып алу, ол үшін математикадан алған білімінің қалай көмектесетіні туралы әңгіме жүргізу.
2. Оқушылар жұпта отырған күйі
"Дүкендер әлемі" сюжеттік ойынын ойнайды.Парта үстіне ойыншықтар, оқу құралдары, көкөністер, жеміс-жидектер қойылады, біреуі сатушы, екіншісі сатып алушы болып ойнайды.
Белсендіру.
№ 1 тапсырмада шамалар үшбұрышына қарай отырып,заттың бағасын, санын, құнын қалай табуға болатынын еске түсіріп, 2-3 оқушыдан сұраңыз.
Санын табу үшін құнын
бағаға бөлеміз. (С=Қ:Б).
Құнын табу үшін бағаны санына көбейтеміз (Қ=Б∙С)
Бағасын табу үшін құнын санына бөлеміз (Б=Қ:С)
Ақша, баға, құны туралы ұғымды таныстырыңыз.
Ақша – арнайы өнім, ол өнімнің, еңбектің және т.б.құнының өлшемі болып табылады.
Бағасы белгілі бір затқа, әрекетке және т.б. алуға болатын ақшаның саны
Құны – бұл барлық өнімге төленген ақшаның саны.
.Топтық тапсырма беріп оқушыларды жаңа сабақты меңгеруге дайындаңыз.
1-топ. Болат 6 ашықхаттың әрқайсысын 30 тг-ден және 4 күнтізбенің әрқайсысын 40 тг-ден сатып алды. Ол барлығына қанша теңге төледі?
Есепті талдау:
-Не белгілі?
-Саны, бағасы белгілі
-Не белгісіз?
-Құны
-Барлық заттыңқұны
Шартын құрғызыңыз:
6 ашықхат-30 тг-ден
4 күнтізбе-40 тг-ден
Барлығы-?
Шешуі: 6∙30+4∙40=340тг.
Жауабы: барлығына 340 тг төледі.
2-топ. 6 қойын дәптерге 360 тг төледі. Бір қойын дәптер қанша тұрады?
Талдаңыз:
-Не белгілі?
-Саны,құны
-Не белгісіз?
-Бағасы
Шарты:
6 қойын дәптер-360тг
1қойын дәптер -?
Шешуі: 360:6=60тг
Жауабы: 1 қойын дәптер 60 тг тұрады.
3-топ. Балабақшаға 230 тг-ден доптар сатып алды. Барлық
затқа 690 тг төледі. Қанша доп сатып алды?
Талдаңыз:
-Не белгілі?
-Бағасы, құны
-Не белгісіз?
-Саны
Шарты:
Сатып алды-230 тг-ден
Төледі-690тг
Доп-?д.
Шешуі:690:230=3д.
Жауабы:3доп сатып алды.
Оқушылардан сұраңыз.
-Әр есептен қандай шаманы іздедіңдер? (Бағасы, саны, құны)
-Баға дегеніміз не?
-(Бір өнімнің бағасы) Құны дегеніміз не?
-(Барлық өнімге берілген ақшаның саны)
Ламинатталған параққа құнын, бағасы мен санын табудың формуласын жазуды ұсыныңыз.
Мақсат қою (мәселелі жағдаяттар)
Топтық жұмысты жасатпас бұрын есепті талдап, қиындық келтіретін тұстарын түсіндіріңіз.
-Не белгілі?
-Нені іздейміз?
- Қымбат десе қандай амал қолданамыз?
1-топ. Ойыншықтар дүкеніне 5 доп және 10 машина әкелінді. Доптың құны 40 теңге. Егер 1 машина 1 доптан 2 теңгеге қымбат болса, барлығы қанша теңге төлеген?
Шарты:
25 доп және46 машина
1 доп-175 тг
1 машина 1 доптан-2тг қымбат
Барлығы-?
Шешуі:40+2=42тг.
5∙ 40+10∙42=620тг
Жауабы: барлығына 620 тг төледі.
2-топ. Мектепке 100 теңгеден 5 қорап бор және 3нұсқау таяғы сатып алды. Нұсқау таяғы 2 есе қымбат. Барлық заттың құны қанша тұрады?
-Не белгілі?
-Нені іздейміз?
Есе қымбат десе қандай амал қолданамыз?
Шарты:
Бор 100тг-ден 5 қорап
Нұсқау таяғы-3д.
Нұсқау таяғы - 2есе қымбат
Барлығы-?
Шешуі:100∙5=500 тг 200∙3+500=1100тг
100∙2+200тг
Жауабы: барлық заттың құны 1100тг тұрады
Оқушыларға сергіту ретінде «Арқаға жазылған комплименттер» ойынын ойнатыңыз.
Әр оқушының арқасына түйрегішпен (немесе скотчпен) А-4 форматындағы қағаз бекітіледі. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, бір-бірінің арқаларындағы қағаздарға жылы, жұмсақ сөздер жазып, бірін-бірі мақтайды. 2-3 минуттан кейін олар қағаздарын алып, шағын топ ішінде бір-біріне жазылған комплименттерді оқып береді.
Жаңаны ашу.
№2 тапсырма.
Кесте бойынша жұмыс жүргізіңіз.Талдаңыз.
– Қандай шамалар кездесті?
– Есепте не белгілі? Нені білу керек? (Дәптерлердің санын)
– Санын анықтау үшін нені білу керек? (Бағасы мен құнын).
- Есепті бірден шығаруға бола ма?
- Қандай деректер жетпей тұр? (Бағасы белгісіз)
- Бағасы туралы не айтылған? (Бірдей)
- Оны табуға бола ма?
Есепті талдап болған соң оқушылар өздері топта жұмыс істейді.
8∙8=64тг
81:9=9тг
90∙9=10тг
Жаңаны қолдану.
№4 тапсырманы жұпта орындатыңыз.Кесте бойынша талдау жүргізіңіз.
– Қандай шамалар кездесті?
– Есепте не белгілі? Нені білу керек?
(Қарындаштың бағасын)
– Бағасын анықтау үшін нені білу керек? (саны мен құнын).
- Есепті бірден шығаруға бола ма?
- Қандай деректер жетпей тұр? (Бағасы белгісіз)
- Бағасы туралы не айтылған? (Бірдей)
- Оны табуға бола ма?
Есепті талдап болған соң оқушылар өздері жұпта жұмыс істейді.
42:6=7тг
63:7=9тг
№8 тапсырманы ауызша орындатыңыз.Суреттегі тіктөртбұрыштардың қанша бөлікке бөлінгенін ататып, бөлшектерді өсу ретімен жазуды тапсырыңыз.Әрі қарай дәптердегі критериалды бағалауы бар тапсырманы орындауды ұсыныңыз.
Мен:
- – есептің шарты бойынша мәліметтерді ерекшелеу;
- – шамалар арасындағы байланысты анықтау және формуланы қолдану;
- – шешуін жазу;
- – жауапты құрастыру және жазу.
Оқушылардың қиысынды ойлауын дамыту мақсатындалогикалық тапсырма орындатыңыз.Бұлтапсырманы барлық оқушы міндетті емес, қиындық келтірген оқушыларға көмектесіңіз.
Егер әмиянда жатқан барлық ақшаның төрттен бір бөлігіне 10теңге қосса, 60 теңге болады.Демек, 60-10=50теңге – бұл барлық ақшаның төрттен бірі. Яғни,50∙4=200 теңге болған.
Тақырыпты меңгергенін байқау үшін "Сенемін-сенбеймін"
ойынын жүргізіңіз.
."Сендер сенесіңдер ме:
– барлық затқа төленген ақша – бағасы? (Жоқ)
– бір затқа төленген ақша – құны? (Жоқ)
– санын табу үшін құнын бағасына бөлеміз? (Иә)
– құнын табу үшін бағаны санына бөлеміз? (Жоқ)
– бағаны табу үшін құнын санына бөлеміз? (Иә)"
Рефлексия.
"Екі жұлдыз, бір тілек" арқылы кері байланыс алыңыз.
Оқушылар стикерге сабақта ұнаған екі жұмысты жазады,және келесі сабақта не білгісі келетінін жазады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?