Қазақстан табиғаты туралы аңыздар. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлім. 1А-1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту.

№18 сабақ. Тақырыбы: Амалдар орындауда 0-мен 1 сандарын қолдану

3.1.2.2. Көбейту және бөлуді орындауда 0 мен1 сандарының қасиеттерін қолдану; санды 0 санына бөлуге болмайтынын білу.

3.1.2.3. Көбейтудің ауыстырылымдылық, үлестірімділік, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану.

Сабаққа қажетті ресурстар: жақшалы өрнектер жазылған үлестірмелі топтамалар, тақырыптық суреттер, есеп шартына сәйкес мәліметтер, қызықты тапсырмалар, смайликтер

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Қазақстан табиғаты туралы видео.

Санды 1-ге көбейткенде, қай санды көбейтсек сол сан алынады. Егер кез келген санды 0-ге көбейтсек, нәтижесі 0 саны болады; Егер 0-ді кез келген санға көбейтсек, нәтижесінде 0 саны шығады. Санды өзіне-өзін бөлгенде 1 шығады. Кез келген санды 1-ге бөлсек, онда бөлген сан алынады. Егер 0-ді санға бөлсек, әрқашан нәтижесі 0 болады. Ал 0 санына бөлуге болмайды, себебі нәтижесін алу мүмкін емес.

Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.

Ынталандыру.

Жарқырап күн де ашылды,Айналаға нұр шашылды.Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.Мақсатымыз - білім алу,Міндетіміз - еңбектенуЕңбектену арқылы“5 “- ке қолды жеткізу!

(Т) «Тауып көр» ойыны. Оқушыларға жақшалы өрнектер жазылған топтамалар және олардың мәндері беріледі. Топта өрнектің мәндері табылады, қалай орындалғанын амалдардың орындалу ретін айтып түсіндіреді.

1 тапсырма

1000+(647+185)=168

904-(1000-480) =384

168+(1000-583) =585

Қазақстан табиғаты туралы видео көре отырып әңгімелеу жүргізу http://yandex.kz/clck/jsredir?from

«Шапалақпен» бағалау

Өзектендіру.

(Ж) «Дәл тигіз» ойыны 2-тапсырманы жұппен орындап, тақтаға ілінген қима қағаздарға жазылған өрнектерді алып мәнін қалай тапқандығын ауызша түсіндіруге ұсыныс жасау. 0 және 1 санымен өрнектерді есептеу үшін ереже құрайды.

9 • 0 • 8 36 : 6 • 0

6 • 2 • (36 – 36) 0 • (29 – 20) : 7

0 • (45 : 5) • 4 72 : 8 • 0

5 • 1 • 7 27 : 9 • 1

7 • (56 – 49) • 1 1 • 14 : 7

6 • 5 • 1 (18 + 9) • 1 : 3

«Смайликтер» арқылы бағалау

Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).

Өткен сабақта біз нөл мен бірлікке қатысты амалдарды үйрендік. Алға жылжу үшін алдыңғы сабақта алған мәліметтің қаншалықты есте қалғандығын білу керек.

(Ж) Амалдардың орындалу ретін ата, мәнін тап:

(57-57)*4

1*(35-19)

58-0*3

1*29-9

0:(75-28)

44:1+18

Орындалу ретін атау

«Бармақпен» бағалау

(Т) Өзара байланысты сандарды тап, теңдіктер құрастыру. Бұл тапсырманы нұсқалар бойынша өз беттерінше орындауға болады.

«Бармақпен» бағалау.

Қайталау

(Т) «Оқы, ойлан, тап» ойыны арқылы орындау.

Мерекеге әрқайсысы 7 теңгеден тұратын 20 қызыл шар және 30 көк шар сатып алынды. Барлық шарға қанша ақша төленді?

Анасы 3 баласының әрқайсысына 6 ұзынжол және 7 төркөз дәптерден сатып алды. Анасы барлығы неше дәптер сатып алды?

Есеп шартын оқып топта талқылайды, есеп шарты бойынша сұрақтар әзірлейді сұрақтарға жауап бере отырып шешімі мен жауабын табады.

Мыс: есепте не берілген?

Не белгісіз?

Барлығын қандай амалдар орындау арқылы табуға балады?

1 шар-7 теңге

Сатып алынды-20қызыл және 30көк шар

Барлығы-? ақша

(20+30)х7

Балалар-3

Сатып алды-6 ұзынжол және 7 торкөз

Барлығы-? Дәптер

(6+7)х3

«Смайликтер» арқылы бағалау

(Ж) Берілген схема бойынша жақшалы өрнектің мәнін тиімді әдіспен тап:

«Бірін-бірі» бағалау.

(Т) Орындалған тапсырма үлгісіне қарай отырып жақшалы өрнекті тиімді әдіспен табу схемасын құрастыр:

Рефлексия.

  • Сабақта қандай тапсырма басқаларынан қызығырақ болды?
  • Бүгінгі сабақта алған білім қай жерде қажетке асуы мүмкін?
  • Өз жұмысыңызды бағалаңыз.
  • Барлығы өзіңіз ойлағандай болды ма?
  • Неге?

Тағы не үйренгіңіз келеді?

Кері байланыс алып сабақты аяқтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу