Жазушылар шығармасындағы Қазақстан табиғаты. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлім. 1А-1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту.
№17 сабақ. Тақырыбы:
Көбейту мен бөлу амалын орындауда 0 санының қасиетін қолдану. 0-ге бөлуге болмайтындығы.
3.1.2.2. Көбейту және бөлуді орындауда 0 мен 1 сандарының қасиеттерін қолдану; санды 0 санына бөлуге болмайтынын білу
3.2.1.4. Санды 0-ге көбейту, 0-ге бөлуге болмайтын жағдайларды әріпті теңдік түрінде: a∙0 = 0; a0 көрсету.
Сабаққа қажетті ресурстар: Ойынға қажетті қима қағаздар, тапсырмалар, үлестірмелі карточкалар, түсіндірме кестелер
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: жылқы малы туралы мәліметтер
«Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Ынталандыру.
«Шабарман мен ат» әдісі Сынып екі топқа бөлінеді: «шабармандар» мен «аттар». Бірінші топқа өрнектері (0,1 санына көбейту және 0-ді саға бөлу, санды санға бөлу) бар карточкалар беріледі, екінші топқа – өрнектердің мәндері бар карточкалар беріледі. Әрбір «шабарман» өз «атын» табу керек. Табылған өрнектерді жазу. 0*5,0*3, 6:6, 8*1 т.с.с Өрнектердің мәнін қосумен байланыстыра есептеп, қорытынды жасауға тапсырып, сол өрнектерге қатысты өзара байланысты теңдіктерді құрастыру, қорытынды жасау. егер көбейткіштің бірі 0-ге тең болса, өрнектің мәні 0-ге тең, егер 0-ді санға бөлсе, 0 шығады, көбейткіштің бірі 0-ге тең және 0-ді санға бөлуде де 0 шығады, әріпті теңдікті жазамыз. Нәтиже: Нөлді кез келген санға бөлсең нөл шығады. ЕСІҢЕ САҚТА, нөлге бөлуге болмайды! - Неге нөлге бөлуге болмайды? Дәлелдеп көрсет. |
Өзектендіру. «Өз ойыны» әдісін қолданыңыз.
Әрбір топқа 0,1, санына көбейту және бөлу нәтижесі болып табылатын саны жазылған карточка беріледі: 0,1. Бұл сан «Белгілі бір санды белгілі бір санға көбейткенде қанша шығады?», «Белгілі бір санға бөлгенде қанша шығады?», сұрақтарына жауап ретінде қарастырылады. Оқушылар жауапқа сәйкес келетін сұрақтарды ойлап табу керек.
Топтардың жұмыс нәтижелерін талқылап, көбейтудің ауыстырымдылық ерекшеліктерін және
көбейту мен бөлудің өзара байланысы туралы білімді пайдаланып, өрнектердің мәндерін өз беттерімен табуды ұсынады. Мысалы: 1*5, 9:9, 8*0, т.с.с Өзара байланысты теңдіктерді жазу.
«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізу.
Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).
«5 сұрақ» ойыны. Жұптық жұмыс.
Кез-келген санды 1-ге көбейткенде сол санның өзі шығады тұжырымына сәйкес 5 сұрақ құрастыруды өтіну
Мыс: 5*1
- Бұл өрнек қалай аталады?
- Қандай амал орындалады?
- Компоненттерін ата
- Қандай қасиетті қолдануға болады
- Соңғы тұжырымды жаса.. т.с.с
Кез-келген санды 0-ге көбейткенде нөл шығады тұжырымына сәйкес 5 сұрақ әзірлеу.
6*0
Неліктен дәлелдеу жасау.
Жаңаны ашу.
Өрнекті оқып мәнін табу.
0 • 6 • 5 8 • 4 • 0
(22 + 13) : 7 • 0 4 • 3 • 0
0 • 24 : 6 2 • (12 – 12) • 8
32 : 4 • 0 6 • 9 • 0
80 : 9 • 0 (13 +14) : 3 • 0
16 : (4 : 2) • 0 0 • 3 • 5
0 • 20 : 5 (24 : 8 – 3) • 3 • 4
(81 : 9) • 0 : 3 9 • 0 • 8
36 : 6 • 0 6 • 2 • 0
Өрнек мәндері қалай табылды, тұжырым жаса.
Бармақпен бағалау
Қайталау
5-тапсырма есеп шартына сәйкес сұрағын қойып шешімін
табады және сызбаға қарай отырып кері есептер құрастырады. орындау.
Смайлктер арқылы бағалау
Нәтижесі 500 шығатын қосылғыштарды белгіле, қосындыны жаз.
282+135+83=500. т.с.с
Рефлексия.
Мұғалім оқушыларға сөйлемдері аяқталмаған үлестірмелі карточка таратады, оқушылар жалғасын жазады:
– Сабақтағы атқарған істегі сіздің мақсатыңыз? …
– Мақсатыңызға жеттіңіз бе? Дәлелдеңіз. ...
– Нөлдің қасиеті туралы не білдіңіз? ...
Кері байланыс алып, сабақты аяқтау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?