Уақыт туралы хабарлама. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 В тарау «Уақыт аралығы туралы түсінік» | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Мерзімі: 2 - тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Сейсембаева С.И. | |||||
Сынып: 2 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Уақыт туралы хабарлама | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2 Сандар мен операциялар 2.1.2.19 Сағат үлгілері бойынша уақытты анықтау және атау: жарты, ширек сағат/минут; ширексіз сағат/минут | |||||
Сабақ мақсаттары | Cағат үлгілерімен уақытты анықтайды, көрсетеді, белгілейді. | |||||
Бағалау критерийлері | толық сағат, жарты сағат, ширек сағат ұғымдарын біледі және түсінеді; сағаттың моделінен (суретінен) толық сағат, жарты сағат, ширек сағат ұғымдарына сай уақыттарды көрсете алады; циферблатта көрсетілген уақытты терминдерді дұрыс қолдана отырып, айта,оқи алады. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Сағатқа байланысты терминдерді үш тілде айтып үйренеді: сағат, минут, секунд. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар уақытты босқа өткізбеу керектігін түсінеді. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Сабақ ғылымға кіріспе, дүниетану, өнер пәндерімен байланысады. | |||||
АКТ | АКТ – да мультфильмдер, суреттер көрсетіледі | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Арифметикалық заңдарды пайдаланып есептер шығарды. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | (Ұ) Оқушылар уақыт өлшемдері туралы жұмбақтар шешеді. Балалар, шеңбер бойымен тұрып, ортадағы балаға заттың атын табуға көмектеседі. «САҒАТ» сөзін ортадағы бала сұрақ қою арқылы табады. Өздерінің қай жылы туғанын, содан бері қанша уақыт өткенін жастарымен байланыстыра отырып, есептейді. |
| ||||
Сабақ ортасы 25 минут | (Ұ,Т) Әр оқушының қолына сағат модельдері қойылады. Бір оқушы уақытты белгілеуші болады. (ОТ/Ж) Оқушылардың күннің негізгі сәттері туралы сұрау. - Сабақ қай уақытта басталады? /Таңертең/ - Түскі мезгіл болатын уақыт? /Түс/ - Ұйықтайтын мезгіл? /Түн/ Осы сәтте сағат нені көрсетіп тұр? Оқушылар циферблаттан уақытты көрсетеді. -Бірінші сабақ сағат қаншада аяқталады? -Түскі асқа сағат қаншада барасың? -Үйге сағат қаншада қайтасың? -Ұйқыға сағат қаншада жатасың? -Таңертең сағат қаншада оянасың? Уақыт бірлігін қайталау. 1 ғасыр = 100жыл 1 жыл = 12 ай 1 тәулік = 24 сағат 1 сағат = 60 минут 1 минут = 60 секунд Дәптермен жұмыс: 1тәул.= 24 сағ. 1 апта = 7 күн 1 жыл = 12 ай 1 ай .= 4 апта 1 ай = 30, 31 күн. Ақпан 28, 29 күн. 1 жыл = 365 күн 366 күн Тақтада орындау 3 жыл .= ... ай 2 апта .= ... күн 3 тәул.= ... сағ 2 жыл.= ... күн 24 ай.= ... жыл 36 ай.= ... жыл 21 күн .= ... апта 24 сағ.= ... тәул. 3. Өрнектердің мәнін тап: 2 сағ. 20мин + 3 сағ. 30 мин = 4 сағ. 40 мин + 3сағ. 30 мин = 1 тәул. 10 сағ + 3тәул. 5 сағ.= 3 тәул. 20 сағ + 5 тәул. 4 сағ.= (Ұ) Ойын: «Бинго» оқушылар уақыт бірліктеріне сәйкес дұрыс тұжырымдарды ғана кестеге жауабын белгілейді. Дұрыс жауаптары сәйкес келетін оқушыға «Бинго» деген сөз айтылады, яғни сен жеңіске жеттің! (Ұ) Ойын: «Иә немесе жоқ» 1.17 +4 = 20 (жоқ)2. 4 - ті 3 рет қосқанда 12( ия)3. Тік бұрыш доғал бұрыштан үлкен. (жоқ)4. 1 сағатта 60 минут бар (ия)5. Сейсенбіден кейін бейсенбі (жоқ)6. 46 – ның 43 тен 3 - еуі артық (ия)7. Дәптердің ұзындығы 21 метр (жоқ)8. 1 айда 4 апта бар (ия)9. 23 ке 5 ті қосқанда 28 (ия)10. Сүйір бұрыш тік бұрыштан үлкен ( жоқ)11. 6 - ны 3 рет қосқанда 18 шығады (ия)12. 1 аптада 6 күн бар (жоқ) (Ұ) Сергіту сәті. (Ө) Оқушылар көбейту және бөлуге сәкес берілген мысалдарды уақытқа орындайды. Қалыптастырушы бағалау | Оқушылардың сағатты қолмен ұстап өзара әрекеттесуіне, олардың әрекетін түсінуге мүмкіндік беру үшін сағат модельдері пайдаланылады. | ||||
Сабақтың соңы 10 минут | Рефлексия. Оқушылар жетістік сатысындағы өз орындарын смайликпен көрсетеді. Өткізе бермей жай ғана,Уақытты жарат пайдаңа.Жиырма төрт сағат – тең уақытБерілген саған, маған да. | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Топпен жұмыс оқушылардың деңгейіне қарай күрделене беріледі. Оқушылардың әр іс-әрекеті бағаланып, мадақтау сөздер мен шапалақтау және смайликтер беру арқылы қолдау көрсетіледі. | Топпен жұмыс кезінде әр оқушының іс-әрекеті сырттай бағаланады. | Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. Сабақта дене қозғалыс жаттығулары орындалады. Сағатпен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелері айтылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?