Уақыт аралығы туралы хабарлама. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 В тарау «Уақыт аралығы туралы түсінік»

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі: 2 - тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Уақыт аралығы туралы хабарлама

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.2.19 Сағат үлгілері бойынша уақытты анықтау және атау: жарты, ширек сағат/минут; ширексіз сағат/минут

 Сабақ мақсаттары

Оқушыларға сағатпен уақытты өлшеп үйрету.

 Жетістік критерийлері

толық сағат, жарты сағат, ширек сағат ұғымдарын біледі және түсінеді;

сағаттың моделінен (суретінен) толық сағат, жарты сағат, ширек сағат ұғымдарына сай уақыттарды көрсете алады;

циферблатта көрсетілген уақытты терминдерді дұрыс қолдана отырып, айта/оқи алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Сағатқа байланысты терминдерді үш тілде айтып үйренеді: сағат, минут, секунд.

 Құндылықтарды дарыту

Оқушылар уақытты босқа өткізбеу керектігін түсінеді.

 Пәнаралық байланыстар

Сабақ ғылымға кіріспе, дүниетану, өнер пәндерімен байланысады.

 АКТ

АКТ – да мультфильмдер, суреттер көрсетіледі

Алдыңғы меңгерілген білім

Арифметикалық заңдарды пайдаланып есептер шығарды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

(Ұ) Оқушылар уақыт өлшемдері туралы жұмбақтар шешеді.

Уақытты өлшеп, санап,Таппайды бір тағат.Бұл не сонда?…

Үш тілі тақылдап,Жаңылмайтын ақылды-ақ.

Жер үстінде бір бәйтерек,Оның бар он екі бұтағы.Әрқайсысында отыз жапырақ,Отызының бір жағы ақ, бір жағы қара.

Өздерінің қай жылы туғанын, содан бері қанша уақыт өткенін жастарымен байланыстыра отырып, есептейді.

Оқушыларға «Уақыт» туралы түсінік алатыны хабарланады.

Оқушыларға кешегі, 1 апта немесе 1 ай, 1 жыл бұрынғы есінде қалған қызықты сәт туралы әңгімелеу ұсынылады.

Сабақ ортасы

50 минут

(МК) (Ұ) Оқушыларға күн сағат, су сағат, құм сағат туралы түсінік беріледі.

Оқушыларға сағат модельдері беріледі. Сағаттың түрлерімен, құрылысымен танысып, зерттейді. Механикалық және электронды сағаттар болатынын біледі.

Сағат қалай жұмыс істейтінін көрсету үшін циферблатты пайдалану. Минут тілі бір айналып шыққанда, сағат тілі бір сағатқа жылжиды. Біз сағат тілін қолмен қозғай отыра не істесек те, шынайы уақыт режимінде сағат тек қана бір бағытта – сағат тілімен жүретіндігін түсіндіру.

(Т) Әр топқа сағаттар қойылады. Бір оқушы уақытты белгілеуші болады.

Тапсырма: 3 минут уақыттың ішінде әр топ оқушылар берілген сандардан әртүрлі таңбалы сандарды құрастыру ұсынылады.

(ОТ) Оқушылардың күннің негізгі сәттері туралы сұрау.

  • Сабақ қай уақытта басталады? /Таңертең/
  • Түскі мезгіл болатын уақыт? /Түс/
  • Ұйықтайтын мезгіл? /Түн/

Осы сәтте сағат нені көрсетіп тұр? Оқушылар циферблаттан уақытты көрсетеді.

  • Бірінші сабақ сағат қаншада аяқталады?
  • Түскі асқа сағат қаншада барасың?
  • Үйге сағат қаншада қайтасың?
  • Ұйқыға сағат қаншада жатасың?
  • Таңертең сағат қаншада оянасың?

(Ұ) Біз минутты қалай, сағаттың бөліктері/ үлестері сияқты сипаттайтынымыз туралы түсіндіру. Сағат тура бір сағатты, сағаттың ширегін, жартысын, ширексіз сағатты көрсеткенде минут тілі қай жерде тұратынын көрсету. Сағаттағы минут мөлшерін талқылау.

1 сағатта 60 минут бар.

1 минутта 60 секунд бар.

(Қ) Оқушыларға тапсырма айтылады және олар уақытты көрсетеді.

  • Уақыт 12 болғанын көрсетіңдер;
  • Уақыт 12 –ден 5 минут кетті;
  • Уақыт 13 болды;
  • Уақыт 13-тен 10 минут кетті. т.с.с

(Ұ) Ойын: оқушылардың әрбір 10-ыншы қадамды санай отырып, және сонымен бір мезгілде минут тілі қалай қозғалатынын бақылай отырып, 60-қа дейін санауын сұрау. Әрбір 5-інші қадамды санай отыра қайталау.

(Ұ) Сергіту сәті.

(Ө) Оқушыларға дөңгелекті айналдырып сызуға тапсырма беріледі. Затты айналдырып сызып, өздерінің суретін салуы және белгі жасауы, содан кейін күннің маңызды оқиғалары кезінде сағат тілі қай жерде болатынын көрсетуі ұсынылады.

(Ұ) Ойын «Кім жылдам?» Оқушылардың алдына 1 минуттық құм сағат қойылады. Осы уақыттың ішінде көбейту, бөлу амалдарына сәйкес мысалдарды шығару ұсынылады. Уақытқа сәйкес және қатесіз орындаған оқушыға сыйлық беріледі.

(Ө) Оқушылар өздерінің күн тәртібін құрастырады.

(Ұ) Оқушылардан олардың отбасы үшін неғұрлым маңызды болып табылатын уақыт туралы сұрау. (жұмыстың басталуы/аяқталуы, сүйікті телевизиялық бағдарламалар көру т.б.)

(Ұ) Оқушылар уақыт өлшемі туралы мультфильм көреді.

Су сағаттар мен күн сағаттардың суреттері, құм сағат.

Оқушылардың сағатты қолмен ұстап өзара әрекеттесуіне, олардың әрекетін түсінуге мүмкіндік беру үшін шын сағаттар пайдаланылады.

http://russia.tv/video/show/brand_id/5108/episode_id/981235/video_id/991020/

https://www.youtube.com/watch?v=kpeEXhpehg8

Сабақтың соңы

10 минут

Рефлексия. Оқушылар жетістік сатысындағы өз орындарын смайликпен көрсетеді.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топпен жұмыс оқушылардың деңгейіне қарай күрделене беріледі.

Оқушылардың әр іс-әрекеті бағаланып, мадақтау сөздер мен шапалақтау және смайликтер беру арқылы қолдау көрсетіледі.

Топпен жұмыс кезінде әр оқушының іс-әрекеті сырттай бағаланады.

Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды.

Сабақта дене қозғалыс жаттығулары орындалады. Сағатпен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелері айтылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу