Көбейтуді көрнекі түрде көрсету. Математика, 2 сынып, қосымша материал.


Қалыптастырушы бағалау

Математика

2 тоқсан

2 А тарау «Көбейту және бөлу амалдарымен танысу»

Тақырыбы: Көбейтуді көрнекі түрде көрсету

ОБ сілтеме

Оқу мақсаты

Бағалауға арналған ұсыныс

Сандар мен операциялар

СО 2.1.2.11 Көбейтуді бірдей қосылғаштарды қосу деп түсіну

Оқушылармен қосу және көбейту амалдарының арасындағы байланыс туралы ой бөлісіңіз. Оларға бірдей қосылғыштардың қосындысы түрінде және көбейту амалымен берілген өрнектер (мысалы, 3∙3 = 9 және 3+3+3= 9 = 9 түріндегі) жазылған карточкалар таратып беріп, тең өрнектерді сәйкестендіруді өтініңіз. Қабілеті жоғарылау оқушыларға бірдей қосылғыштардың қосындысын көбейтумен алмастыруға немесе, керісінше, көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысымен алмастыруға арналған тапсырмалар беруге болады. Оқушылардың көбейту мен қосу амалдарының байланысы туралы түсінігін бағалаңыз.

Тапсырма 1.

Дәптердің торкөзіне фигуралар сызу арқылы көбейту- ді бірдей қосылғыштарды қосу арқылы көрсетіңіз.

Тапсырма 2.

Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысымен немесе бірдей қосылғыштардың қосындысын көбейтумен алмастыра отырып, есептеңіз.

Дағдылар

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Қолдану

көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысымен немесе бірдей қосылғыштардың қосындысын көбейтумен алмастыра отырып, есептеулерді дұрыс орындай алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу