45±9; 36±18; 127±9 түрінде ауызша қосу және азайтуды орындау. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Сабақ: Математика 1В бөлім – Сандармен әрекеттер. Есептер Күні: 1 тоқсан
| ФМБ-ғы Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқан оқушылар: Қатыспағаны: | |||||||
Сабақтың тақырыбы: | 45±9; 36±18; 127±9 түрінде ауызша қосу және азайтуды орындау | |||||||
Оқу мақсаттары | 2.1.2.7 45±9, 45±19/26+14, 40-14/65+35, 100-35 тәрізді жағдайларда ондықтарға ауыстырумен сандарды ауызша қосу мен азайтуды орындау | |||||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар ондықтарға ауыстырумен қосу мен азайтуды орындайды; қосу мен азайтуға мысалдар келтіреді; қосу мен азайтуға байланысты есептер құрастырады. | |||||||
Бағалау критерийлері:
| Екі таңбалы сандарды ондықтарға ауыстырумен ауызша қосу мен азайтуды орындай алады. | |||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәндік сөздік және терминология: 1-100-ге дейінгі сандар атауларын,разрядтық атауларын пайдаланады. | |||||||
Құндылықтардыдарыту | Еңбек және шығармашылық | |||||||
Пәнаралықбайланыстар | АКТ пәнімен байланысты Дене шынықтыру жаттығуларын кіріктіру Дүниетану пәнімен байланысты | |||||||
Алдыңғы меңгерілген білім: | 45+19 түріндегі өрнектерді ондықтан аттап қосу | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Белгіленген уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Дереккөздер | ||||||
Сабақтың басы 5 минут | «Ертеңгілік шеңбер»Қайырлы таң! Қайырлы күн, көздерім! Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды).Қайырлы күн, құлақтарым! Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды).Қайырлы күн, қолдарым! Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды).Қайырлы күн, аяқтарым! Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу).Қайырлы күн, мұғалім! Мен ояндым!. (Күлімсіреп, мұғалімге қолдарын созады) (Ұ) «Жұбыңды тап» ойыны Оқушыларға қима өрнектер мен олардың мәндері жазылған қима қағаздар таратылады. Өрнекті шығарып, мәнін табу ұсынылады. -Балалар, өз жұптарыңды қалай таптыңдар? -Енді екі топқа бөліне қойыңдар. -Қандай екі топқа бөліндіңдер? -Бұл өрнектердің элементтері неше таңбалы сандар? -Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ? Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. -Қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабақтың соңында қандай жетістіктерге қол жеткізуіміз керек? /оқушылардың жауаптарын тыңдап, тақтаға жазу/ | Интерактивті тақта Карточкалар: қима өрнектер мен сандар | ||||||
Сабақтың ортасы 7 минут 7 минут 7 минут 3 минут 6 минут | (МК, Ұ) Сандарды талдау Оқушыларға әртүрлі екі таңбалы сандар көрсетіледі. Мысалы:26 14 40 1/Сандарды салыстыру: ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау; /Бәрі де екі таңбалы сандар, бәрі де жұп сандар, біреуі дөңгелек сан/толық ондық/ 2/Сандарды разрядтарға, разрядтық қосылғыштарға жіктеу; 2 онд. 6 бірл. 20 + 6 1 онд. 4 бірл. 10 + 4 4 онд. 0 бірл. 40 + 0 3/Өрнектер құрастыру -Бұл сандардың қандай өзара байланысы бар? 26 +14 =40 14 + 26 = 40 40 - 26 = 14 40 – 14 = 26 4/Қосу мен азайту алгоритмін қайталау /ауызша/ (МК, Т,Қ) Тапсырма: сызба бойынша есеп құрастыру. Есеп құру мүмкіндігі топ мүшелерінің еркіне беріледі.Оқушылар топта отырып, сызба бойынша есептің қысқаша шартын құрастырады. Шешу жолын анықтап, жауабын жазады. Дискрипторлар: *Есептің шартын жазу *Сұрағын анықтау *Шешуін шығару *Жауабын жазу Тапсырманы орындап болған соң есептер талданып, өзара тексеру және өзара бағалау өткізіледі. (Ж,Қ) «Қала аттарын тап» ойыны. Оқушыларға үлестірмелі парақшалар таратылады. Оқушылар жұпта ақылдаса отырып, сан мен қала аттарын сәйкестендіреді. Нәтижесінде НЗМ бар Қазақстанның қала аттары шығады. Тапсырма орындалған соң, жұптар парақшаларымен ауысады, жалпылама тексеру жұмысы өткізіледі.Жұптар бір-бірін смайликтер арқылы бағалайды. 45-19 Талдықорған 63-15 Алматы 68-37 Астана 53-16 Шымкент 71-36 Қызылорда 44-19 Көкшетау Сергіту сәті : «Қара жорға» (Ө,Қ) «Жануардың көңілді түскі асы» Тапсырма: Айырмалардың мәнін тауып, жануарларды олардың қректенетін тағамдарымен сәйкестендір. Мақсаты: Ауызша қосу және азайтуды орындау.
| Интерактивті тақта Үлестірмелі парақтар Карточкалар, интерактивті тақта «Қара жорға» видеосергіту үлестірмелі парақтар | ||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Қорытынды: Сұрақ жауап арқылы екі таңбалы сандарды қосу мен азайтудың алгоритмдерін қайталау. Рефлексия: «Бес саусақ» әдісі арқылы 1-Мен ..... түсіндім. 2-Мен .... істей аламын. 3-Маған ..... жеңіл болды. 4-Маған ...... қиын болды. 5-Мен өзімді ...... сезінемін. Өзін-өзі бағалау: «Шапалақтау» арқылы оқушылар өздерінің орындарын анықтап, көрсетеді. | Бес саусақ қима қағаздары Шапалақтау | ||||||
Қосымша ақпарат. | ||||||||
Дифференциация – оқушыларғакөбірекқолдаукөрсетудіқалайжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
| Бес саусақ және өздік жұмыс арқылы бағалаймын |
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?