Ауаның ластануы (1,2-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Күні:

Сынып: 4 С

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ауаның ластануы (1,2-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.3.1 тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/ сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/ кесте толтыру/ кластер құрастыру

4.3.2.1 бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: тыңдаған материалдың мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап береді, сөйлемді толықтырады, кластер құрастырады, бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі кейбір ақпаратты түсінеді.

Көптеген оқушылар: тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, сөйлемді толықтырады, кластер құрастырады, бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсінеді.

Кейбір оқушылар: тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға толық жауап береді, сөйлемді толықтырады, кластер құрастырады, бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтінді толық түсінеді.

Бағалау критерийлері

Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, сөйлемдерді толықтырады.

Шағын мәтіндегі негізгі ақпаратты түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Лас, ластау, ауа, түтін, тұмша, тыныс алу, зиян, өнеркәсіп, даму, қышқылды жаңбыр

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Орманның пайдасы жайлы айта алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Шаттық шеңбері». Оқушылар бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Сабақтың ортасы

7 мин

10 мин

3 мин

7 мин

5 мин

5 мин

7 мин

10 мин

3 мин

10 мин

3 мин

(МК) «Болжап көр!» Оқушылар берілген суреттерге қарап, сабақтың тақырыбын болжайды. Тақырыпқа қатысты сөздерді ортаға салып, жаңа сөздермен бөліседі.

(МК,Ө) Бейнематериалмен жұмыс. Оқушылар бейнематериалды көріп, түсінген ақпаратын қысқаша жазып отырады. Жазғандарымен бөлісіп, толықтырады. Тапсырманың мақсаты – оқушылар ауаның ластануы туралы ақпарат алып, тыңдалым дағдысын қалыптастырады.

Кері байланыс. «Аяқталмаған сөйлем» арқылы кері байланыс жасайды.

Бұл тапсырмада .................... маңызды болды.

(Ө) «Тыңда, жаз». Оқушылар бейнематериалды екінші рет тыңдай отырып, сөйлемдерді толықтырады.

Ауа ластануының негізгі себептеріне ...................... жатады.

Газдар ....................... әсер етеді.

Қышқылды жаңбырлар ...................... ластап, балықтарға зиян келтіреді.

Қышқылды жаңбыр өсімдіктер мен .................... жауып, жапырақтарға зиян келтіреді.

Дифференциация. Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар тыңдалым мәтін бойынша қосымша ақпарат жазады.

Кері байланыс. «Полюстер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

  • Мен бейнематериалды түсіндім.

Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлемдер» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

Мен бүгін.............

Маған бүгін..............

(МК) «Сөз сыры». Оқушылар берілген сөздерге қарап, мәтіннің мазмұнын болжайды. Жаңа сөздердің мағынасын ашады. Сөздермен сөйлем/ мәтін құрастырып көреді.

  • мәселе
  • себеп
  • салдар
  • құбылыс
  • жойылу
  • зиян тигізу
  • ауруға ұшырау

(Ө) «Оқы, біл». Оқушылар мәтінді оқып, берілген кестені толтырады.

Тапсырманың мақсаты – оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстырып, оқылым дағдысын дамыту.

Ірі қалалар мен өнеркәсіптің дамуы ауаның ластануы сияқты мәселелерге әкелді. Ауаның ластануының себептері – түрлі зауыттар мен фабрикалардың, көлік түтінінің ауаға тарауы. Ауаның ластануы қышқылды жаңбыр, тұмша секілді зиянды құбылыстарды тудырады.

Қышқылды жаңбыр өсімдіктер мен ағаштарға, өзендер мен көлдерге зиянын тигізеді. Соның салдарынан өсімдіктер мен жануарлар әлемі жойылады.

Көлік газдарынан қалалардың үстінде тұмшалар пайда болады. Бұл тұмшалар адамдардың денсаулығына үлкен зиян тигізеді. Таза ауамен тыныс алмаған адамдар түрлі ауруларға ұшырайды.

Ауаның ластануы

Себептері

Салдары

Дескриптор:

  • мәтін бойынша ластанудың себептерін анықтайды;
  • мәтін бойынша ластанудың салдарын жазады.

Кері байланыс. «Кубик» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

Жасыл түс – жеңіл болды

Сары түс – сұрақтарым бар

Қызыл түс – қиын болды.

(Ж) «Сұрақтар мен жауаптар». Оқушылар берілген сұрау есімдіктерін қолданып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.

Тапсырманың мақсаты – мәтін мазмұнын қаншалықты меңгергенін анықтап, мәтінге сұрақ қоя білу дағдысын қалыптастыру.

Жұпта жұмыс жасау арқылы оқушылардың бір-біріне деген құрмет, ынтымақтастық сезімдері қалыптасады.

  • қандай?
  • не?
  • не болады?

Дескриптор:

  • сұрақты дұрыс құрастырады;
  • сұраққа дұрыс жауап береді.

Кері байланыс. Оқушылар тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

- жеңіл болды

- қиын болды

Сабақтың соңы

7 мин

«Балдық көрсеткіш» арқылы өзінің сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

1 5 10

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу