Ауаның ластануы (4-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Күні:

Сынып: 4 С

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ауаның ластануы (4-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.5.1.3 өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/ жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіннен етістіктің рай формаларын ауызша, жазбаша тілде қолданады.

Көптеген оқушылар: өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің рай формаларын ауызша, жазбаша тілде қолданады.

Кейбір оқушылар: өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің рай формаларын ауызша, жазбаша тілде еркін қолданады.

Бағалау критерийлері

Сөйлеу және жазу барысында етістіктің рай формасын қолданады.

Тілдік мақсаттар

Лас, ластау, ауа, түтін, тұмша, тыныс алу, зиян, өнеркәсіп, даму, қышқылды жаңбыр

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Шартты райлы сөйлемдер құрастыра алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Қадамдар» ойыны. Оқушылар ластану тақырыбында шартты райлы сөйлемдер айтып, қадамдар жасайды. Бір сөйлем – бір қадам.

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Сабақтың ортасы

7 мин

10 мин

3 мин

10 мин

(Ұ) «Адасқан сөздер». Оқушылар орны ауысып келген сөздерді жинақтап, сөйлемдерді дұрыс құрастырып айтады.

Тапсырманың мақсаты – сөйлем құрылысына назар аударту.

Көлік / түтіні / ауаға / тараса, / ауа / ластанады.

Егер / біз / ауаны / ластауды / тоқтатпасақ, / болашақта / бүкіл / әлемге / қауіп / төнеді.

Қышқылды /жаңбыр /жауса, / топыраққа, / ағаштарға / зиян / келеді.

Қалалардың / үстінде / тұмшалар / пайда болса, / адамның / тыныс алуы / қиындайды.

(Т) «Карусель» ойыны. Оқушылар өздерінің заттары арқылы 3 топқа бөлінеді. Әр топ бір тапсырмадан келесі тапсырмаға ауысып отырады. Тапсырманы орындау уақыты белгіленеді. Тапсырма бойынша оқушылар берілген сөйлемдерді мазмұны бойынша 2-3 сөйлеммен жалғастыруы керек.

Тапсырманың мақсаты – оқушылардың жазылым дағдысын қалыптастыру, топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне деген құрмет сезіміне баулу.

  • Ауаның ластануы – қазіргі уақытта үлкен мәселе. Ауаның ластануын тоқтатпаса, .....................
  • Ауаның ластануы қышқылды жаңбырларды тудырады. Қышқылды жаңбырлар жерге көп жауса, .........................
  • Ауаның ластануынан тұмшалар пайда болады. Тұмшалар пайда болса, ....................................

Бағалау критерийлері:

  • ойды дұрыс жалғастырып жазды;
  • сөйлемдерді дұрыс құрастырды.

Кері байланыс. «Кубик» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

Жасыл түс – жеңіл болды

Сары түс – сұрақтарым бар

Қызыл түс – қиын болды.

(Ө) «Ойлан, жаз» оқушылар мәтінді аяқтап жазады. Шартты райлы сөйлемдерді қолданады.

Мақсаты: оқушылардың жазылым дағдысын қалыптастыру.

Ауаның ластануы – қазіргі уақытта үлкен мәселе. Зауыт, фабрикалардың және көлік түтінінің ауаға тарауы – ауа ластануының басты себептері. Бұл мәселені қазірден қолға алмасақ, ...........................

Дескриптор:

  • мәтінді дұрыс жалғастырады;
  • сөйлем құрылысын сақтайды;
  • шартты райлы сөйлемдерді қолданады;
  • бас әріп пен тыныс белгісін қолданады;
  • сөздерді лексика-грамматикалық нормаларға сай жазады.

Сабақтың соңы

3 мин

«Балдық көрсеткіш» арқылы өзінің сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

1 5 10

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу