Жаз. Жаз келбеті. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
4-сынып
5-бөлім. Табиғат құбылыстары
5-сабақ. Жаз. Жаз келбеті
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым дағдысы дамытылып, тыңдалым материалы бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру, жаңа сөздер мен фразалардың мағынасын мәтіннің мазмұнына қатысты түсіне білуге үйрету көзделеді. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, жаңа сөздерді орынды қолдану дағдылары бағаланады. Сондай-ақ оқушылар негізгі лексикалық минимуммен қатар бірнеше пассив сөздердің мағынасын меңгеріп, қолданады.
Грамматикалық минимум ретінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, сөз тіркестерін құру қарастырылады. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тиісті тыныс белгісін сөйлемде орынды қолдануы қадағаланады.
Барлығы: жаңа сөздер мен фразалардың мағынасын мәтіннің мазмұнына қатысты түсінеді; сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тиісті тыныс белгісін сөйлемде орынды қолданады.
Көпшілігі: жаз мезгіліндегі табиғи құбылыстарды сипаттайды.
Кейбірі: жаз мезгілінің ерекшеліктерін айтады.
Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)
Ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар санына қарай көбейтіп алыңыз.
Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:
Сабақ барысында «Суреттер сөйлейді» стратегиясын қолдана отырып, сабақтың тақырыбы анықталады. Сабақтың мақсаттарын оқушыға түсінікті тілмен айтып кетіңіз, сабақ барысында қажетінше естеріне салып отырыңыз.
Тыңдалым тапсырмасын орындау барысында оқушылар мәтінді екі рет мұқият тыңдайды, мәтінді тыңдап отырып таныс емес сөздерді жазып алады. Бірін-бірі оқыту арқылы білетін оқушылар сыныптастарының білмейтін сөздеріне түсінік береді.
Тыңдалған материалдың мазмұны бойынша оқушылар тапсырмалар орындайды: сөйлемдерді қажетті сөздерді қойып толықтырады; берілген сөйлемдердегі қарамен белгіленген сөздердің орнына бірыңғай мүше болатын сөздерді қолданып, сөйлемдерді толықтырып, бірыңғай мүшелерінің арасына тиісті тыныс белгілерін қойып жазады.
Мұғалім сыныпты аралап, оқушылардың жұмыстарын қадағалайды.
Үйге «Менің жазғы демалысым» тақырыбында әңгіме құрастыру тапсырылады.
Үй тапсырмасын міндетті түрде түсіндіріңіз. Сабақ соңында сабаққа рефлексия жасатыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру